| Сабақтың ортасы (6-40 минут) | (МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назары оқулықтағы 1- тапсырмада берілген суретке аударады. Осыған дейін Менің елім тіркесін түсіндіріп, мағынасын айтып береді. Балалар суретті мұқият қарап, не көріп тұрғандарын айтады. Мұғалім суретте Қазақстан жазуы бар екенін, ол біздің еліміз екенін түсіндіреді. Оқушылар: «Мен сурет саламын. Мынау -күн» үлгісі бойынша берілген сөздерді (үй, ағаш, гүл, тау, күн, ай, жүлдыз) сөйлемге қойып айтып жаттығады. (МК,Ұ) 2-тапсырманы орындағанда оқушылар алдыңғы тапсырманы бекіте түседі, олар Мен үй (ағаш,гүл, тау,күн, ай, жұлдыз) саламын деп айтып жаттығады. (Т) Мұғалім оқушыларға ағаш, гүл, тау, күн, ай, жұлдыз, салынған суреті бар карточкалар таратады. Оқушылар бір-біріне Мынау не? Сен не саласың? Сұрақтарын қойып сөйлеседі, бірін-бірі тыңдайды, қайталайды. (Ж)3- тапсырма оқушылардың үлгі бойынша айту дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Алдымен берілген сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды, содан соң жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша айтып жаттығады, бір –бірін тыңдайды: Мен сурет саламын. Мынау-тау. Мынау –ағаш. Мынау-гүл.Мынау-үй. Бұл –Қазақстан. Қазақстан –менің елім. (МК,Ұ)4-тапсырма оқушылар диалогпен танысады. Диалогті тыңдау, хормен және жеке-жек қайталау жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар жұппен жұмыс істеп, үлгі бойынша сөйлесіп жаттығады. -Сен не саласың? - Мен күн, ағаш, гүл саламын -Сен не салаысың? (ОТ) Оқушылар «Менің елім» тақырыбына сурет салады, содан кейін өзі салған суреті бойынша сөйлеседі (айтады). Оқушылар суреттерінен сыныпта сурет көрмесін ұйымдастыруға болады. (МК,Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. | Оқулық Аудиодиск: 4.5.1 4.5.2. 4.5.3 Карточкалар ағаш,гүл,тау, күн, ай, жүлдыз суреттері А4 форматындағы қағаз, қарындаштар. № 1 жұмыс дәптері Қосымша тапсырма: 4.4. |