СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін – өзі тану - өмірді тану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары. 4 сыныптарға арналған

Просмотр содержимого документа
«Өзін – өзі тану - өмірді тану»

Мектеп: «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Мерзiмі:___________

Сабақтың реті: №1

Тақырып: Өзін – өзі тану  өмірді тану

Құндылық: Дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер: Талаптылық, қайырымдылық

Мұғалiм: Сдыкова Ж.Г.

Сынып: 4

Оқушылар саны: _____________


Сабақтыңмақсаты:оқушылардың «өзін-өзі тану», «өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • 4 – сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмір тануға қызығушылықтарын арттыру;

  • сыйластыққа,кішіпейілдікке, ізгілікке тәрбиелеу;



Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Ресурстар:оқулық,

дәптер,алтын сақа

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

• Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

• 3-сыныпта өзін-өзі тану пәнінен үйренгендеріңді естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

• Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгеріс байқадыңдар?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Екі дос және қария» аңызы

  • Неліктен адамдар Арман туралы естеріне алмады деп ойлайсыңдар?

  • Сауран қандай ісімен ел құрметіне бөленді?

  • Екі достың әрекеттеріне деген көзқарастарың қандай?



  1. Дәйек сөз.

« Адам өміріндегі ең қажетті білім  өзін-өзі тану»

Бернар Фонтенель


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өз бойларынан қандай қасиеттерді көргілері келетініне байланысты әңгіме жазу.



  1. Топпен ән айту.

Дос болайық, бәріміз!

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіндер.



Қайырмасы:

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз.

Атсын күліп танымыз.



Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста.

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.



Қайырмасы



  1. Үй тапсырмасы.

С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» өлеңін жаттау.


  1. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.




Тексерілді: