СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Модельдер ??ру, зерттеу.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Модельдеу т?рлерін жа?а технологиялы? а?паратты ?олдана отырып, а?паратты? модельмен ж?мысты бейнелеп к?рсету.

Білімділік: А?паратты? модель туралы толы? м?лімет беру.

Дамытушылы?: О?ушылар логикалы? ой-?рісін, зейінін, есте са?тау ?абілеттерін дамыту.

Т?рбиелік: Компьютерлік сауаттылы??а т?рбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«Модельдер ??ру, зерттеу.»

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Бөлек ауылы

«М.Горький атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Информатика пәнінің мұғалімі Оспанбаева Бағлан Өмірғалиқызы



Сабақтың тақырыбы: Модельдер. Ақпараттық модельдеу. Компьютерде модельдерді зерттеу.

Сабақтың мақсаты: Модельдеу түрлерін жаңа технологиялық ақпаратты қолдана отырып, ақпараттық модельмен жұмысты бейнелеп көрсету.

Білімділік: Ақпараттық модель туралы толық мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылар логикалық ой-өрісін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың түрі:  бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.

Пәнаралық байланыс: Математика, биология, география, технология

Көрнекі құралдар: Үлестірме тапсырмалар, тұсаукесер, карточкалар.

Техникалық құрылғы: Компьютер, проектор, тұсаукесер, магниттік тақта.

Сабак барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, балаларды түстер арқылы топқа бөліп отырғызу. Топ басшыларын анықтау.

2. Миға шабуыл:

3.  Жаңа сабақ:

Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.

Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында  олардың моделін (макетін) құру.

Модельді қасиеттеріне қарай мынадай  топтарға:

Қолданылу аймағы.

Модельде уақыт факторын ескеру.

Білім саласына қарай топтау.

Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.

Ақпараттық модель- зерттеудегі объект туралы  қажетті  ақпараттың бәрін қамтитын шамалар жиынтығы. Ақпараттық моделді  қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз, себебі олар тек ақпараттардан ғана құралады.

Мысалы: әрүрлі құбылыстар: экономикалық, физикалық, химиялық.

Материалдық модель - нақты нысандар, мысалы: глобус, схемалар, манекен, ұшақ моделі.

Ақпараттық модельдің түрлері:

Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер.

Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.

Компьютерде модель  құру кезінде  объектіге зерттеу мақсатында, зерттеу құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әртүрлі  ақпарат жинақталады. Мысалы: өсіп тұрған гүл жөнінде  биология маманы, дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық.

4. Сергіту сәті

5. Топпен жұмыс: әр топқа карточкалар ұсынылады. Тапсырма бойынша әр топ модель құрады.

6. Бағалау

7. Қорытындылау: сұрақ-жауап

8. Рефлексия: сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, стикерге жазып ілу.