Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Міне күзде келді
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту
Просмотр содержимого документа
«" Міне күз келді"»
Бірінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Қош келдің Алтын күз»
Тақырыбы: Міне күзде келді
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту
Оқыту: Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру.
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Алма, алмұрт,қарбыз, қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып-сусып
Жерге жаймен түседі
Қарандаршы, қарандаршы
Күз мезгілі керемет.
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілі туралы түсінік беру. Күзде ауа – райы салқын болады, далада жаңбыр жауады. Адамдар жылы киінеді, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Балалар қараңдаршы ағаштар тербеліп тұр, бізде ендеше ағаштар сияқты тербеліп сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Суретпен жұмыс:
Суретте күз мезгілі, кімдерді көріп отырсыңдар? Балалар не теріп жатыр? Көкөніс тер мен жемістердің пайдаларын айтып түсіндіру.
3.Қорытынды
Дид ойын: Кім жылдам
Жемістер мен көкөністерді жинау. Балалар қызығушылық таныта отырып ойынға белсене қатысады.