Просмотр содержимого документа
«?зі?ді тану - ?мірді тану»
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді тану-өмірді тану 2
Сабақтың мақсаты:
-өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу
-өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету
-өмірді бағалауға үйрету
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, дәптер, қима-қағаздар, А4 форматты беттер, түрлі-түсті қаламдар.
Тыныштық сәті :
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.
Әңгімелесу
Өмірдің мәні неде деп ойлайсың ?
Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет ?
Өмірді бағалай білесіз бе ?
Өмірден не күтесіңдер?
Сіздің мақсатыңыз қандай ?
Мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға оқулықтың 9-бетінде берілген «Өмірдің мәні атты І. Файзуллаұлының ертегісін оқыту.
Осы ертегіде не туралы айтылады ?
Үміткерлер өмір мәнін қалай түсіндіреді ?
Ертегіде айтылған ойларға не қосар едіңдер?
Тапсырма: Ғалымдардың «Өмір» туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып, өз ой-толғаныстарыңды жазыңдар.
Биолог: Адам бойындағы қасиеттер тұқым қуалап, өзгеріп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.
Физик: Өмірді физикалық заңдар тұрғысынан зерттейді, оның түрлі үрдістерге ықпалын бақылайды.
Тарихшы: Өмір адамзат қоғамдастығының тіршілігі мен даму тарихы.
Сіз үшін: ....
Өз өміріңде қол жеткізген жетістіктерің туралы ойланып көр. Өзің туралы ең жақын достарыңа, ата-анаңа айтып бер.
Дәйексөз: «Адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді.» Б. Бұлқышев.
Шығармашылық жұмыс:
«МЕН» тренингі
1) Алдарыңызға қағаз берілген соған бір жеріне нүкте салыңыз
2) Ал тағы бір жеріне гүл салыңыз.
3) Ал тағы бір жеріне үй салыңыз.
4) Кактус өсімдігін салыңыз.
Нүктені бір нәрсеге пайдаландыңыз ба? Егер пайдалансаңыз сіз алдыңызға мақсат қойып жұмыс жасайсыз. Гүл салдыңыз оның жапырағы 2 ден көп болса сіз өз пайдаңызды ойлайтын адам екенсіз. Ерекше гүл салған адам болса ол кісі ортада өзін жақсы көрсетеді. Үй салдыңыз үйді 2 немесе 3 қабатты салған адам бар ма? Онда сіз тәуекелге бел буатын адам екенсіз. Үйдің шатыры бар ма? Онда сіз биікке ұмтылатын адам екенсіз. Терезесі 2 ден көп болса сіз үйіңізге сәуле, жылу сыйлап отырған адамсыз. Есігіңіз сыртқа қарап немесе ашылып тұрса сіз қонақжай екенсіз. Кактус өсімдігінің астына ыдысын салсаңыз сіз жұмысты бастамас бұрын жақсы ойланып, берік шешім қабылдайтын адамсыз. Кактустың тікенегін сыртқа қаратып салсаңыз сіз зияныңызды сыртқа тигізесіз.
Дәптермен жұмыс
Ғалымдардың «Өмір » туралы төменде берілген пайымдауларымен танысып өз ой толғаныстарыңды жазыңыз.
Тыныштық сәті Балалар денелеріңді тұзу бастарыңды жоғары кһтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер