СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

курстық жұмыс педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік студенттерге арналғаннн

Просмотр содержимого документа
«"Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік"»





























































МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Педагогикалық өнер түсінігі және педагогикалық шеберлік 6

1.2 Кәсіби қызметтегі мұғалім тұлғасы 10

1.3 Мұғалімнің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар 13

2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ƏДЕП ЖƏНЕ ҰСТАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

2.1 Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу 17

2.2 Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты 19

2.3 Ұстаздық шеберлікті бағалау технологиясы 27

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

















КІРІСПЕ


Зерттеудің өзектілігі: Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауы - мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы - ұстаз тұрады. «Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады» - деп тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек.

Мектепте білім алу – бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім алғаны баланың үлгеріміне және жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады. Кәсіби шеберліктің құрылу процесі білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес, сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды.

Білім беру мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі – оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзгерістерді қажет етеді.

Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты - оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу – мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт-сана көрінісіне, қазіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым – түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім-тәрбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне-өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.

Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымындағы алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздев, С.Иванов, А.Моисеев, М.Рубинштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина зерттеулерінде кеңірек орын алған.

Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.

Курстық жұмыс мақсаты: мұғалім мен оқушының тығыз қарым-қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсерін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Мұғалімнің сабағына қойылатын талаптарды анықтау.

2. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптасуының адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдылығын арттыру.

3. Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипатын анықтау.

Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
























1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Педагогикалық өнер түсінігі және педагогикалық шеберлік


Мұғалімдер мен тәрбиешілерге тән педагогикалық біліктілік, шәкірттер бойында білім, ептілік және дағдылар қалыптастыру мүмкіндіктері және олардың өз бетінше іске асу жағдайларын жасау бірдей емес. Педагогикалық қызметте әртүрлі жетістік деңгейлері кездеседі. Педагогикалық әрекеттестіктің әрқилы деңгейлері мен сипатын сөзбен өрнектеуде бірнеше термин түсініктер колданылады: «педагогикалық өнер», «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық техника», «педагогикалық технология».

Педагогикалық іс-әрекет пен оқу-үйретімнің ең жоғары жетістігін педагогикалық өнер деп атау қабылданған.

Педагогикалық өнер – бұл педагогикалық үдерістің жоғары тиімділігін айқындаушы белгілі кәсіптік, іскерлік және тұлғалық сапалардың бірлігі.

Педагогикалық өнер педагогтың кәсіби қызығушылығымен, дамыған педагогикалық ойлау және сезімталдығымен ұштасқан психологиялық-педагогикалық білім, ептілік және дағдылардың барша шындығын мүлтіксіз меңгере білуінен қалыптасады.

Педагогикалық өнердің мәнді де маңызды бір қыры – педагогикалық шеберлігі. Нақтырақ айтсақ, шығармашылдығы жоқ педагогикалық еңбек болмайды, болуы да мүмкін емес, себебі шәкірттер, жағдайлар, педагогтың өзіндік тұлғасы қайталанбас құбылыстар, осыдан қалаған педагогикалық шешім қай уақытта да бірыңғай қалыпқа келмейтін осы жағдайлардан бастау алады. Педагогикалық шығармашылдық бірегей де ерекше құбылыс болуымен ғалым, жазушы, әртіс қызметтерімен етене жақын келеді.

Педагогикалық шығармашылдық мәні, көбіне өз алдына дербес, сонымен бірге қайталанбас оқу-үйретім жағдайларына сәйкес әрекетке келе білуді өз іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық білімдер тұрғысынан пайымға салу, сондай-ақ автоматтасқан және автоматтаспаған бірліктердің ара қатынасын дұрыс топшылау қабілеттерімен орынды байланыстыра білуден аңғарылады. Педагогикалық шығармашылдықтың анайылылығы, оның қай жағдайда да мақсатты бағдар сипатына ие болуында: үдеріс қатысушыларының өзара баю, байытуын қамтамасыз етеді, мұғалім және шәкірт шығармашыл қызметтестігіне дем береді. Бір жағынан, педагогтың шығармашылыққа тікелей араласуынан шәкірт танымы кеңейеді, алға ілгерілейді және қандай да бекім, нәтижеге келеді. Екінші жағынан, педагог өзі ойлау, таным жөніндегі ғылымның тарихи кезеңдері мен оның негізгі даму заңдылықтарын еріксіз меңгеріп барады.

Өзегі «жоғары мәртебелі» шәкірт болған «педагогикалық» болмысты қайта жасауға бағытталған мұғалімнің белсенді іс-әрекетінің аса жоғары формасы – бұл педагог шығармашылдығы. Аталған орайда, егер мұғалімнің жасампаздық іс-әрекеті ғылыми теориялық-педагогикалық білімдер түрғысынан, өзіндік дербес кәсіби бағдар таңдауға көмектесетін педагогикалық болмыстың нақты сәтінде кәсіптік-шығармашыл міндеттерді шешудің бірегей де тиімді жолдарын түзу сияқты көрсеткіштерімен сипатталатын болса, педагогикалық шығармашылдық өз дәрежесінде болғаны. Бұл өз кезегінде педагогикалық шығармашылдықтың қызметтік өрісін кеңейте түседі. Педагог шығармашылдығы екі алғышартты арқау етеді:

1) бір тұтастықтағы көптеген психикалық үдерістер, қалыптар және тұлғаның жеке дара психологиялық қасиеттерінің (сезімталдық, қиял, саналы және бейсаналы бастаулар, табандылық, сындарлылық, еңбеккерлік, жоғары сөйлеу мәдениеті) өзара әрекеттестігі - ішкі, жан-дүние шарттарын кұраса;

2) шығармашылықтың сырттай шарттары қатарына білімдер, дүниетаным, педагогикалық техника мен ойлау және өзіндік сана мәдениеті, педагогтың дербес кәсіптік бағыт-бағдары, көзқарасы кіреді.

Шығармашылдықтың кұрамдас бөліктерін педагог тұлғасының мазмұндық бірліктері, педагогикалық болмыстың педагог сезімінде, санасында, есінде бейнеленуінен пайда болған өнімдері ретінде де қабылдауға болады, әрі бұлардың бәрі мұғалімнің шығармашыл қуаты мен мүмкіндіктерінің нәтижесі. Шығармашылдық құрамын педагог барша кәсіби іс-әрекетінің үздіксіз барысында қалайды. Психикалық іс-әрекеттер негізінде ерекше «дәнекер» есебіндегі шығармашылдықтың құрамдас бірліктері жетіліп барады. Осы бірліктердің арқасында кәсібиліктен шеберлікке, шеберліктен жанпидалыққа жетелеуші дербес кәсіби бағыт-бағдар қалыптасады. Осыдан шығарылатын қорытынды: шығармашылдықтың құрамдас бөліктерінің қандай да бірі өз қызметінде әлсіздік танытса, педагогикалық табысты күтудің қажеті де болмайды.

Педагогикалық өнердің маңызды бөлімі – бұл педагогикалық шеберлік. Педагогикалық шеберлік тұлғаның тәлімі мен қалыптасу үдерісіндегі педагогикалық өнердің толық іске асуын қамтамасыз етуші ептіліктер мен дағдылар қорының педагог тарапынан мүлтіксіз меңгерілуінен көрінеді.

Әдетте, «шеберлік» өз кәсібін жете меңгерген жұмыскердің бай тәжірибесімен байланысты. Оның қалыптасып, кемеліне жетуі тәжірибеге, тәлім, тәрбие істерінің құралдарын шығармашылдықпен түсіне, пайымдай білуіне тәуелді. Сонымен бірге кәсіби мәселелерді шешуде тиімді әдістер жүйесін қолданып, жоғары сапада орындай алуда, педагогикалық ықпалды жеке-даралыққа келтіріп, педагогикалық әдеп сақтаумен қарым-қатынасқа түсу мен ортақтасуда, еңбекке ынталандырудың әсерлі жолдарын пайдалануда көрінеді.

Сондай-ақ педагогикалық шеберлік мазмұнын келесідей көрсеткіштермен саралауға болады:

1) психологиялық-педагогикалық ой-өріс;

2) дамыған кәсіптік қабілеттер (кәсіби қырағылық, болашаққа сенімді болжам, епті ұйымдастырушылық; шапшаң ауысымдылық, жауап әрекеттер сәйкестігі, педагогикалық сезімталдық);

3) педагогикалық техника меңгерімі (мұғалімнің балаларға ықпал жасаудағы өзіндік тәсілдер жүйесі).

