Бейнелеу өнері 5 сынып
Күні: 01.03
Сабақ №34
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек және оның шығу тегі, ою өрнек түрлері.
Оқу-тәрбиелік мақсаты мен міндеттері:
білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен танысады, ою-өрнек түрлерін салуды үйретнеді.
дамытушылық: Оқушылардың қол қимылдарын және байқампаздықты дамыту
тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; потриоттық сезімге жіне ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар:
Мұғалім үшін: Сабақ көрнекілігі: ою-өрнек түрлерін көрсететін кестелер, плакаттар, суреттер.
Оқушылар үшін: альбом парағы,жай қарандаш,түрлі-түсті қарандаштар, өшіргіш.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезені:
Сәлеметсіздер ме!
Отырындар !
Сыныпта кім жоқ? Сыныпта жоқ оқушыларды белгілейміз.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереміз!
Сабақ тақырыбың және сабақ мақсатың айтамыз.
II.Үй жұмысын тексеру:
Оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қойямыз:
Мүсін өнері дегеніміз не?
Мүсін түрлерін ата?
Тасбақа қандай жануар?
Үй жұмысын тексеру.
III. Сабақ тақырыбы: Ою-өрнек түрлері.
Ою-өрнек-бөліктері бірдей қашықтықта қайталанып орналасқан симметриялық бедер.
Ою-өрнектер көбінесе кілемдерді, көрпешелерді, киіз үй жиһаздарың, киімдерді безендірген.
Ою-өрнектер бирнеше типке бөлінеді.
Олар: Антропоморфты- адамға ұқсайтын ою-өрнек типі.
Зооморфты- жануарларға ұқсайтың ою-өрнек типі.
Солярлы – шеңбер ішінде орналасқан ою-өрнек типі.
Қазақ халқында ою-өрнек түрлері өте көп, солардың негізгілерін айта өтсек: қошқар мүйіз,
Түйе табан, қарлығаш, адам т.б.
Оқушыларға ою- өрнек түрлерін салуды ұсынайық.
Оқушыларға ою-өрнек салу кезеңдерін түсіндірейік:
Сурет салу кезендері:
1-ші кезең: бірінші тігінен келген симметрия сызығын саламыз.
2-ші кезең: екіншіден екі жағынан бірдейлеп ою-өрнек бедерін саламыз.
3-ші кезең: ою-өрнекті бояймыз.
Оқушылар өзіндік жұмысқа көшер алдында оларға тазалық пен ұқыптылықтың манызын айтамыз.
IV. Оқушылардың өзіндік жұмыстары: Оқушылар өзіндік жұмысқа көшеді, мұғалім оқушылардың жұмыс барысың мұқият бақылайды.
V. Сабақ қорытыңдысы: сабақты қорытындылай келе сыныпта шағын көрме ұйымдастырамыз, оқушылар өз жұмыстарың тамашалап, сыныптастардың жұмыстарына баға беруге мүмкіндік жасаймыз.
VI. Үй тапсырмасы: __________________________________________________________
VII.Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын композициялық, графикалық, кескіндемелік көрсеткіштеріне қарай бағалаймыз.
-Сабақ аяқталды!
-Сау болындар!

