Сыныбы: 6 Күні: 18.02.15
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесінен үзінді (презентациясымен)
1) Білімділік: Повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.
2) Дамытушылық: а) Оқушыларды өз ойын ашық айта білуге, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыруә) Ой өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту.
3) Тәрбиелік: а) Сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу;ә) Жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ортақ тапсырма беру,көршілерімен алмасу
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі (презентатция көрсету)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1)Сөздік жұмысы
2)Қожа бейнесі
3)Тапсырмалармен жұмыс жасау
4)Сергіту сәті
5)Тестпен жұмыс
ІV. Сабақты бекіту
(Не үйрендім, не білдім?)
V. Сабақты қорытындылау,
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару,үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ:шағын көріністен басталады.Мұғалім сыныпқа кіргенде қолайсыз жағдайға тап болады.Оқушылардың алдында ыңғайсыз жағдайға қалады.Сыныпқа завуч кіріп,оқушыларды тәртіпке шақырып,мұғалімнің сабақты жалғастыруын өтінеді.Сол кезде мұны істеген Қожа екені анықталады.Бұл мәселені сабақтың соңына қалдырады.Мұғалім оқушылардың назарын жаңа саббаққа аударады. Презентация көрсетіледі.
-Ал,балалар,жаңағы көргендерің қай шығарманың кейіпкерлері деп ойлайсыңдар?Дұрыс айтасыңдар,бұл Бердібек Соқпақбаев ағамыздың «Менің атым Қожа»шығармасының кейіпкерлері.Ендеше,бүгінгі сабағымыздың мақсаты шығарманы талдай отырып,дұрыс жолға түсу,өмірде дос таңдай алу,бойымызға адамгершілік қасиеттерді ұялату.Сонымен қатар қазақ тілі сабағына деген қызығушылығымызды арттыру.Сабақты бастамас бұрын бір бірімізге жылы тілек айтып,жағымды жағдай туғызайықшы.Өте жақсы,осы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
-Ең алдымен сөздікпен жұмыс жасап алайық:
Шығарма – произведение
Оқырман – читатель
Бейнелеу – описывать
Намыстану – стыдиться
Оқу озаты – отличник учебы
Ақкөңіл – искренний
-Сендер алдымен өздерің аударып көріңдер.Сосын тексереміз.
-Балалар, Қожа қандай бала?- деген сұраққа жауап іздейікші
1.Саған бұл жолы жолдама берілмейді.Барлық оқушыға бірден жетіспейді.Ал,екіншіден ең әуелі біз лагерьге үлгілі,тәртіпті оқушыларды жібереміз.
-Бермесеңіз, қойыңыз,-дедім де,жалт бұрылып,есікті бар күшіммен тарс жауып,жөнеле бердім.
2.Мен итті шабаландырып ,қақпаны айналып жүрмей-ақ шарбақтан секіріп жөнелгім келді.Мейлі ,дойбыдан салуым болмаса да тәуір физкультурашы екенімді Жанар тағы бір рет көрсін.Осындай орайы кеп тұрғанда сондай өнеріммен болса да оған ұнап кеткім келді.
3. «Япыр-ай,Жанарды ренжітіп кеттім-ау.Соншалық неге егестім.Әй,осы қайсарлық мінезім мені абиырға жолдас етпейді ғой.Ұзын жолдан шығып,жеңіле салсам,нем кететін еді.»
4.Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін.Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды.Қайталап оқи бергім келеді,оқи бергім келеді.Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді өзім ұмытып кетемін.
5.Әлде көптен қолыма қалам ұстамағандықтан кеудем жырға толып кеткен бе,әлде Жанарға деген сағыныш сезімнің тасқындап құйылған түрі осы болды ма,шүпілдеген екі бет өлеңді тапжылмастан ешбір қиналыссыз жазып тастадым.
6.Мен өзімнің үлкейгенде жазушы болатындығыма кәміл сенемін.
7.Мақтанғаным емес ,кластағы орыс тілін тәуір біледі дейтін оқушының бірі менмін.Өткен жылдың барлық тоқсанында да бұл пәннен ауызша ,жазуша ылғи «бестік» бағалар алдым.
8. «Қазір тақтаға сені шақырса қайтесің?Сен не деп сылтау айтасың.Сұлтан екеуіміз балық аулап,қарақшылық өмірдің қамын жасаумен болдық демекшімісің?»
9.Егер сенбесеңдер ,келіп көрулеріңе болады,мен волейболды жаман ойнамаймын.Ал бұл жолы ерекше бір шабытпен ойнадым.Талай қыңыр доптарды қиырдан қағып алып ,жалт-жұлт етіп,жан таппай жүрмін.
10.Ештеңе ойлап табуды білмеймін.Қашан да басқалардың ісіне қызығып, қызғанып тұрам.Менің де басым жұмыс істейтін заман болар ма екен, болмас па екен.
11.Сол кезде сап етіп,басыма бір қызық ой келе қалды.Кішкентай бақаның бірін Майқанованың сумкасына сүңгіттім де жібердім.Не болар екен?
12.-Қадыровты оқудан шығару керек.Ол уәдесін бергенмен орындамайды,былтыр да талай рет уәде берген.
13.“Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Мұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді.
