СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің бай өлкем

Нажмите, чтобы узнать подробности

Занятие про Родину. В занятие пословицы , загадки, стихи.

Просмотр содержимого документа
«Менің бай өлкем»

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

(№5«Почемучки» ересек тобы)

Қазақ тілі мұғалімі: А.Т:Абдульманова

25.01.2019ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Тарау: Қазақ тілі

Тақырып: «Менің өлкем – барлық бастамалардың бастамасы»

Мақсаты: Балаларды туған өлкеміздің байлығымен таныстыру.

Білімділік: Қазақстанның байлықтары туралы бейне материалды көрсете отырып, білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал- мәтел, тақпақтарға деген қызығушылығын арттырып, өй- өрісін, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: Өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліміздің байлығын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: Отан-Родина, туған өлке- родной край, бай- богатый, ел- страна, жер- земля,үлкен- большой, макта- вата, күріш- рис, алтын- золото, көмір- уголь

Сөздік жұмысы: геометрическая фигура.

Алдын-ала жұмыс: Слайд бойынша «Отан», «Туған өлке» туралы әңгімелеу

Жабдықтар: Қазақстанның байлықтары туралы бейне материал, Қазақстан картасы, тақырыптық суреттер, слайд, суретті мақал- мәтелдер, сызбалар, жұлдызшалар.

Қызметтің

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мақсатты түрткі

болғыш



Шаттық шеңбері:


  • Балалар,мына күннің шуақтары жоқ екен, сендер маған күннің шуақтарын табуға көмектесесіңдер ме?

Олай болса, тапсырмаларды орындау қажет.

Әр дұрыс жауапқа күн шуағы ілінеді.



  • Сонымен Отан деген не?

Тақпақ: Отан деген атамекен.

Отан деген туған жер.

Отан- ана, отан үлкен,

Қазақстан- туған жер.

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Шаттық шеңбері:

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын қонақтарға сыйлайық.



Балалар хормен айтады.

Іздестіру-ұйымдастыру

Ұйымдастыру кезеңі:

1- тапсырма: Слайд бойынша Қазақстан туралы әңгімелеу.

  • Біздің Отанымыз?

  • Елбасы кім?

  • Елорда қай қала?

  • Астана қандай қала?

Мұғалім: -Дұрыс күннің бір шуағын таптық.



2- тапсырма: Қазақстан рәміздері туралы

  • Қазақстан рәміздерін ата.

  • Тудың түсі қандай?

  • Туда не бейнеленген?

  • Елтаңбада не бейнеленген?

  • Мемлекеттік тіл қай тіл?

  • Рәміздер туралы кім тақпақ біледі?

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Уықтарды құрамыз

Айналамыз , айналамыз,

Киіз үйді құрамыз.



3- тапсырма: мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Сызба бойынша мақал- мәтелдерді айту.



Ойын: «Шаңырақ»

Тақпақ:

Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.

4- тапсырма: Сурет бойынша Қазақстанның табиғаты туралы әңгімелеу.

Мәтін: Қазақстанның көптеген қалалары бар.Олар: Астана, Көкшетау, Алматы, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Шымкент т.б.

Табиғаты өте әдемі. Өзен, көллдер, таулар, ормандар бар. Алуан түрлі аңдар, құстар мекендейді. Табиғи қазбалар бар. Бай өлке.


5- тапсырма: Балаларға көмір, бидай, алма, мұнай, күріш, мақта суреттерін картадағы қалалардың тұстарына орналастыру.

Шымкентте- мақта,

Қызылордада- күріш,

Ақтауда- мұнай,

Қарағандыда- көмір,

Көкшетауда-бидай,

Алматыда- алма.

6- тапсырма

- Қазақстан қалаларын атаңдар ?
- Астана , Алматы , Көкшетау , Қарағанды , Семей ,Өскемен , Ақтау , Атырау ,Орал т.б
- Мыс , жез , түсті металдар шығатын қаланы ата?
- Жезқазған.
- Алтын шығатын қала ?
- Көкшетау.
- Тас көмір өндіретін қалалар ?
- Қарағанды , Екібастұз.

