СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нөмірленген және маркерленген тізімдер

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген  тізімдер. Мәтінді енгізу, реакциялау

Сабақтың мақсаты:

            Білімділік:Оқушыларға мәтінді  дұрыс теру мен түзете алуға дағдыландыру.

            Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылыққа үйрету.

            Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын аттыру.

Просмотр содержимого документа
«Нөмірленген және маркерленген тізімдер»

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу, реакциялау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға мәтінді дұрыс теру мен түзете алуға дағдыландыру.

Тәрбиелілік:Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушының әрбір сабаққа ынтасымен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын аттыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайд

Сабақ өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үйге берілетін тапсырманы тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Жаңа сабақты бекіту

  5. Қорытындылау

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Бағалау

-Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Нөмерленген тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.

Маркерленген тізім- әрбір пункті бірдейй маркерлермен белгіленген абзацтар.

Жазылған мәтінді нөмірленген немесе маркерленген тізімге ауыстыру үшін осы мәтінді ерекшелеу керек.

Маркерленген тізім құру үшін келесі әрекеттер орындалалы:

1.Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Абзац тобынан Маркерлер командасын таңдаймыз.

-Маркерленген тізім үлгісінде ұсынылған жеті маркердің бірін таңда.

2.Жаңа маркерді анықтау (Определениенового маркер......) пункті арқылы маркерді өзгерте аламыз.

-Маркердің (шегініс) және мәтіннің орналасуын (мәтін шегінісі) сызғыштағы маркермен туралауға болады.Маркерленген тізім мысалы:

  • Оқулық

  • Дәптер

  • Қарындаш


Нөмірленген тізімді құру үшін келесі әрекеттерді орындаймыз.

1.Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Абзац тобынан Нөмірлеу командасын таңдаймыз.

-Нөмірленген тізім үлгісінде ұсынылған жеті нөмірдің бірін таңда.

2.Нөмірдің жаңа пішімін анықтау ... (Определит нвый формат номера....) пункті арқылы Нөмірдің жаңа пішімін анықтау терезесінен нөмірлерді өзгертуге болады.

3. Бастапқы мәнді беру (Задние начального значения) терезесі арқылы тізімдегі жаңа нөмір бапталады. Нөмірленген тізімге мысал:

  • абзац мәтінін енгізу;

  • абзац соңында Enter баырмасын басу;

  • тізімді аяқтау үшін абзацтың соңында Enter батырмасын екі рет басу.

Тізімнің элементтерін енгізген кезде келесі абзац автоматты түрде маркерден немесе нөмірден басталады. Тізімді құру үшін абзацтың соңында Enter батырмасын екі ретбасу арқылы аяқталады.


Реакциялау – бұл дайын мәтінге өзгертулер.

Мәтінді терудің жалпы ережелері:

  • CapsLock-барлық мәтінді терген кезде тұрақты түрде бас әріптерге ауыстыру.

  • Shift+әріп – бас әріпке уақытша ауысуы.

  • Enter- бір жолдағы сөзді екіге бөлу.

  • Backspace - меңзердің алдыңғы әріпті өшіру.

  • Deletемеңзерден кейінгі әріпті өшіреді және екі жолды біріктіреді.

  • Тыныс белгісінен кейін бос орын қойылады.

  • Сызықша немесе ұзын сызықша (–)белгісі таңбаның алдына және соңына бос орын қою әрекеті негізінде Сtrl+ минус (минус таңбасы сандық пернетақтада) пернелерін бір уақытта басу арқылы орындалады;

  • Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: файл-сервер т.б

  • Тырнақшаны және жақшаларды жазу барысында олардан кейін бос орын қойылады, ал ішкі жағынан бос орын қойылмайды.

  • Рим цифрын енгізу үшін латын әліпбилігі I,V,X,L әріптерін пайдалынылады.

Мәтіндегі қажет емес сөзді жаңа сөзге ауыстыру үшін келесі әрекеттер орындалады.

-Табу аймағына: тапқың келген мәтін жазылады;

-Ауыстыру аймағына: табылған мәтіндегі ауыстырғың келетін сөзді енгіз.

Командаларды орындауда дұрыс емес әрекеттерді болдырмауүшін Тез қол жеткізу батырмасы (Панели быстрого доступа) жолындағы Болдырмау (Отменить) және Қайтару (Вернуть) командалары пайдаланылады. Болдырмау командасын орындағаннан кейін әрекетті қайталауға болды.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Тізімнің қандай түрін білесіңдер?

2.Маркерленген тізім дегеніміз не?

3. Нөмірленген тізім дегеніміз не?

4.Тізім не үшін қолданылады?

5.Мәтінді реакциялау дегенім не?

6. Рим цифрын енгізу үшін қай әліпби әріптерін пайдалынылады?

7.Тақырыпты тасымалдауға болама?


Үй тапсырмасы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Мәтінді енгізу,реакциялау


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!