Просмотр содержимого документа
«Морфология туралы түсінік»
Морфология туралы түсінік.
Атауыш,көмекші, одағай сөздер.
Атауыш сөздер- сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздер.
МЫСАЛЫ: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.(Абай)
Мен - айтушы адам
жазбаймын - қағаз бетіне сөзді түсіру (түсірмеу)
өлеңді - белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз
ермек - уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет.
Көмекші сөздер- мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздер.
МЫСАЛЫ: үшін
Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады.
Белгілі бір мағынаны білдіреді
Белгілі бір сұраққа жауап бере алады
Атауыш сөздер
Сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алады
Жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіре алмайды
Сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алмайды
Көмекші сөздер
Белгілі бір сұраққа жауап бере алмайды
Өзі жетегінде жұмсалған сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша мән үстейді немесе ол сөзді басқа сөзбен байланыстырып тұрады.
Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіреді
Жан-жануарларды шақыру мәнінде қолданылады
Одағай сөздер
Сөйлем мүшесі бола алмайды
Толық мағынасы жоқ
Белгілі бір сұраққа жауап бермейді