Сергіту сәті : балалар , енді бойымызды сергітіп алайық. « қатты ,сұйық газ тектес » ойынның шарты : мен « қатты » дегенде шеңбер жасап тұрамыз , « сұйық » дегенде ағып жатқан өзен сияқты қимыл – қозғалыс жасаймыз , « газ , тектес » дегенде жан –жаққа қашамыз 

Балалар слайд бойынша сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап береді.




Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелейді.






Қызыға қимылды жасайды.


Сызба бойынша мақал- мәтелдерді айтады.



Ойынды қызыға ойнайды.

Балалар хормен, жеке өлеңді мәнерлеп айтады.







Суретке назар аударып, тыңдайды.







Хормен қайталайды.









Сұрақтарға белсенді жауап айтады.









Сергіту сәтін қызыға жасайды.

Рефлексті-дәлелдеу

- Қазақстан несімен бай?

  • Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?

Қорытынды: Белсенді қатысқан балалардың еңбектерін бағалап, жұлдызша беру

Бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді .
- Еліміз тыныш болсын !
- Аспанымыз ашық болсын !
- Жеріміз бай болсын!
- Дастарханымыз бай болсын !
- Отанымыз жайнай берсін ! 


Күтілетін нәтіже:

Нені біледі: Қазақстанның байлықтарын.

Қандай түсініктерді игерді: байлықты қадірлей , қорғай білуді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз туған жерінің байлығы туралы әңгімелей , сөйлем құрастыра білуі.









Өткізген орны: №3 «Ертөстік » бала бақшасы

Өткізген: қазақ тілі мұғалімі А.Т.Абдульманова

Өткізген күні: 14.12.2017


«Елімнің бақытың тербеткен,Тәуелсіздік!» тақпақтар сайысы
Сайыстың мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдер - мақалдар, билер, ойындар арқылы өтілетін сайыстың мәнін жеткілікті меңгерту. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Р мемлекеттік рәміздері, мультимедиялық тақта, слайд шоу, шарлар, жалаушалар, музыкалық аппаратура, музыкалық аспаптар, тіл тақырыбына байланысты қанатты сөздер.
Әдісі: Сайыс түрінде.
Жүру барысы:
Салтанатты әуен ойналады.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ма, құрметті көрермендер! «Елімнің бақытың тербеткен,Тәуелсіздік!» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Осындай мақсатпен біздің балабақша ішіндегі топтардың арасына «Өз Отаным туралы ән айтамын» атты сайысы ұйымдастырылып отыр. Қазір алдарыңызға осы сайысқа қатынасатын әр топтың тәрбиеленушісін қол соғып қошеметпен қарсы алайық.

(әуенмен сайыскерлер өз орындарына келіп отырады)
Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып.
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып,
Көк байрағың желбірейді төрінде
Әнұраның тұр көгінде шырқалып.

( Әнұран орындалады)
Жүргізуші: Ана тілім - ерлігім
Ана тілім - елдігім
Ана тілім - болмаса,
Бүтінделмес кемдігім – деп Қадір Мырза Әли жырлағандай тіл мерекесіне байланысты өткізгелі отырған сайысымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 5 - кезеңнен тұрады. Әр кезең бойынша сайыскерлердің жауап берулеріне байланысты 1 - 5 ұпайлармен бағаланады.
Сайысымызды әділ бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстыру.
1 - кезең «Таныстыру»
2 - кезең «Бәйге» (сұрақ жауап)
3 - кезең «Кім зерек»
4 - кезең «Мақал - мәтелдер»
5 - кезең «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Жүргізуші: Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.
1 - кезең: Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Жүргізуші: Әділқазы алқаларынан әр топтың ұпай сандарын беріп отыруларыңыз сұралады.
Жүргізуші: Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын табама екен сайыскерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
2 - кезең «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берулері тиіс. Әрбір дұрыс жауап - 1 ұпай.
Қойылатын сұрақтары:
Тәрбиешіге: Балаға:
1 . ҚР Президенті ата.
2. Елорда қай қала?
3. Тудың түсі қандай?

