СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін - өзі тану "Менің отбасым" 1 - сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін - өзі тану сабағынан "Менің отбасым" тақырыбына арналған сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану "Менің отбасым" 1 - сынып»


Пән: Өзін- өзі тану

Күні: 13.03.2018

Сынып: 1

Мектеп: Целиноград ауданы Шалқар орта мектебі

Мұғалім: Кабылдинова Айжан Муратовна

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Адам – отбасы мүшесі.

Отбасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.

Кеңпейілділік таныту.


Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді түсінеді.

Көбі: Жаңа білімге мысалдар келтіре алады.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап (әңгімелер, ертегілер) талқылайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Сабақ тақырыбымен оқушыларды таныстырып өту.



Шаттық шеңбері




Сабақтың ортасы




33 мин

Отбасы татулығы туралы аңыз әңгімені оқушыларға айтып беремін.

  • Ашық сұрақтар қою?

  • - Отбасының татулығы, бірлігі, кімге, неге байланысты?

  • - Әрбір адам оған жауапты ма?неліктен?

  • - Отбасында қандай бала,аға,іні,әпке қарындасың бар?

 

Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптеріне өз отбасым  менің  туған үйім атты тақырыпта сурет салу.

Салған  суреттерін талдау.

Сергіту сәті.

Кел,санайық екеуміз.

Бас бармағым –атам.

Балаң үйрек-апам.

Ортан  терек –ағам.

Шылдыр  шүмек –мен.

Кішкене  бөбек - сен.

Бір үйде  біз нешеуміз?

Бір  үйде бесеуміз

Оқушыларды 2 топқа топтастырып, Отбасы постерін құрғызу

Атасы                            Анасы

                     Отбасы                Әкесі

Әжесі                         Балалар

- Отбасында сендерді қалай еркелетеді?

Оқулықтағы тапсырма.

Жұмбақ шешіп, дамалайық!

1.  Маған да, саған да,
 Жақын туыс бес адам.
 Үш әріптен тұратын.
 Онға оқы, солға оқы
 Өзгермейді еш одан.
 Бәрі-де өз жұртың
 Айтады, қане кім атын? (ана, апа, аға, іні, ата)

2. Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім?  (ата)

3. Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (әке)

4. Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (ана)

5. Дегенімді жасайтын
Қалған тамағымды асайтын
Ертіп алып жетектеп
«Немерем» – деп атайтын? (әже)






Оқулық, дәптерлер.



Сергіту сәті






А3 парағы, маркерлер












Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Смайликтер