СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің арманым"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің арманым кез келген адамдарға септігін тигізеді

Просмотр содержимого документа
«"Менің арманым"»

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің

Бастауыш білім беру мамандығының

IV курс студенті

Теңгелбаева Жанарсұлу

Менің арманым

Әр адам балалық шағынан бастап, өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Кішкентай Жанарсұлудың арманын да шек болмады. Мен үшін арман орындалмайтын биік, жеткізбейтін сағым сияқты көрінетін. Алайда, арманың өміріңнің бір бөлшегіне айналатынын кім білген?

Әрбір адамның жан дүниесінде тамыр жайған армандары болады. Арман ешқашан таусылмайды. Бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші, үшінші арман жалғаса береді. Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да, тірлік те жоқ.

Мектепте оқып жүрген кезімізде үлкендерден: «Есейгенде кім боласың?», «Қандай армандарың бар?», «Ата-анаңның үмітін ақтау үшін не істейсің?», деген сұрақтарды жиі естейтінбіз.

Бала кезімде теледидардағы тілшілердің сөйлеу мәнерлеріне қарап журналист болуды қалайтынмын. Бір жағынан, әкем өнерге жақын болғандықтан, әнші болғым да келетін. Көптеген сайыстарда бағымды сынап, хор үйірмелеріне қатысқан болатынмын.

Сөйтіп, мектепте алғашқы ұстазыма қарап қатты қызығатынмын. Оның жүрген жүрісі, сөйлеген сөзі адамды баурамай қоймайтын. Үйге келген соң, қуыршақтарымды жинап, отырғызып қойып, апайым сияқты өзім сабақ өтетінмін. Ұстаз – армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі екен ғой. Оған дәлел өзім десем де болады. Менің ең басты арманым – мұғалім болу еді. Бұл мамандықты таңдауыма аяулы Алия ұстазымның бойынан табылатын адалдық, сүйіспеншілік, қарапайымдылық, кішіпейілділік қасиеттер түрткі болды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Білім-ғылымды шәкірт санасына сіңірудегі, оның еңбек жолы ұстаздық мамандыққа деген көзқарасымды қалыптастырды.

Арман – адамды алға жетелегіш күш. Міне, сондай күштің арқасында өзім армандаған мамандығымды оқып жатырмын. Мен болашақта өз ісімнің маманы болатыныма сенімдімін, өйткені адам шын жүректен қалаған нәрсесін жүзеге асырады.

Адам өмірі – түрлі таңдау жасалатын кезеңге толы. Әсіресе, адамның болашағына әсер ететін таңдаулар арасында ең маңыздысы – адамның мамандық таңдауы болып табылады. Өмірде мамандық таңдаудан және жар таңдаудан қателеспеу керек. Ал, мен мамандық таңдаудан қателеспегеніме сенімдімін. Менің мамандығым әлемге керек мамандық. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ақын М. Мақатаев «Арманда ұлым» атты өлеңінде:

«Арманда ұлым!

Кім боласың? Қандай өмір сүресің?

Ол өзіңнің үлесің.

Ақылымды тыңда мейлің, тыңдама

Тілегім бар бір ғана.

Шығып ал да арманыңның шыңына,

Сосын мейлі ұшып өл де сырғана», - деп арман жайлы жырлаған.

Менің арманым – менің мамандығым!

Әрине, мұнымен арманым біткен жоқ. Арманымды жаза берсем қаламым таусылып, ақ қағаздың бітетіні анық. Бірақ, бұл арманымды жазбасам, көңілім толмайтындай болып көрінеді. Ол әрине, қатанттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, жарық дүниеге әкелген ата-анамның разылығын алу, аман болуын, бақытты, ұзақ ғұмыр сүруін армандаймын. Сонымен бірге, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, білмегенімді үйретіп, арманыма жетуіме ат салысып жатқан аяулы ұстаздарымның үміттерін ақтау. Сонымен қатар, қыз баланың ең басты арманы – аяулы жар, ибалы келін, ардақты ана атану деп ойлаймын. Алланың қалауымен бұл арманға жетемін деген ойдамын.

Расында, арманың көп болған сайын, өмірге құштарлығын да артады. Көп жетістіктерді қалайсың. Өмірде өз орныңды табу үшін үлкен арман мен мақсат керек. Әр адам армандай білу қажет. Армандар орындалады – мақсатың айқын болса. Алдыңызға нақты мақсат қоя біліңіз. Арманға жету жолында небір тәуекелдерге баруға тура келеді. Арманың жай ғана орындалмайтын арман болып қалуына жол бермеңіз. Мойымаңыз, тек алға қарай ұмытылыңыз. Сөз соңында:

Бұл күндер өтеді, кетеді,

Бір адам арманға жетеді.

Ал, біреу арманға жете алмай,

Өмірден олжасыз өтеді.

Маған да қиын күн кеп еді,

Ешбірі қолдаймын демеді.

Биікке шығамын көресің,

Кезінде тастаған кемеңі.

Сол кезде қайтадан келмеңдер,

Сайқалдық сезімді бермеңдер.

Арманға жалғыз мен барамын,

Артымнан топырлап ермеңдер» , - деп аяқтағым келеді.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!