Мәтін бойынша ассоцация құру:
1.Ашушаң
2.Намысқой
3.Тез ақылға келгіш
4.Кітап құмар
5.Ақын жанды
6.Болашағы бар бала
7.Оқу үлгерімі жақсы
8.Ұяты бар
9.Спортты ұнатады
10.Қызғаншақ
11.Уәдесінде тұра алмайды
12.Актерлық қабілеті бар
13.Еліктегіш
Сергіту сәті
Алдын ала дайындалған, «Менің атым Қожа»повесінен шағын үзіндіер таратылады:
- Шіркін-ай,дәл осындай жағдай бола қалса,Жанар қайтер еді?Менің талантыма,өскенде әйгілі ақын жазушының бірі болатындығыма оның көзі жетер еді-ау.Сосын ол маған, мүмкін басқаша қарар еді...
Шынын айтсам,бұл о баста Қожа емес,Қожаберген екен.Туу куәлігімнің өзінде солай жазылған.Бірақ бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп түсіп қапты.Бұл құбылыстың дәл қай жылы,қай айда,қай күні болғанын тап басып ешкім де айтып бере алмайды.
Біз бір класта екі Қожа бармыз.Сүттібайдың үлкен баласының аты да Қожа.Оқушылар екеумізді шатастырып алмас үшін өңімізге қарап,мені Қара Қожа,оны Сары Қожа деп атайды.
Осы тапсырмалар бойынша мәтінге талдау жасату.Мәтін қай шақта тұр?
1.Келер шақ.
2.Бұрынғы өткен шақ
3.Нақ осы шақ
Осы шақтарды енді керісінше келер шақты өткен шаққа,бұрынғы өткен шақты келер шаққа,осы шақты келер шақ пен өткен шаққа қойып көріңдер.
Тест жұмысы 1.«Менің атым Қожа»повесінің авторы кім?
а) Мұхтар Әуезов
ә) Абай Құнанбаев
б) Бердібек Соқпақпаев
в) Мұхтар Шаханов
2. «Қожаның» шын есімі қалай?
а) Қожа
ә) Қайырғали
б) Қарамерген
в) Қожаберген
3.Қожаның әкесінің есімі кім?
а) Қадыр
ә) Миллат
б) Қаратай
в) Сәйбек
4.Қожаның ұстазының есімі кім?
а) Майра
ә) Сәбира
в) Жанар
б) Миллат
5.Қожаның жылқышы досы кім?
а) Жантас
ә) Жанар
б) Сұлтан
в) Қаратай
6.Орыс тілі мұғалімі Анфиса Михайловна жаттауға қандай өлең берді?
а) А.С.Пушкин «Жазғы кеш»
ә) А.С.Пушкин «Қысқы кеш»
б) А.С.Пушкин «Күзгі кеш»
в) А.С.Пушкин «Көктемгі кеш»
7.Сұлтан Жұмағұлдың үйінен не ұрлап кетті?
а) Пышақ
ә) Белдік
б) Елтірі
в) Қамшы
8.Сұлтанның әкесінің есімі кім?
а) Сәйбек
ә) Қадыр
б) Қаратай
в) Сүгір
9.Қожа Жанармен не ойнады?
а) Тоғызқұмалақ
ә) Шахмат
б) футбол
в) Дойбы
10. «-Қайтейін жыламай?!Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барасың ғой.Ұялмайсың ба бір мезгіл елден – жұрттан!»- кімнің сөзі?
а) Әжесінің
ә) Анасының
б) Ұстазының
в) Жанардың
Тест жұмысының кілттері:
1.б
2.в
3.а
4.ә
5.б
6.ә
7.б
8.в
9.в
10.ә
10-9 5
8-7 4
6-5 3
4-0 2
Оқушылар тест жұмысын көршілерімен алмасып,интерактивті тақтада көрсетілген тест жұмысының кілті арқылы,бір бірінің жұмысын тексереді.Артынан қателері анықталып,мұғалімге тапсырылады.
Сабақты бекіту:
1. “Менің атым Қожаның” авторы. (Соқпақбаев)
2. Зоология пәнінің мұғалімі. (Оспанов)
3. Сынып жетекшісі. (Майқанова)
4. Қожа жаттамай келетін өлең. (Қысқы кеш)
5. Қожаның досы. (Сұлтан)
6. Қожаның анасы. (Миллат)
7. Жанар жаттаудан алған бағасының орысша атауы? (Пять)
Бердібек Соқпақбаев бейнесі ұмытылмайды. Әр адам шығармасын оқи отырып, балалық шағына саяхат жасап, есіне түсіріп, күліп алады. Нарынқол топырағынан жаралып, Хан Тәңірі баурайынан қанат қаққан Мұқағали мен Бердібек таланттар тәрбиелейтін бір – бір мектепке айналып кеткені ақиқат.
Сабақты қорытындылау
Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен дүниежүзілік фестивальда қазақ киносында тұңғыш халықаралық жүлдеге ие болды. 2000 жылы ЮНЕСКО әлемдік киноның жүзжылдығында фильмнің бір эпизодын алып, одан пошта маркасын жасап шығарды. Бұл қазақ киносының орасан зор жеңісі.
Үйге тапсырма:
-Балалар, біз Қожамен қоштаспаймыз.
Қожаның басынан өткен оқиғалары сіздерде де болды ма? “Балалық шақ” тақырыбында шығарма жазу. Ашылмай қалған бір бейне бар. Ол кім? Тауып, талдап келу.
Оқушыларды бағалау