СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің туған өлкем.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Менің туған өлкем.»

Рудный қаласы әкімдігінің « 5 балабақшасы»КМҚК







Туған өлкемен таныстыру

201 «Құлпынай»тобы



Тәрбиешілер: Исмаилова А.Т.

Марат Г.Қ.







Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе


Өткізу күні/ Дата проведения:

Ф.И.О.педагога:

Тәрбиеші/ воспитатель: Исмаилова А.Т.

Білім беру саласы/ Образовательная область: « Таным», «Қатынас»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, құрастыру.

Өтпелі тақырып/ сквозная тема: «Балабақша»

Подтема: «Менің туған өлкем»

ОУД:

Тақырыбы/ Тема : «Менің туған өлкем. Көпір.»

Негізгі дене қимылдары:

Міндеттері/ задачи:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту

3.Оқыту – обучающая: : Балаларға туған өлке туралы түсінік бере отырып, өз ауылымыз дағы мекемелермен таныстыру.Туған өлке туралы өлеңдерді еске түсіруге, құрылыс материалдарын пайдаланып әдемі көпірді құрастыруды үйрету.

Ресурстармен қамтамасыз ету/ Ресурсное обеспечение:

Көптілділік (ересектер тобына) Полиязычие (старшая группа)

Әдіс-тәсілдері:Сын тұрғысынан ойлау технологиясы,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ой-қозғау.

Көрнекілігі: Слайд,бейнетаспа,аудиотаспа.

Жабдықтар мен материалдар: суреттер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы/ ХОД ОУД

-Балалар,бүгін күн ерекше өйткені біздің топқа қонақтар келді.Шаттық шеңберіне тұрайық.

Күннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды.

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал канекей бәріміз.

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Көңіл- күйімізді біліп алу үшін мына смайликтерді алайық.

-Жарайсыңдар балалар.Жақсы көңіл-күймен бүгінгі оқу-қызметімізді бастаймыз.

Сұрақ – жауап:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

-Біз қандай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Қазақстан Республикасының рәміздерін кім айтып береді?

-Біз қандай облыста тұрамыз?

-Біздің ауданымыз қалай аталады?

-Біздің туған ауылымыз қалай аталады?

2.Негізгі бөлім/ основня часть:

Саяхатшы Дара:Сәлеметсіздер ме балалар! Мен саяхатшы Дарамын.Мен өмір бойы барлық жер шарын аралап жүрмін ал бұл ауылда мүлдем болған емеспін.Ауылының көрнекті жерлерімен танысқым келеді.

-Балалар бізге қонаққа мультфильмдегі кейіпкер саяхатшы Дара қонаққа келді.

Балалар туған өлкеміздің көрікті жерлерін тамашалау үшін саяхатқа шыққыларың келе ме?Олай болса, саяхатшы Дараны алып елтай ауылының көрікті жерлерімен таныстырайық.  

Жұмбақ шешу арқылы сол көлікпен саяхатқа шығамыз.

Көше бойлап аяңдайды.

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

-Автобус көлігімен саяхатқа шығайық.

Біздер жолға шығайық.

Ауылдың әсем жерлерін,

Біліп біздер алайық.

Оң жақта да,сол жақта да.

Мекемелер бар екен.

1-аялдама: Мәдениет үйі.

Балалар мәдениет үйіне келдік.Бұл жерде мерекелер өткізіліп, өнер адамдары өнерлерін көрсетеді.Қойылымдар сахналанады.Өнерге баулиды.

2-аялдама:Дәрігерлік амбулатория.

Балалар біздер дәрігерлік амбулаторияға келдік. Ауырып ем іздегенде осында келеміз.Емдем жазу үшін бізге дәрі беріп, укол салады.

3-аялдама: Мектеп.

Мектепке келдік балалар. Мектеп білім алатын орын.Мектебіміздің аты Мұқанғазы Сиранов атамыздың атына берілген.Балалар оқып білім алады.

-Балалар біз балабақшаға оралайық.

-Саяхатшы Дараға туған өлкеміздің әдемі жерлерімен таныстырдық. Туған өлкеміз көркейе берсін.

-Балалар туған өлке,отан туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Сергіту сәті: (Бейнетаспа арқылы)

Саяхатшы Дара: Балалар сендердің туған өлкелеріңмен таныстым.Енді мен саяхатымды жалғастырып Индер ауданының көрікті жерлерін тамашалағым келеді.Қалай барсам болады.

Дара индер ауданына бару үшін көпірден өтесін.

-Көпір туралы мағлұмат беру. Жасалу жолын түсіндіру.

Балалар индер ауданының әдемі көпірін құрылыс материалдарынан құрастырып көрсетейікші саяхатшы Дараға.

Ұжымдық жұмыс:Құрылыс материалдарынан көпірді құрастырады.

-Жарайсыңдар балалар.

Міне саяхатшы Дара индер ауданына барсаң осындай көпірден өтесін.

Саяхатшы Дара:Балалар рахмет сендерге.Сендердің арқаларында елтай ауылымен таныстым.Ауылдарың көркейе берсін. Мен енді саяхатымды жалғастырайын.Көпірден өтіп мен енді Индер ауданынын көрікті жерлерін тамашалайын.Сау болыңдар!

-Бізге қонаққа кім келді?

3.Қорытынды/ итоговая часть:

- Саяхатқа қай жерлерге бардық?