Шебер педагогқа тән негізгі сипаттар: күрделі мәселелерді түсінікті

тілмен, ұтымды да ұғымды формада ұсына білу ептілігі, өз әрекетімен қай баланы да еліктіре білуі, шәкіртті белсенді іс-әрекетке келтіріп, оны шығармашыл білім ізденісіне бағыттау: бақылай білу, өз өміріне, оның әрқилы қылық-әрекетінің себептеріне, олардың қалыптасуына ықпал жасаушы деректер мен құбылыстарға талдау, өзінің қызмет мәнерін ескерумен білімдену кеңістігін ұйымдастырудың нақты шарттарына сәйкестікке, теориялық және қолданбалы психологиялық-педагогикалық білімдерді, озат педагогикалық жетістіктерді өзгеріске келтіріп, жаңалап бару.

Педагогикалық шеберлік шеңберінде мазмұн мен әдістеме саласындағы мұғалімнің өрісін ғана емес, оның адамзат білімдері мен тәжірибесін епті, түсінікті, орынды әсер жолдарымен жеткізу тәсілдерін меңгерумен ғана емес, тәрбиеленуші көңіл-күйін жоғары да нәзік сезімталдықпен тану қабілетін де ескерген жөн. Ұстаздың бұл қасиетін шәкірттері оның іс-әрекетін болжастыра, ұйымдастыруынан, қамқорлы да белсенді өзара жәрдемге негізделген іскерлік және өзара түсіністік жағдайларын жасауынан байқауға болады.

Оқу-тәрбие үдерісінде шексіз кезігіп жататын педагогикалық міндеттерді жоғары табыс дәрежесінде шеше білудің жаңа әдістері мен формаларын іздестіруге болған ынталылықты да педагогикалық шеберліктің аса маңызды қырынан десек қателеспейміз. Сонымен бірге, кейбір мектептерде мұғалімдер қызметін бағалаудың бірден-бір беделді белгісі ретінде ғылым мен педагогикалық болмыстың табиғи байланысынан сырттай қалған мұғалімнің ғылыми дайындығы оқу үдерісінің қажетті тиімділігін қамтамасыз ете алмайды. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі өз ішіне ол айналысқан кызметтің психологиялық құрылымындағы барша бірліктерді таза күйінде қамтиды әрі оның өз ғылыми ізденістерінен құралады, яғни мұғалім шеберлігі – біртұтас ғылыми педагогикалық шығармашылдықтың өнімі. Педагог шеберлігі теориялық білімдер мен тәжірибелік ептіліктердің табиғи бірлігінен туындайды. Ал шеберлік деңгейі мұғаліммен әрекеттестік қатынасқа түскен шәкірттерге бағытталған педагогикалық ықпал тәсілдерін меңгеруі мен олардың нақты жағдайларға сәйкестік дәрежесіне тәуелді.

Бүгінгі педагогикада қабылданған ереже: педагогикалық шеберлік – бұл дамыған психологиялық-педагогикалық өй толғастырудың, педагогикалық білімдер, дағдылар, ептіліктер және жарқын да түсінікті ұсына білудің көңіл-күй, еріктік кұралдарының бірігімі. Егер осы бірігім тұлғаның сапаларымен ұштасатын болса, педагог әрқашан да өзіне жүктелген оқу-тәрбие міндеттерін табысты шешуіне мүмкіндік алады.

Педагогикалық шеберлік құрылымы күрделі де көп қырлы, ол педагогикалық іс-әрекет мазмұнымен, кәсіби-шығармашыл міндеттерімен айқындалады. Педагогикалық шеберліктің өзекті бірлігі сондықтан педагогикалық қызметтің шығармашыл болуына негіз беретін дамыған психологиялық-педагогикалық ойлау. Ол ұстаздық көрегендіктің маңызды негізі болған кең өрісті дамыған педагогикалық бақылағыштық пен жасампаздық қиялға сүйенеді. Онсыз педагогикалық өнер мақұрым. Сонымен, бұл орайда да «педагогикалық» шеберліктегі басты нәрсе - бұл шығармашылдық. Көбіне шығармашылдық тәлім үдерісінде әрқилы әдістер мен формаларды, кәсіптік білімдер мен тұлғалық сапаларды тиімділікпен, әр сәтте жаңалап әрі орынды пайдалана білуден көрінеді. Сонымен бірге, ол мұғалімнің педагогикалық идеялар ұсынып, оқу-тәрбие қызметтерінің әдістерін жасау мен қалыптан тыс мәселелерді шеше білу ептіліктерінен көрінеді.


1.2 Кәсіби қызметтегі мұғалім тұлғасы

«Ұстаз» сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі бір пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның бойындағы білім мен ақылы, ойының қуаты талай «тентекті» жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді, болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»-деп Бауыржан Момышұлы айтқан екен. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»-десе, Жамбыл Сүйінбайды, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп шексіз құрметтеп өткен. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық білім балаға жазу-сызуды, оқуды үйретсе, бүгінгі мұғалім оқушыларына ғылым негізінен мәлімет беріп қана қоймайды, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Бұл нағыз – ұстаздың ғана қолынан келеді.

Шын мәніне келсек еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық

жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Осы орайда, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» - деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.

Атап өтсек, «Кәсіби шебер мұғалімнің» бойында болатын қасиеттерді былай түсіндіруге болады:

  • сергектік, байқағыштық;

  • сезімталдық;

  • сенім;

  • әділдік;

  • ұстамдылық;

  • ілтипаттылық.

Білім беру жүйесін дамытуда, білікті маман даярлауда жетекші рөлді оқытушы атқаратыны мәлім. Мұғалімнің кәсіби дайындығы, білімі мен біліктері, оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады. Шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктерді қамтиды:

  • мұғалімнің өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;

  • өзінің кәсіби қабілеттерін дамыта алуы;

  • оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың әдістерін кеңінен пайдалануы.

Мұғалім білім берудегі жаңа құндылықтарға бағдарланады, жаңа мектептің тұжырымдамасын біледі, оқыту мен тәрбие берудің балама жүйелерінен хабардар, білім беру мазмұнын түзуге жаңа қатынастарды баяндап бере алады.

  • Дамыта оқытудың психо-педагогикалық негізін меңгерген;

  • Оқыту дифференциациялау және интеграциялаудың мәні, ұстанымдарын және концептуалды амалдарын біледі;

  • Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы жайлы білімі бар;

  • Ұжымның, оқушылардың түрлі жас ерекшелік кезеңдеріне сай заңдылықтар психологиясын, оларды диагностикалау әдістемесін , педагогикалық өзара іс-қимыл жасаудың әдістері мен формаларын, өзіне-өзі талдау жасаудың принциптерінен хабардар.

Педагогикалық іс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.

Мұғалім оқушының білім алуға деген құлшынысын тудыра алмаса, оның ынтасы, пәнге қызығуы қалыптаспайды. Ол үшін мұғалім оқушымен дұрыс қарым-қатынаста болуы керек. Оқушы өзі ізденіп, жаңа тақырыпты оқып, түсініп пәнге байланысты қосымша әдебиеттермен жұмыс жасап, достарымен ой бөліссе, өз білгенін көпшілікке жүйелі түрде жеткізе алса, онда мұғалім нәтижеге қол жеткізеді. Оқуға шығармашылық қатынасы:

Мұғалім жаңа бағдарлама құрады, оған ғылыми-педагогикалық негіздеме жасап, эксперименттік сынақтан өткізеді;

Берілген бағдарламаның базалық ғылымның қазіргі мазмұнына сәйкестігін, оның актуалдылығын, қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда жаңашылдығын растап бере алуы және басқа педагогтардың практикалық істе қолдана алуын айқындап беруі.

Өз тәжірибесін кәсіби тұрғыда сауатты сипаттап және рәсімдей алады.

Мұғалім идеалы – білімнің құндылығын айқын түсінетін, «мәдениеті жоғары адам», өз пәнінің жетік шебері, педагогика мен психологияны терең меңгерген, жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық әдістерді қолдана алатын, өзін жеке тұлға ретінде дамытып, рухани өсуге деген қажеттілігі мол болуы тиіс делінеді.

Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін

алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер

кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.


1.3 Мұғалімнің жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар

Мұғалімнің жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.

Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде

профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.

Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:

1) жалпы азаматтық сапа;

2) мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар;

3) мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.

Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабілеттілігін көрсетеді.

А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді.

Сонымен қатар, ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерлік пен

дағдыларға:

1) жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы);

2) жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік);

3) коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас);

4) өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).

Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.

Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына деген қызығу

болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.

Педагогикалық атақ (призвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.

Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.

Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді.

Еңбекке деген мотивациялық – бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.

Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педагогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалау әрекетінен көрінеді, ал оған ерекше зейінділік пен шындық қажет.

Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.

Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделінен көрінеді.

Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта. Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі – өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.

Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Оның негізгі көрінісі – ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады.

























2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ƏДЕП ЖƏНЕ ҰСТАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІК

2.1 Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу


Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу – мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім – үлкен құндылық, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.

Өздігінен білім алу – адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді.

Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:

1. Кітапханадағы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану.

2. Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу

3. Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру.

4. Қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру.

5. Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады.

Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.

Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің оқушылар нені білулері керек деген сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып келеді.

Бір сабақты жоспарлау – мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады.

Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.

Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты.


2.2 Мектеп тәрбие үрдісіндегі мұғалімнің кәсіби бағыты

Түпкі әлеуметтік-экономикалық құрылуда жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысы қоғамды дамытудың ерекше белгісі болып табылады. Тәрбие жүйесінің маңызды тобы мектеп болып табылады. Тәрбиелеуші педагогикалық маманның адамнан айырмашылығы тәрбиенің ықпалын сездіру үлкен күшін, бай-қуатын, балаға сүйіспеншілігін ең бірінші кезекте нәтижені жобалаумен байланыстыруда Тәрбие іс-әрекетінің мөлшері және ауыр мінез педагогтың функционалдық рөлінің ішінде ғана көрінбейді, сонымен бірге ол сынып жетекшісі, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, әлеуметтік педагог.

Гуманитарлық тәрбие жүйесін құру және дамыту әрбір педагогтың кәсіби бағытын қалыптастыруды және дамытуды тәрбиелеуші ретінде талап етеді. Педагогтың бағыты жүйе ретінде интеллектуалдық маңызды және эмоционалды-бағалық қатынаста педагогикалық анықтылыққа және педагогикалық әрекет түрінде, оның белсенділігінің негізгі көзі болып табылады. Осы орайда тәрбие жұмысын қалай жоспарлау керек ?

Педагогикалық тәжірибеде көрсеткендей, жоспарға әкімшілік талаптармен ғана қарау, жоспарлау үрдісінде өкінішке орай, жоспардың құрылуы мен жазылуын шектейді. Мұндай жағдайда, жоспар формальді түрде болып, әрекетке бағыт бере алмайды. Нәтиженің қол жеткен тиімділігі және әрекеттен кез келген табысы әрекеттің қаншалықты сауатты жоспарлануына байланысты болады.

Жалпы алғанда жоспар әрекеттін мазмұнды көрсетушісі, оның ретін, көлемін, уақытша шекарасын анықтаушы құжат. Ол төмендегідей қызмет атқарады:

- Нақты бағыттар мен әрекет түрлеріне бағыт беруші, анықтаушы;

- Болжаушылық, яғни жанама іс -қимыл көрсетуші, нақты әрекет аркылы нәтиже көрсетеді;

- үйлестіруші, ұйымдастырушы, яғни әрекеттің қандай тәсілдермен ұйымдастырылатындығын, онын объектісі және субъектісі кім болатынын, әрекеттерін көрсететін, оның басқа түрлерінін өзара қатынасын, сол сияқты әрекетін көрсетеді, олардың орнын, уақытын кім, қашан, қайда орындайтынын анықтайды;

- бақылаушылық, қойылған мақсаттардың жүзеге асырылуын қадағалау;

- қалпына келтірушілік, яғни кез келген уакыт аралығында жоспар бойынша

атқарылған жұмыс мазмұнын және көлемін қайта қалпына келтіру;

Барлық жағдайда жоспарға әкімшілік үшін емес, педагогтың өзіне қажет жұмыс құжаты ретінде қарап, жұмысты ретсіз жүргізбей, педагогикалык үрдісте өз ойлары мен мақсаттары, мүмкіндіктері мен талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. Жоспар, егер талапқа сай жасалса, тәрбие жұмысын жүргізуге көмек болады.

Қойылатын талаптар:

1. Жоспардың мақсаттылығы, яғни жоспарланған жұмыстың мазмұны

мен түрінің нақты мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады.

2. Жоспар баланың қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған. Жоспарлауда оқушылар мен ата-аналардың ұсыныстары зерделенеді.

