СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің атым Қожа

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-класс әдебиеттік оқу.  Бердібек Соқпақпаевтың "Менің атым Қожа" әңгімесі. Оқушылардың сүйікті хикаяларының бірі.

Просмотр содержимого документа
«Менің атым Қожа»

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Бердібек Соқпақбаевтің өміріне қысқаша шолу.

«Менің атым Қожа»хикаятының мазмұның игерті;

ә)дамытушылық: Хикаятты оқып, мазмұның талдай отыра, оқушылардың сөздік қорларын дамыту,өздік көзқарастарын қалыптастыр , шығармашылық қабілеттерін арттыр;.

б)тәрбиелік: дұрыс пен бұрысты айыра білуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,жазушының , Н.Сегізбаевтің портреті.

Сабақтың түрі: бекіту сабақ

Пәнаралық байланыс: мәдениет,тарих,өнер,жантану,тіл өнері.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәтінмен жұмыс,пікір айту.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастырушылық бөлім.

Амандасу,оқушыларды сабаққа дайындау,түгендеу.

II.Бекіту сабақ

Бердібек Соқпақбаев –қазақ балалар жазушысы.1924 жылы Алматы облысы,Нарынқол ауданы,Қостөбе ауылында дүниеге келген.

1950 жылы тұңғыш «Бұлақ»атты жинағы шықты.Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа»повесі бойынша фильм түсірілді. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етеді.

Қазақ баласының бірнеше буыны үлкен экраннанкөріп өскен , Б.Соқпақбаевтің шығармасы негізінде режисер Абдолла Қарсақбаев экранға шығарған «Менің атым Қожа» фильімінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев бүгін осындай.








Нұрлан Сегізбаев

«Менің атым Қожа»фильімі экранға 1964 жылы шықты.

III. Мәтінмен жұмыс.

а) Оқушылар жақтаушы топ,даттаушы топ болып екі топқа бөлінеді. Мәтінді төмендегі тақырыптар бойынша талдау;

1. «Өзің ғана ойлаған арамдықтың белгісі,озгені де ойлаған адамдықтың белгісі».

2. «Оқулығы сай бала-көңілі жай бала!»

IV. Постер дайындап, оқушылар білгендерін саралап, қорғайды

V.Полиглот.

Көп тілді білу заман талабы болып отыр. Әңгімеден бірнеше сөйлем алынып, бір сөз қалдырылған. Оқушылар сол сөзді тауып, орыс,ағылшын тілдеріне аудару қажет.

1.Атымды айта бастасам _________________________________________ таңдайыма жабысып қалғандай болады.

2.Біз сыныпта ____________________________________ Қожа бармыз.

3. Қазір __________________ сені шақырса қайтесің?

4. Өзіңе дейін неше ___________ қалғанын,сенен қашан сұрауы мүмкін екенін біліп отырасың.

5.Қожа,Қожатай, әкем-ау сен бүгін ___________________________________ бармаушы ма едің?

6. Майқанованвң сөмкесіне ____________________________________________ сұңгіттім де жібердім.

7.Ех,қайран ______________________________

Жантас пен Қожаның мінезінің айырмашылығы мен ұқсастығын топтау.
















VI. Бағалау.

VII. Қорытынды.

«Қожа түбінде адам болатын бала»сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкер жазушының өзі. «Алыстан арбалап материалдар жинамаймын,архивтің шаңын жұтпаймын»жақыннан кешкенді жинаймындеп бізге ақынның өзі айтып кеткен.

VIII. Үйге тапсырма.

Менің қиялымдағы Қожа