4. Туда не бейнеленген?

5. Қазақстан рәміздерін ата.
6. Біздің Республика қалай аталады?
7. Елтаңбада не бейнеленген?

Жүргізуші: Қуан халқым, күшіне енді «Тіл заңы»
«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.
Сайысымыздың келесі 3 - ші бөлімі «Кім зерек» деп аталады.
Мультимедиялық тақтадан жануардың суреті беріледі сол суретке қарап, бала жануардың атын атап, және сол жануардың төлінің атын атау керек.(баланың тапсырмасы)
Жүргізуші: 4 - бөлім: «Сөз - мәйегі - мақал» деп аталады.
Берілген мақал - мәтелді жалғастыру.
1. Жолдасы көптің - олжасы көп (Друзей много - шире дорога)
2. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл (Человек без Родины, что соловей без леса)
3. Отан оттан да ыстық (Родина горячее огня)
4. Өнер алды қызыл тіл (Основа слова как выпущенная пуля)
5. Ел іші - алтын бесік (Родная земля - золотая колыбель)
6. Айна - айна емес - халық айна (Зеркало правда народ)
7. Күш білімде (Сила в знание)
8. Айтылған сөз атылған оқпен тең (Сказанное слово как выпущенная пуля)
Жүргізуші: Ана тілім - күшім менің қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды.
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын - деп сайысымыздың соңғы бөліміне де келіп жеттік.

Бұл 5 - бөлім:«Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп аталады.

Берілген суретке қарап сөйлем құрау.(баланың тапсырмасы)
Тапсырма:
1. Жүз теңгең болғанша - жүз досың болсын.
2. Оқу білім бұлағы.
3. Оқу - инемен құдық қазғандай.
4. Таяқ еттен өтеді - сөз сүйектен өтеді.
5. Өнер алды қызыл тіл.
6. Еңбек түбі береке.
7. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
8. Дос жылатып айтады - дұшпан күлдіртіп айтады.
Жүргізуші: Міне сайысымызда өз мәресіне таяп қалды. Терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, сайысымызды қорытындылап жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз кезегін береміз.

(Әділқазы алқалары жеңімпазды анықтайды, сайысқа қатынасқан топтарды марапаттайды)
Жүргізуші: Міне осылайша «Өз Отаным туралы ән айтамын» атты сайысымызда өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!































"Менің Отаным " атты мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.
Фоном звучит инструментальная музыка в зале. Гости и участники праздника занимают места.
Выход ведущего
Ведущий:
Сәлеметсіңдер ме құрметті де кішкентай достарым!
Здравствуйте мои маленькие, но истинные ценители слова!
Бүгінгі үлкен мерекеміз біздің Елімізге, біздің Елбасымызға арналады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

Взгляните на карту на наш Казахстан.
Там снежные пики, степной океан
И реки, что свет посылают в аулы.
И горы, где дышит в ущельях туман.
Там взоры бескрайний простор окрылит.
Озера притянут к себе как магнит.
Наш край от Тянь - Шаня до высей Урала.
И душу, и сердце, и взор восхитит.
Сайысты бастамас бұрын  біз жеребе өткіздік. Сан ретімен қатысушылар сахнаға шығып, өзінің өлеңін мәнерлеп оқиды.
Ал енді әділ-қазыналармен танысайық.

Давайте познакомимся с нашим многоуважаемом жюри
1.

2.
Читайте! Пусть не будет ни одного дня, когда бы вы не прочли хотя бы одной страницы из новой книги. Эти слова Константина Паустовского как нельзя лучше подходят к нашему сегодняшнему празднику. Желаю нашим конкурсантам удачи!

Алдарыңызға № 1 ,2, 3, 4  нөмерлі сайыскерлер шығып, өз өнерлерін көрсетеді.

