СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің атым - Қожа

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ жоспары 5- сынып қазақ әдебиеті пәніне арналған (жаңартылған бағдарлама бойынша)

Просмотр содержимого документа
«Менің атым - Қожа»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 06.02.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Бакытгуль Жасылхановна

Сынып: 5 « б»


Сабақтың тақырыбы

Менің атым - Қожа

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т/А1.Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

5.Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру (5.Т/А6.).

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады : Одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады. Берілген иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырып аясында коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді дауыс ырғақтары арқылы қолданып, өз пікірін білдіреді

.Кейбір оқушылар орындай алады: Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы оқшау сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысады, өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • Тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды;

  • Мәтіндегі негізгі ой бойынша өз пікірін білдіреді;

  • Эмоционалды сөздерді дұрыс қолданады;

  • қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады;

  • Тез және орынды жауап беру арқылы диалогке түседі;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады :

Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасау;.Қаратпа , қыстырма, одағай сөздерді ажырата алу;

Пән лексикасы және терминология: қаратпа, қыстырма, одағай , пікір, дауыс ырғағы, диалог,кеңес, шешім т.б

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестері : «ПОПС» формуласы, күн тәртібі, тәртіпті оқушы, жабық кеңесі, шешім қабылдау;

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қожа не себепті атақты, танымал тұлғаға айналғысы келеді?

Ол батыр болуды армандағанда тек қана атын шығаруды мақсат ете ме ?

Оқу дағдысы

Білу, түсіну,қолдану

Құндылықтар

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы:

Азаматтық жауапкершілік ; өмір бойы білім алу;

Пәнаралық байланыс

Әдебиет,өзін – өзі тану

Осыған дейін меңгерілген білім

“ Менің атым - Қожа” шығармасының мазмұнын біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Пазл арқылы топқа бөлу


Әр топта топ басшылары сайланады.

Өзара бағалау парақшалары беріледі

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Білу,түсіну, қолдану

Ширату жаттығуы

С.Оқушылар шеңбер болып тұрады «Өз-есімің ұнай ма?» оқушылар өз есімдерін айтып , ұнайтыны не ұнамайтыны жөнінде айтып өтеді

Тыңдалымалды тапсырма. «Болжау» (әдісі)

1.Тапсырма. Әр топ берілген иллюстрациялар мен тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды.

Дескриптор :

иллюстрациялар мен тірек сөздердің мағынасын дұрыс қолданады

Қолпаштау, мадақтау.

Топтық бағалау.

2.Тыңдалым тапсырмасы.

ТЖ

Оқушылар болжамынан соң, бейнежазбадан мәтін тыңдату

Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, эмоционалды сөздерді түртіп алыңдар.

«Түртіп ал» әдісі арқылы тапсырманы орындап, өз пікірлерін білдіреді.

1-топ

2-топ

3-топ

Қаратпа

Одағай

Қыстырма

Қаратпа сөздер

ді қатыстырып, өз пікірін білдіру

Одағай сөздерді қатыстыра отырып өзара диалог құрастыру

Қыстырма сөздерді ескере отырып кейіпкерге мінездеме беру.

(Меніңше...

Біріншіден...

Мүмкін...)

Дескриптор

Сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;

Тақырыпқа қатысты оқшау сөздерді орынды қолданады

Өзара бағалау.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

ЖЖ. Пікірталас әткеншегі .

Проблемалық сұрақтар

Қожа не себепті атақты, танымал тұлғаға айналғысы келеді?

Ол батыр болуды армандағанда тек қана атын шығаруды мақсат ете ме ?

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы екі шеңбер жасап тұрып (бір-біріне бетпебет, бірі сыртқы, бірі ішкі шеңберде), пікірталас əткеншегін құрады. Бір-біріне қарамақарсы тұрған жұптар бір минут бойы берілген сұрақты талқылайды. Мұғалім жұптардың ауысуын сұрап белгі береді (шапалақпен). Аяқталғаннан кейін сыртқы шеңбер мұғалім «тоқта» дегенше солға қарай жылжиды. Осылайша жаңа жұп қалыптасады. Жаңа сыныптасымен əңгіме бастамас бұрын, ол алдыңғы сыныптасымен не туралы əңгімелескенін қысқаша түйіндейді, сол арқылы өзінің мұқият тыңдағанын көрсетеді. Аяқтаған соң сыртқы шеңбер тағы да солға жылжып, жаңа жұппен жаңа əңгіме бастамас бұрын, алдыңғы екі сыныптасымен не туралы сөйлескенін əңгімелеп беруі тиіс

Дескриптор :

Берілген сұрақ бойынша талқылып, өз пікірлерін білдіреді

Қолпаштау, мадақтау

Иллюстрация

лық сөздер мен тірек сөздер





























Сабақтың соңы



Кері байланыс: «3 – 2 – 1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат.Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті.Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.



Үй тапсырмасы (деңгейлік)

1. Өзіне ұнаған эпизод бойынша сурет салу 2. Өз армандарымен бөлісіп Қожаға хат жазу.

3. «Менің қиялымдағы болашақтың мектебі» тақырыбында эссе