СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Педагог міндеті.

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Педагог міндеті.»

Жауаптар:

  1. Мектепте психологтар мынадай жұмыстар жасай алады.

    1. Оқу тəрбиелеу процесінде өзіне қажетті белгілі бір бағыттарды таңдай алады.

    2. Əкімшілікке іс-əрекеттің нəтижелі болуы үшін бірнеше ұсыныстар айта алады.

    3. Жəне əкімшіліктің тапсырмасынан бас тарта алады.

    4. Оқыту-тəрбиелеу процесіне кеңестер беріп жиналыстарға қатыса алады.

    5. Мектепте психологиялық зерттеулер жүргізе алады.

    6. Ай сайын əртүрлі конференция, семинар, тренингтерге қатыса алады. Жəне олармен байланыс орната алады.

    7. Əртүрлі ішшара, ашық сабақ, сынып сабақтарға, ата-ана жиналыстарына қатыса алады...т.б.

  2. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Психолог (грек. Soul - жан; λόγος - білім) - зерттеу және қолданбалы мәселелерді шешу, сонымен қатар психологиялық көмек көрсету үшін жұмыстар жүргізетін мамандық иесі. Адам қызметінің әртүрлі салаларындағы адамның психикалық құбылыстарының көріністерін, әдістері мен формаларын зерттеумен айналысатын маман.

3.Психологог қызметтің міндеттері:

1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).

2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.

4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Мектеп психологының жауапкершілігі:

  1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.

  2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.



4.Мектеп психологі мен өзін-өзі тану мұғалімдері əрине бірлесе жұмыс жасай алады. Мысалы: Түрлі бағытта оқу процесіне пайдалы көптеген стратегияларды ойластыра алады. Жəне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, өзін өзі ұстау, еркін ой пікір айту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қоғаммен ортаға ашылу сияқты мəселелерді талдап, тиісті ұсыныстарды қарастыра алады.

Психолог пен өзін-өзі тану мұғалімдерің бірлесе жұмыс атқаруы мектептегі оқушылардың тəрбие, білім, таным салаларының артуына септігін тигізеді. Осылай оқушылар арасында негатифті қарым-қатынастың пен оқшаулану болмайды. Апта не ай сайын қызықты тренинтер мен мектеп ішара сайыстарын өткізілер еді. Мұның барлығы оқушы үшін де, педагог, ата-аналар үшін тиімді əрекет болар еді.