Ведущий:

Өнерпаздар жарысып сан-саналы.
Жиын десе той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне.
Әуелеген әсем ән жолданады

Ән

На сцену приглашаются конкурсанты под номером  №  5, 6, 7, 8
Ведущий:
Где-то песня сочинилась
И со скоростью  ракеты
В то же утро очутилась
На другом краю планеты
Мимоходом,
Мимолетом,
Теплоходом,
Самолетом,
Адресованная другу,
Ходит песенка по кругу!

Для наших конкурсантов звучит песня «Здравствуй Столица!»
Енді сахнамызға  № 9, 10, 11, 12 сайыскерлерімізді  шақырайық

Қазақстан - көк байрақты ел едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің мақтанышым, тірегім,

Өзің менің қуанышым, бақытым
На сцену приглашаются конкурсанты под номером №  13, 14, 15, 16
 Для участников конкурса в подарок видеоролик  о нашей родной земле

Туған елім бүгін саған не дейін.
Ертегідей ертеңіне сенейін
Бүгінгідей бүкіл әлем алдында
Асқақтасын мәртебең мен мерейің!

Сахнаға әділ-қазыларды шақырайық.

На сцену приглашается наше многоуважаемое жюри.
Ведущий:

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің.  

Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген.

Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз,

тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз.

Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше! Сау саламатты болыңыздар!

Наше праздничное мероприятие подошло к концу. Спасибо за внимание! До новых встреч!

Туған жер   /Ғалым Жайлыбай/

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін,

Тән беретін,

Мейірімді ана сен ғана.  

 

Туған жер   /Төлеген Айбергенов/

О, менің байтақ мекенім,

Жанымның қаршығасы сен.

Шырқағым келіп кетеді,

Жазбаған ән шығарсың сен.

Құстарың мәңгі ән салсын деп,

Жат қолға ілгізбедім мен.

Қызарып мәңгі қалсын деп,

Қырыңнан гүл де үзбедім мен.

 Қазақстан   /Мариям Хакімжанова/

Қаақстан өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін.

Оңай ғана ұғындырып байқайын,

Болмашы бір белгілерін айтайын.

Көк теңіздей толқын ата көпірген,

Домбыра үні жетсе сізге эфирден.

Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін

Қуанышты бақытты Отан үйлерін!

 

Сенің Отаның    /Әнуарбек Дүйсенбиев/

 

Отан сенің ата – анаң

Отан – досың, бауырың,

Отан- өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

 

Туған жер   /О. Асқар/

Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек,  жуған жер.

Шапқан жауды елімнен

Батыр бабам қуған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт тұнған жер.

Миллиард пұт астықты

Қамбаға жылда құйған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Өнер, білім қуған жер.

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.

 

Отан туралы    /М. Мақатаев/

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...

 

Мақта, досым!    /Тұманбай Молдағалиев/

Мақтайсың туған жердің

Долданған боранын да.

Мақтайсың бұлағын да

Мөлдіреп ағып жатқан.

Мақтайсыңтау, тасын да

Мақтайсың топырағын.

Өйткені ол – туған жерің,

Өйткені ол – туған елің!

 

Ауылым    /Ж. Бейсенов/

Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім ауылым,

Жастығымның куәсі

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы

Бұрқыраған ауылым.

Алыс сапар шеккенде

Сағындырған ауылым.

 

Туған жерім тамаша   /Мұзафар Әлімбаев/

О, балақай, туған жер!

Жақсы-ау бақша – бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік.

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

 

Республикама қарашы!   /М. Әлімбаев/

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерінің дәмі маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

 

Отаным    /Ә. Табылдиев/

Отаным – өзегім сен!

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан,

Нәр алдым өзеніңнен.

Өңірді жаңарта алам,

Өмірді жалғап қалам!

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам!

 

12.  Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отан шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

 

Отаным

Атам, Әжем, Әкем, Анам -
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен!

 

Ұлы Отан

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

 

Отан десем...

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім – құт мекенім, дариям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап елім еліміз,

Ар-намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы,салты бар,

Мен сүйетінқалың қазақ, халқым бар.

 

Ауылым

Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар.

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!