-Барған саяхатымыз сіздерге ұнады ма?

Балалар біздер Қазақстан Республикасында Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылында тұрамыз.Біздер кең байтақ елтай ауылында тұрып жатқанымызды мақтан етеміз. Балалар оқу қызметінің басында жақсы көңіл-күймен бастаған болатынбыз. Қазір көңіл- күйіміз қалай?Смайликтерді көтеріп көңіл-күйімізді білдірейік. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынастыңдар. Балаларды мадақтау.





























«Рудный қаласының тарихы»

Оқып әңгімелеп беру

«Шаһарларға саяхат» айдарында Тобыл өзенінің жағасында орналасқан, Қостанай облысына қарасты кеншілер қаласы Рудный жайлы мәліметтермен таныстырамыз. 

1. Қала туралы қысқаша мәлімет. Шаһар жайлы деректерде еліміздегі өндіріс тарихынан сыр шертетін кеншілер қаласы Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының іске қосылып әрі қарай дамыту үшін салынғандығы айтылады. Темірдің үлкен қоры бар екендігі дәлелденген соң Сарыбай мекенінде,Тобыл өзенінің жағасында 1954 жылы қала құрылысы басталған. Алайда 1954 жылы құрылысы басталған шаһар қала мәртебесін 1957 жылғы 30 тамыз айында ғана иеленді.

2. Шаһар тарихынан бір үзік сыр. Сол кездегі жаңа кен орындарын игеру үшін жүргізілген саясат негізінде алдыңғы шептен көрінетін комсомолдар жолдамамен Үлкен Торғайға қарай ағылған деседі. 1955 жылы мұнда 4 мың адам келген екен. Келгендердің жағдай таңдауға да мүмкіндігі болған жоқ,поселкелер мен палаткаларға қоныстанды. Ең үлкен 70 палаткадан құрылған қалашық «Жетпіс палата» деген атаумен тарихта қалды. Ол сол кездегі «ВЛКСМ» кинотеатры ауданында орналасқан.

3. Рудный – еліміздегі кен өндірісінің флагманы. Миллион тонналап темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі біздің елімізге ғана емес ТМД бойынша танымал алып кен орны екені мәлім.Оның құрамында бірнеше зауыт бар әрі бірлестікте 18 мың рудныйлықтар еңбек етеді. Шаһардағы отқа төзімді кірпіш шығаратын «Казогнеупор» зауыты өз өнімдерімен елімізді қамтамасыз етіп қана қоймай оны экспортқа да шығарып отыр.

4. Қаладағы археологиялық ескерткіштер. Алексеев мәдени кешені Рудный қаласының аумағында орналасқан, ол қоныстан, моладан және құрбандар төбешігінен қорған тұрады. Ескерткіш б.э. дейінгі II – мыңжылдықта өмір сүрген қола дәуірінің адамдарына тиесілі болған. Онда 30-жылдары мәскеулік археолог О.А.Кривцова-Гракова қазба жұмыстарын жүргізді. Алексеев мәдени кешенінің қызықты экспонаттары Мәскеу қаласының Мемлекеттік тарихи мұражайына әкетілді. Ескерткішті 1969 жылы Қостанай педагогикалық институтының экспедициялары да зерттеді.

5. Шаһардағы жауынгер –интернационалистерге арналған ескерткіш. Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлерді мәңгі есте сақтау мақсатында Рудный қаласында 2000 жылғы 21 қазанда «ЖӘМ» монументі ашылды. Рудный қаласынан 239 ер азамат пен 7 қыз өздерінің интернационалдық борышын өтеді.Монумент И.Франко көшесінің бойында, қалалық мұражайдың жанында орналасқан. Монументі салуға Ауғанстандағы әскери іс-әрекеттің қатысушылары және олардың ниеттестері бастамашы болды: Е.Дербисов, В.Ступник, А.Қиянов, С.Песчанский, П.Бурцев. Ескерткіште Ауғанстанда интернационалистік борышын орындау кезінде қайтыс болған жауынгерлердің аттары жазылған бес тікбұрышты плита орналастырылған. 

6. Қаладағы әлеуметтік нысандар. Қалада 12 мектепке дейінгі ұйым, 23 жалпы білім беретін мектеп, 1 қосалқы, 1 кешкі ауысымда оқытатын мектеп,1 мектеп-интернаты, 1 жоғары оқу мекемесі, 4 колледж, 3 кәсіби мектеп жұмыс істейді. Қала мектептерінің барлығы Интернет желісіне қосылған. Шаһарда тоғыз медициналық қызмет көрсететін мемлекеттік объектісі (7 аурухана мекемесі, 1 емхана және 1 медициналық пункті) және 4 жеке меншік (1 аурухана және 3 амбулаторлы-емхана мекемесі) жұмыс істейді.

7. Қаланың қазіргі келбеті. Құрылғанына 62 жылға аяқ басқан қалада 115 мың 448 халық тұрады.Рудный қаласының аумағын 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының шеңберінде 43 инвестициялық жоба қолға алынған. Кеншілер қаласы Рудный жайлы қысқаша мәліметтер осындай.



























Рудный қаласы әкімдігінің « №5 балабақшасы»КМҚК





«Рудный қаласының тарихы»

Оқып әңгімелеп беру


201 «Құлпынай»тобы


Тәрбиешілер: Исмаилова А.Т.

Марат Г.Қ.