Ұйымдастыру – іздестіру
|
|
Балаларға Отан, туған жер туралы өлеңдер оқу:
Үлкен өзен, көлдері,
Үлкен орман, шөлдері,
Үлкен қала, тауы бар,
Елді десем,- табыңдар.
Әрбір қазақ баласы,
«Өзім сонда тұрам»,- дер.
Бұл-қазақтың даласы,
Ата-бабам туған жер.
(Е.Өтетілеуов)
Еліміз туралы әңгіме өткіземіз.
-Әлемде көптеген елдер бар, біздің елеміз үлкен елдер қатарына кіреді. Ол қалай аталады?
-Біздің Отанымыз - үлкен де әсем ел, оның даңқты тарихы бар, біз оны мақтаныш етуіміз керек. Біз Қазақстанды тағы қалай атай аламыз?
-Біздің елеміздің тұрғындары қалай аталады?
«Анықтамасын тап» ауызша ойыны.
Астана туралы әңгіме өткізу.
-Әрбір мемлекеттің ең басты қаласы болады. Біздің басты қаламыз-Астана қаласы.
-Сендер Астана қаласының қандай көрікті орындар білесіңдер?

-Бір мемлекетті екінші мемлекеттен қандай белгісі арқылы ажыратуға болады?
-Әр мемлекеттің өз рәміздері болады.
|
Өлеңді зейін қойып тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.
Балалар тыңдайды, сұрақтарға ойланып жауап береді.
Көптеген әңгімелер құрастырады.
Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
|
|
Мемлекеттік рәміздермен таныстырады, ту мен елтаңбадағы бейнелердің мағынасын түсіндіреді
«Өз еліміздің туын тану» ойыны.
Балаларға 2-3мемлекеттің туларының ішінен өз Отанымыздың туын табуға тапсырма беру.

Отан туралы мақал-мәтелдер.
- Бірлік болмай, тірлік болмас.
- Ырыс алды- ынтымақ.
- Тірлік түбі- бірлік.
|
Тыңдап, естеріне сақтау.
Үлестірме материалмен жұмыс істеу, өз елінің туын табады.

Қайталау.
|
Рефлексивті - түзетушілік
|
|
Пысықтауға арналған сұрақтар қояды.
-Біздің елдің рәміздерін атаңдар.
-Туда не бейнеленген?
-Елтаңбада не бейнеленген?
-Әнұран деген не?
-Оны қалай тыңдау керек?
Сендер- Қазақстанның кішкентай азаматысындар. Егер достарың мен жақындарыңды сүйетін болсаңдар, сендер елімізді күші және қуатты елге айналдыра аласыңдар. Қане, бір-бірімізге күлімсірей қарап, салтанатты түрде: «Достығымыз зор болса- Отанымыз мықты болады!» деп айтайық.
|
Сұрақтарға жауап беру.
Тыңдап, естеріне сақтау.

Бәрі бірге айтады.
|