СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?зі?ді тану - ?мірді тану

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:

О?ушыларды? ?мірді? м?ні туралы т?сініктерін ке?ейту. ?зін ?зі тану п?ніні? ма?сатын т?сіндіру, ?зін тану туралы  т?сініктерін  білімдерін толы?тыру

Міндеттері:

   -?мірді? адам  ?шін ма?ыздылы?ын жан-жа?ты ашу;

     -?мірді м?нді де мазм?нды с?руіне ы?пал ету;

     -?мірді ба?алау?а т?рбиелеу.

Просмотр содержимого документа
«?зі?ді тану - ?мірді тану»

Бекітемін :

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: № 202 Мерзiм № 1-2сабақ

Тақырып: Өзіңді тану - өмірді тану Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік,қамқорлық

Мұғалiм: Курманбаева С. Сынып 9АӘ Оқушылар саны –

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың өмірдің мәні туралы түсініктерін кеңейту. Өзін өзі тану пәнінің мақсатын түсіндіру, өзін тану туралы түсініктерін білімдерін толықтыру

Міндеттері:

-өмірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;

-өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету;

-өмірді бағалауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

  1. Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендік?

- Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

- Мәнді өмір сүру үшін адамға не қажет?

- Өмірді бағалай білесіз бе?

- Өмірден не күтесіз?

- Сіздің мақсатыңыз қандай?

Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз. Алдымен өзіңді өзің үйрет, сонда ғана басқалардан үйрене аласың (Гете)

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


  1. Әңгiмелеу Аңыз әңгіме

«Бақытты отбасы»

Бір шағын қалада көрші болып екі отбасы өмір сүріп жатыр. Бір отбасында «Кімдікі дұрыс» екенін шешу үшін үнемі ұрыс-керіс, ал екінші отбасында – ұрыс та жоқ, керіс те жоқ болатын, тату болатын. Көрші әйелдің бақытын қызғанған әйел күйеуіне:

- Бар, қарап келші, осылар қалай татулық пен тыныштықта өмір сүретінін? – дейді.

Күйеуі көрші үйдің терезесінің жанына барып, көршілерінің не істеп жатқанын бақыламақ болып, тың тыңдайды. Сол кезде көршісінің әйелі үй жинастырып жатады. Қымбат құмыраны шаң-тозаңнан тазартып, сүртіп жатады. Бір уақытта телефон шыр ете қалды. Әйел құмыраны үстелдің шетіне қойып кетеді. Құмыра міне енді құлап кететіндей болып тұр. Сол кезде күйеуіне осы бөлмеден бір нәрсе қажет болып, асығыстықтан құмыраны байқамай қағып жерге түсіріп жібереді. Құмыра быт-шыт болып сынады.

- Ойбой, қазір не болар екен? – деп терезенің астында тұрған көршісі мәз болады.

Әйел күйеуінің қасына келіп:

- Қымбаттым, кешірші. Мен бұл құмыраны мұқият қоймай кетіппін, - деп күрсінді.

- О не дегенің? Сен емес, мен кінәлімін. Асығыс жүремін деп байқамай қағып кетіп сындырдым.

Жәрар, ештеңе етпес. Осыдан басқа бізде бейнет болмасын.- дейді күйеуі.

Терезенің жанындағы адамның жүрегі шымырлап кетті. Үйге ол көңілсіз оралды. Әйелі оған:

- Неге ұзақ болдың? Көрдің бе? Қалай екен? – деп, сұрақтарын жаудырды.

- Ия көрдім. Оларда бәрі кінәлі екен. Ал бізде болса – бәрінікі дұрыс.

Сұрақтар:

а) Екі отбасында неліктен екі түрлі өмір?

ә) Неліктен бірінші отбасының әйелі екінші отбасына қызғанышпен қарайды??

б) Отбасы бақытының сырын білуге келген көршісінің жүрегі неге шымырлай түсіп, ол үйге неге көңілсіз оралады?

в) Отбасы бақыты неде деп түйіндедіңдер осы аңыз әңгімеден?

г Аңыздан қандай ой түйдіңіздер?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өмір керек (М Мақатаев)

Өлеңдегі өмір туралы пайымдауларды басшылықа ала отырып, жазбаша түйіндеме жасау.


  1. Топпен ән айту. « Жас өмір » әнін айту


  1. Үй тапсырмасы.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.