3. Жоспар – педагогтың, оқушылардың, ата-аналардың бірлескен шығармашылығының нәтижесі.

4. Жұмыс жоспары оқушылардың сабақта, сабақтан тыс алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты қолданатынын, еліміздегі негізгі оқиғалардың ұжым өміріне қаншалықты әсер ететінін көрсетеді.

5. Жоспардың кешенді түрінің бағыты, жұмыстың әртүрлі мазмұны мен түрі балалардың қызығушылығы мен қабілетінің дамуына бағытталған, оқушылардың әрекеттің әртүріне қатыстырылуы, оқушылардың сана-сезіміне, тәртібіне тұтастай ықпал ету.

6. Жоспар оқушылардың жоспарланған жұмыста әрекеттің әртүрлі түрлерін, әдіс-тәсілдерін, өз бағыттарын таңдауға жағдай тудыруды қарастырады.

7. Әрекеттің мазмұны мен түрінің қолайлылығы,өткен тәжірибенің есебі, жұмыстың келешегінің көрінуі.

8. Жоспардың нақтылығы мен мақсатқа сәйкестігі, жоспарланған жұмыстың негізділігі, оқушылар мен педагогикалық ұжымның ерекшеліктерінің есебі, олардың даму деңгейі, қалыптасқан дәстүрлері.

9. Жоспардың ақиқаттылығы мен ойлылық жарқындығы.

Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар ұжымында тәрбие жұмыстарының мынандай жоспарлары құрастырылады:

- оқушылар ұжымының тоқсанға немесе айға, не жартыжылдыққа арналған тәрбие жұмыстарының күнтізбелік жоспары;

- келешекті жоспар; мектеп жұмысының жылдық жоспарының бөлімі Оқушылар ұжымымен сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар (негізгі құжат, яғни барлық оқушылар ұйымының, атап айтқанда: үйірмелер, секциялар, клубтар, қоғам кеңестер басшылық етуі);

- оқушыларды тәрбиелеу жөніндегі сұрақтарына байланысты мұғалімдермен әдістемелік жұмыс жоспары.

- тәрбие жұмысының қорытындысын және ұйымдастыруды бақылау жоспары;

- клубтың, штабтың, кеңестердің, мұражайдың және басқа мектеп бірлестігінің жоспарлары;

- бірнеше жылдарға бағытталған тәрбие жұмысының келешекті жоспары (3,5,10жылға);

- дайындық жоспары және жалпы мектеп ісін өткізу жоспары - сынып ұжымында барлығы құралып отырады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары (тоқсанда, жартыжылдықта, жылына) оқушылар ұжымының жоспары. Ұжым жоспарының бағыты:

1. Өткен мерзімдегі сыныптың тәрбие жұмысын талдау.

2. Жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының міндеттері.

3. Оқушылар ұжымының жұмысы.

4. Педагогикалық ұжымның өзара іс қимыл байланысы.

5. Отбасымен, жұртшылықпен жұмыс.

АТА-АНАЛАРМЕН ТРЕНИНГ-САБАҚ

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар: Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

«Танысу» жаттығуы;

Топқа бөлу;

Ой жинақтау;

Ситуациялық сұрақтар;

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;

Рефлексия;

қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

«Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?

Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі, алайда бір күні сынып жетекшісі оны үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды, сіздің іс-әрекетіңіз?

Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар, тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп, мазаңызды алады, сабаққа барғысы келмейді. Сіз жұмыссыз, енді не істейсіз?

Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.

Қорытынды: Алдымен ата-аналар бір бірімен толықтай танысып, бір біріне деген сыйластықтарын арттырды. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, әрбір жағдаяттан шыға білді. Ата-аналарға әр түрлі жағдаят беру арқылы бала мен ата-ана арасындағы байланысты біле алдық. Және әр түрлі ойындар ойнату арқылы бала мен ата-ананың қарым-қатынасын нығайтып, олардың бір біріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра білдік. Тренингіміз өз мақсатына жетті.

Педагогтың кез келген жоспарының жалпы алгоритімін келесі бейнелерден көруге болады:

1. Жоспарлаудың барлық іс-әрекетін, нақты бағытын анықтау.

2. Мезгілдік кезеңді анықтау (жыл, тоқсан, айы).

