СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары 1-сынып

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары»

Өзiн - өзi тану пәнінің сабақ жоспары


Мектеп:

Тақырып: Бір-бірімізге көмектесеміз

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: ақпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық,

Мұғалім:

Сыныбы 1


Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға «көмек», «көмектесу» туралы түсінік беру отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу және ақпарат беру.


Сабақтың міндеттері:


  • Білімділік: оқушыларға көмек, көмектесу ұғымдарының мәнін ұғындару арқылы ақпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;

  • Дамытушылық: оқушыларды айналасындағыларға жанашырлыққа үйрете отырып, қайырымдылық қасиетін дамыту;

  • Тәрбиелік. Оқушыларды ақпейілділікке, қайырымдылыққа, жомарттықа тәрбиелеу


Ресурстар:

Бірінші сынып өзін-өзі тану оқулығы, дәптер, 5 «Т» ережесі, нұрға бөлену, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңi.


  1. Тыныштық сәтi.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасы ретінде Василий Сухомлинскийдің
«Көбелек жарақаттанбасын деп..» атты әңгімесін

Оқ оқып келу тапсырылған.

Мұғалім оқушылардың мәтін мазмұнын үйден оқып, қалай түсінгендерін байқау үшін мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

  • Зояның жасаған әрекеті дұрыс па? Неге?

  • Табиғатта кездейсоқ нәрсе бар ма? Себебін түсіндіріп беріңдер?

  • Әңгімедегі кімге көмектесер едіңдер? Қалай?

Өздерің табиғатқа қалай көмектесесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау:



Нұрға бөлену





Өткен тақырыпты қорытындылау

Дана сөздер

Қайырымды іс жаса,

Қайырлы болар әр ісің

Халық нақылы

  • Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

  • «Қайыры іс» дегенді қалай түсінісіңдер?

  • Дәйексөзді қалай түсінгендеріңді айтып беріңдер.


Мұғалім сыйы

Сөз салмағы

Ж. Байқоңырұлы


Қоянға Піл аузы-басың жыбырлап көп сөйлейсің деп көптен кеюмен келеді. Оны елейтін Қоян ба, кейде қалай сөйлеп қойғанын өзі де байқамай қалады.

Қоян тағы да таң атпай жыбырлауға көшті. Ызаланған Піл қалпақтай қағып тастағысы келді. Бірақ сабыр сақтап далаға шығарды да, қолына елеуішті ұстатып, ішіне қалтадағы бидайды салды.

Ал енді, еле, – деді Қоянға Піл.

Қоян елей бастағаннан қиқымдары желмен ұша бастады.

– Мынау не?

– Кебек.

– Ол – сенің сөзің. Көрдің бе, ішінде іліп алары жоқ. Ал, түбінде қалғаны ше?, – деп қайталап сұрады.

– Бидай.

– Ол – менің сөзім.


  • Неліктен піл ренжуге мәжбүр болды?

  • Қоян досының айтқан сөздерінен қорытынды шығарды ма?

  • Сендер достарыңның айтқан ақылын тыңдайсыңдар ма?

  • Орынсыз жасалған әрекеттің қандай зияны бар екенін әңгімелеп беріңдер.


Шығармашылық жұмыс.

Оқулықтағы алпыс төртінші беттергі бірінші тапсырма. Төмендегі сөйлемдерде көмектің қай түрі (ой, сөз, іс) айтылғанын тауып, әңгімелеп беріңдер.

Екінші тапсырмада мұқтаж жандарға көмек ретінде қолдарыңмен сыйлық дайындаңдар. Оны қалай ұсынытындарыңды әңгімелеп беріңдер.

Үшінші тапсырмада суреттерге қарап, қамқорлық туралы әңгіме құрастырыңдар.


Топпен ән айту.

Мен үлгілі баламын

Өлеңін жазған: Айтжан Байғожаев

Әнін жазған: Әшір Молдағайынов


Үй тапсырмасы

Келесі тақырыптағы «Автобуста» Әбді Шынбартыровтың әңгімесін оқып келу тапсырыларды. Алпыс сегізінші және алпыс тоғызыншы беттер.


Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!