Просмотр содержимого документа
«Негізгі және туынды сын есім»
Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу;
2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
27-жаттығу, 189- бет.
Ұйқасын тауып оқу:
Тауда жүрген тарғыл аң, Ол –қайратты қабылан.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
28-жаттығу.
Жұмбақты түсініп оқу, шешуін табу үшін тірек сөздерді, суретті пайдалану. Берілген тапсырманы орындау: туынды сын есімді табу:
үкілі, өткір.
Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.
29-жаттығу.
Мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу, мағынасын ашу, түсіндіру, сұрақтармен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырмаларды орындау: ішінде сын есімі бар сөйлемдерді теріп жазу, сын есімдердің астын сызу.
30-жаттығу
Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек жазу:
Негізгі сын есімдер | туынды сын есімдер |
тұнық су, жаңа дәптер, әдемі қыз, биік тау. | әсерлі әңгіме, атақты әнші, сүтті сиыр. |
ҮІ. Бекіту. 31-жаттығу Қатар бойынша жарыс түрінде өткізу:
- ті, - ді, - лы жұрнақтарын пайдаланып сын есімдерді тауып жазу.
І Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін сендермен қандай тақырыпты өттік? Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір. Негізгі және туынды сын есімдер туралы не білдіңдер?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 32-жаттығу, 191- бет.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.