3. Жоспарлау пәнінің құрылымы (іс- әрекетін түрлерін немесе бағытын бөлу, тақырыптың блокты және мағыналығын қарау, сонымен қатар белгілі бір бейнені жоспарлау, сосын оның ішінен керектісін және шынайысын таңдап алу).

4. Жағдайына қарай нәтижені талдау.

5. Жинақталған тәжірибе нәтижесін талдау.

6. Мақсаттың толықтырылуын (не үшін, немен жұмыс істеу, қортындыны не істеу керектігін еске алу)

7. Ұжымдық жоспарлау барлық тапсырмалар, кім осы жұмысты жоспарлауға қатысады.

8. Алдына қойған мақсатына жету, міндеттерді шешу, нәтиженің бағасын талдау.

9. Оқиғаны уақытына қарай кезеңге бөлу. Оқиға мен істің тізілуін күйіне, кезеңіне, бөліміне қарай бөлінеді, сол уақыттың кезеңіне қарай жоспарланады.

Барлығын біріктіріп бірнеше кезеңдерге жоспарлау:

1. Дайындық: пәнді анықтау және уақыттың мөлшері, пәннің құрылымы.

2. Аналитикалық: өз тәжірибесінің қортындысын талдауы.

3. Үлгілеуші: мақсатты ұжымдық жоспарлау, мазмұны мен ортасын таңдау, нәтиже болжамы, талдау нәтижелерін жинақтау.

4. Қорытынды: жоспардың құрылымын таңдау және оны тәрбие жұмысы жүйесінің даму жолдарын көре білуі, ата-аналар мен жұртшылықтың мүмкіндіктерін ұғыну, мектептегі болатын өзгерістерді алдын ала білуі керек.

Оқушылар дамуының шамасымен ұйымдастырушылық функциясының бөлігі оқушылар активіне, балалардың өзін-өзі басқару ұйымына беріледі. Оқушылардан алынған ақпарат болашақтағы өзін-өзі басқару ұйымына беріледі. Оқушылардан алынған ақпарат болашақтағы жұмыстарды анықтауда, жұмыстың мазмұны мен түрін таңдауда, педагогтардың ойына түзету енгізуге балалар дамуының талаптары мен қызығушылығына бағытталуы керек.


2.3 Ұстаздық шеберлікті бағалау технологиясы

Мұғалімнің кәсіптік дайындығы оның педагогикалық жоғары оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік қызметінің бүкіл кезеңін қамтиды. Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік білімін үздіксіз көтеріп отыруы оның шығармашылық қабілетін және дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі дамытудың шарты болып табылады. Егер мұғалім қоғамдық ортада белсенді позиция ұстанып, оның дербес тәжірибесі әлеуметтік және педагогикалық тәжірибемен кірігіп, педагогикалық ұжымның қолдануына ие болып, кәсіптік шығармашылық ізденісі көтермеленіп отырса, мұғалімнің кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық мәдениетінің артуы барынша жемісті болады.

Аттестация мұғалімнің қалауымен жүргізіледі. Аттестацияны өтуге ықыласы бар педагогикалық қызметкерлер жалпы және дифференцияланған талаптарымен таныс болулары тиіс.

Мұғалім еңбегін бағалаудың жалпы талаптары келесі көрсеткіштер бойынша сипатталады:

1) Нәтиже көрсеткіші. Бұл мұғалім жұмысындағы шешуші көрсеткіштердің бірі, яғни оның педагогикалық әрекетінің нәтижелілігі. Оқушылардың пән бойынша білімдері мен олардың тәртіптілік сапасы:

- пән бойынша шындыққа негізделген білім қоры;

- қабылданған білімді қолдана алу іскерлігі (сауатты жазу, есептерді шешу);

- табиғатта және қоғамда болған құбылыстар мен процестердің мәнін түсіну;

- оқушылардың дербестік деңгейі, білімді кеңінен табу іскерлігі;

- маңызды машиналарды тану деңгейі, оқушылардың практикалық және

экономикалық даярлығы (жас ерекшелігі мен бағдарламаны ескеру);

- жұмысына қатынасы, мектептегі тәртібі, қоғамдық пайдалы еңбек әрекетіндегі белсенділігі, эстетикалық және физикалық мәдениеті.

