СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен жастар?а сенемін

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы: Ма?жан  Ж?мабаев  «Мен  жастар?а  сенемін»

Саба?ты?  ма?саты: 1)Білімділік: ?аза?ты?   белгілі  а?ыны  Ма?жан Ж?мабаевты? ?мірі  мен  шы?армашылы? жолымен танысу, «Мен  жастар?а  сенемін»  ?ле?іні?  идеясын  бірлесе  отырып  ашу.  ?деби  теориялы?  ??ымдарды  ?ле?нен  табу.

Просмотр содержимого документа
«Мен жастар?а сенемін»

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен танысу, «Мен жастарға сенемін» өлеңінің идеясын бірлесе отырып ашу. Әдеби теориялық ұғымдарды өлеңнен табу.

2)  Дамытушылық:  Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

3).Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа  сабақ.

Сабақтың  әдіс-тәсілі: Ой шақыру стратегиясы,  сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру. Қарлы кесек әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтың  суреті, интерактивті тақта, ақын жазушылардың суреттері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Балалар, сабағымызды бастамас бұрын бәріміз «Жақсы тілек – жылы жүрек» атты шаттық шеңберіне тұрайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір- бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкі сыйлайық!  «Мен бүгін саған жақсы көңіл- күй тілеймін» т.б

Сыныпты топқа бөлу. Кесінді суреттер арқылы оқушыларды екі топқа бөлу. Бір топ арыстанның суретін, екінші топ қыранның суретін жинайды.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Бүгін қай күн?

-Аптаның нешінші күні?

-Бүгін ауа-райы қандай?

Балалар топ ережесін сақтаймыз.

1 Бір - бірімізді тыңдаймыз

2 Уақытты үнемдейміз

3 Сұрақ қоямыз

4 Бағалаймыз

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Қарлы кесек әдісі

1.Міржақып Дулатов қашан? қай жылы дүниеге келді?

2. Ақынның алғашқы өлеңі қалай аталады?

3. Сендер Міржақып Дулатовтың қандай өлеңін білесіңдер?

4 Ақын өлеңді кімге арнаған?

5 Баласының қуанышына қуанатын, қайғысына күйінетін кім?

6 Міржақып Дулатов қашан қайтыс болды? 

Бағдаршам әдісі арқылы оқушылар бірін –бірі бағалайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мақсаты: Қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық жолымен танысу, «Мен жастарға сенемін» өлеңінің мағынасын бірлесе отырып ашу. Әдеби теориялық ұғымдарды өлеңнен табу.



Сурет сөйлейді стратегиясы: Ақын жазушылардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі.

Проблемалық сұрақтар қойылады: Балалар сендер қалай ойлайсыңдар? Біз сіздермен қандай ақынның шығармашылық жолымен танысқан жоқпыз.

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Бекенұлы  Жұмабаев 1893 жылы  қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 ж. Қызылжардағы қазіргі (Петропавловдағы) медресеге оқуға түседі, бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгеріп шығады. Ол Уфадағы Ғалия медресінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған. Кейіннен Мәскеудегі көркем әдебиет институтын бітірген. М.Жұмабаев өлеңді 14 жасынан бастап жазған. М.Жұмабаевтың  "Шолпан" өлеңдер жинағы Москвада басылған. "Жүсіп хан" атты ертегі поэмасы, "Батыр Баян" поэмасы т.б. еңбектері жарық көрді. Мағжан Жұмабаев  Гете, Есенин, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Крылов шығармаларын оқып, кейін аудармалар жасаған.

Сұрақ- жауап:

-Балалар біздің қаламызда Мағжан Жұмабаев арналған нелер бар?

Мұғалімнің сөзі. Сонымен қатар ақын жерлес болғандықтан қаламызда ақынның атында орталық көше аталған. Мағжан Жұмабаев атында колледж, Абай көшесінде кітап дүкені, Интернационал көшесінің қилысында ұлы ақынға арналған ескерткіш бар. Жыл сайын ақынның туған күнінде біз еске алып гүл шоқтарын қоямыз.

Бүгін біз сіздермен сабағымызда Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңімен танысамыз.

Ол өлеңді оқымас бұрын жаңа сөздермен танысайық.

Бәріміз мұқият тыңдаймыз.

Жаңа сөздер:

Айбатты- грозный, суровый

Қайратты-сильный

Қанатты-крылатый

Көздерінде от ойнар- в глазах горит огонь

Жаннан қымбат оларға ар-жизнь дороже чести

Сенемін-верю

Алаш- народ

Құрбан-жертва

Жаңа сөздермен жұмыс. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

  1. "Мен жастарға сенемін" өлеңін  оқушыларға  аудиотаспадан  тыңдату. Оқушылар кезекпен оқиды.

Сұрақ – жауап.

Балалар сендер қалай ойлайсыңдар өлеңде кімдер жайында айтылған?

Ақын жастарды неге теңеген?

Сендердің ойларыңша жастар қандай болу керек?

Мұғалімнің сөзі: Ақын өлеңінде жастарды жігерлікке, қайсарлыққа, батылдылыққа, сауаттылыққа шындық үшін күресуге үйретеді. Мағжан өлеңдерінен өзекті өткір қайғымен бірге асқақ арманды, үмітті қатар көреміз. Ол жарқын болашаққа, жастарға сенім артады.

Енді балалар дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып қоямыз.

1 топ

Өлеңнен эпитеттерді теріп дәптерге жазады

2 топ

Кім?

Не?

Қандай?

Жастар

Балапан

Қайратты

Кестесін толтырту.

Бағдаршам әдісі арқылы оқушылар бірін –бірі бағалайды.

Сергіту сәті

1-топ

Өлең мазмұнына сүйене отырып кластер құрастыру.

2-топ

Синквейн яғни 5 жол өлең құрастыру

Зат есім, жастар

Сын есім қайратты, айбатты

Етістік шығарар, сенемін, ұмтылған

Сөйлем. Мен қайратты жастарға сенемін

Синоним. Қырандар

Смайликтер арқылы бірін –бірі бағалайды.

Шашылған моншақтарды жинау.

Сұрақтар:

  1. Ақын өлеңі кімдерге арналған?

  2. Ақын жастарға қандай сенім артады?

  3. Неліктен ақын жастарға сенім артады?

4. Ақын жастарды нелерге теңеген?

5 Ақын жырлаған жастар қандай екен?

6 Сендер болашақта қандай жастар боласыңдар?

Қалай ойлайсыңдар балалар - Мағжан аңсаған сенген жастар бар ма?

Біз өз елімізді қорғайтын ойлайтын жастар бола аламыз ба?

Үйге тапсырма : Өзідеріңе ұнаған 3 шумақты жаттап келу. Ақынның өмір жолы

Рефлексия Оқушылар сабақты қалай түсінгендерін смайликтер арқылы көрсетеді.


Рефлекси

Бағалау.

Оқушылар смайликтер арқылы бірін-бірі бағалайды.









Солтүстік Қазақстан обылысы

«№ 21 орта мектеп КММ»













Ашық сабақ

5-б сыныбы

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

«Мен жастарға сенемін»









Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Дәулетова А.С.

















Солтүстік Қазақстан обылысы

«№ 21 орта мектеп КММ»







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көктем»



















Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жанайдарова С.Ж.











Солтүстік Қазақстан обылысы

«№ 21 орта мектеп КММ»







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Роза Бағланова»



















Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қорғанбаева Б.Ш.