2) Процесс көрсеткіші. Оқу және тәрбие жұмысының барлық маңызды нәтижелерін көрсете отырып, мұғалім еңбегінің көрсеткіштерін шектеуге болмайды. Осы мақсатта мыналар оқылады:

- мұғалімнің өзінің кәсіби біліктілігін жоғарылатуымен жұмыс жасауы (біліктілігін арттыру курстары);

- сабақтың, сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарының сапасы;

- оқыту мен тәрбиелеу процесіндемұғалімнің оқушыларға жеке көзқарасты

жүзеге асыру әскерлігі;

- балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек беру жұмыстары.

Мұғалім жұмысын бағалау үшін дифференцияланған көрсеткіштер келесі санаттар бойынша жіктеледі:

Екінші санатты мұғалім – 1-2 жылдық жұмыс өтілімі бар, сабақтың жоғары сапасын беретін, пәндік үйірмелер мен факультативтер жүргізетін мұғалімдер. Сынып жетекшісі болып атқаратын сыныпта пәндері және пайдалы істері бойынша жоғары көрсеткіштерінің болуы. Сонымен қатар өзінің біліктілігін жоғарылатуда жүйелі қызмет етіп, ата-аналармен жақсы жұмыс жасайды.

Бірінші санатты мұғалім – екінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған, 1-2 оқушы түлектерінің болуы. Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетеді. Сынып жетекшісі ретінде көптеген жұмыстар атқарады және мектепте сол сынып жоғары орындардың бірін алады, бұл оқушылар жоғары тәртіптілік деңгейімен сипатталады. Сонымен қатар мұнда ата-аналардың пікірі де ескеріледі. Жоғары санатты мұғалім – бірінші білікті категориясы бар, біліктілігін арттыру курсын табысты аяқтаған. Жас және тәжірибесі аз мұғалімдерге көмек береді. Жұмыс әдіс-тәсілдерін өңдейді және олардыжетілдіреді. Педагогикалық форумдарға қатысып, баяндама жасайды, баспаға мақалалар шығарады.























ҚОРЫТЫНДЫ


Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.

1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.

2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.

3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.

4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.

Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні – қоғамдық құбылыстың бір бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Ұстаздың

міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін

ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.

Мұғалім – өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде. Мұғалімдік жоғары деңгейге сәйкес болу үшін өзін педагогтық мамандығына арнаған әрбір адам өмірге және кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке қажетті жаңа мінез бітістерін қалыптастырып, мінез-құлығындағы кемшіліктерден арылып өзін-өзі жетілдіруге тырысу керек.

Өзінің кәсіби потенциалын ауқаттандыруда және әрдайым жаңаруда қоғамның талабына сай жас ұрпақты жаңа деңгейде оқыту қажет. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын.

Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.

Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары бойынша анықталады. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.










ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Ағанина Қ. Мұғалім мәдениеті 2003ж.;

2. Алтаева Б. Педагогикалық шығармашылық. Қазақ тілі мен әдебиеті 2003ж.;

3. Әбенбаев С. Сынып жетекші. 2004.;

4. Әбиев Ж. Бабаев С. Құдиярова А. Педагогика.А,.-2004ж.;

5. Берикханова А.Е. Педагогикалық кіріспе. Оқу құралы.- 2009.;

6. Болдыров И.С. Класс жетекшісі Алматы мектеп 2000ж.;

7. Қоянбаев Ж. Педагогика. Астана, 2008ж.;

8. Қоянбаев Р. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 2003ж.;

9. Қурманалина Ш.Қ. Мұқанова Б.Ж. Ғалымова Ә.У. Ілиясова Р.К. Педагогика Фолиянт баспасы Астана 2007ж.;

10. Құлшанова С. Мектеп педагогикасы.А,-2001ж.

11. Мұхамбетжанова Ә. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін дамыту үшін. \\ Ізденіс \\ 2004ж.;

12. Нұрғалиева Г. Білім беруді ақпараттандырудың тарихы мектебі 2003ж.;

13. Өстеміров К. Кәсіптік педагогика., Алматы, 2006ж.;

14. Сейталиев К.Б. Педагогика тарихы – Атырау, 2007.

15. Тұрғынбаева Б.А../Мұғалімдердің шығармашылық әлеуметін білікті арттыру жағдайында дамыту теория және тәжірибе. Алматы 2005ж.;

16. Хайруллин Г. Педагогика – Алматы. 2005ж.;

21