СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Планы для дошколы

Нажмите, чтобы узнать подробности

планыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы

Просмотр содержимого документа
«Планы для дошколы»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 12.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: «Көліктер»

Бөлімі: Аппликация бағыты

Бөлімше: 1.1 Заттық аппликация

Оқу мақсаты: 0.1.1.3. Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.

Білім беру саласы:Шығармашылық

Оқу іс-әрекеті: Аппликация

Тақырып: Көлік. Автобус

Мақсаты: Балалардың көлік түрлері туралы түсініктерін толықтыру.Олардын ортақ белгілері мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік- Көлік туралы жалпы түсінік беру Заттың өзгешілігін түсіндіру

Дамытушылық – Геометриялық түрлі пішіндерді қиюға ептіліктерін ,шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік- Жол жүру ережелерін сақтап , абай болуға тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: көлік- transport , автобус- bus

Тіл дағдылары: бөліктері, көліктің негізгі қызметтері

Технологиялық қамтамасыз ету: түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы,тұрғылар мен сүлгілер, тақырып мазмұнына байланысты суреттер. т.б

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыстың неше айы бар? Олардыы атайықшы.

- Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

Жыл мезгілінің бәрі де жақсы.

Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері бар.

Қыс мезгілі

-Шанамен, шаңғымен сырғанаймыз.

 



Негізгі бөлім

Бүгін бізде ертегі кейіпкерлері қонақта.Қане, балалар мына ертегі кейіпкері кім?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл қызыл телпек. Қызыл телпек бізге құр келмепті. Тапсырма ала келіпті.


Д/ойын «Не қайда жүреді?»

Бұлт, су, жол суреттері қойылып, көліктерді өз орындарына орналастырады.

-Ал, балалар! Енді көліктер туралы тақпақтар білесіңдер ме? Қане кім айтады?


Машина

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам

Кеме


Теңізді жүздім балықтай,

Дүниені кездім жалықпай.

Көліктердің бір түрі,

Мен боламын қайықтай.

Д/о «Суретті аяқта»


Ойынның барысы берілген суреттің жартысын бала салып аяқтайды. Атын атайды.

Буратиноның тапсырмасы.


-Ненің суретін салдық?


-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл автобустың суреті.


Суреттерің әдемі болып шығыпты. Бұл автобуспен жолаушыларды тасиды. Автобусты жүргізуші жүргізеді.


Біз бүгін жапсыру сабағынан автобусты қиып жапсыруды үйренеміз. Мен қазір жұмыстың орындалу көрсетемін,сендер мұқият тыңдап отырасыңдар.

Сергіту сәтін жасату.


Раз! Подняться.


Два! Согнуться.


Три- четыре! Руки шире!


Пять! Руками помохать!


Шесть! На парту сесть.


Балалар автобустың орындау үлгісіне сүйене отырып, жапсыру жұмысын орындайды.


Д/ о «Суретте не артық?»


Балаларға берілген тапсырманы мұқият орындауларын қадағалау.




Балалардың жауаптары

Қызыл телпек

 

 

Қағаздан үлгіге қарап автобусты жасайды.

Қимылмен көрсетеді және қайталайды.


Суға кеме,қайық,сүңгуір қайық, пароход


Жолда машина, камаз, кран, автобус.




Менде суретте жаз бейнеленген. Балалар суда жүзіп жүр. Ауа райы ыстық.




Тіктөртбұрышты қағаздың бетіне сызылған сызық бойымен қиып аламыз.


. Қара түсті қағазға дөңгелектің суретін сызып, қиып аламыз.


. Түсті қағаздан терезсін қиып аламыз.


. Барлық бөлшектерін ретімен жапсырамыз.






Қорытынды

бөлім


« 5 қалпақ» рефлексиясы. Балалар ҰОҚ алған әсерлері мен білімдерін қорытындылайды. Дайын үлгілерден көрме ұйымдастырылады.


Балалар қз ойларын білдіреді.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: Бейнелерді қию, құратыру, жапсыруды үйренеді.

Түсінеді:. Көліктер туралы түсініктерін кеңейтеді. .

Қабылдайды : жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретпен қолдана білді.


























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 12.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: «Көліктер»

Бөлімі: 1.Жанды табиғат

Бөлімше: 1.2. Өсімдіктер әлемі

Оқу мақсаты: 0.1.1.4. Педагогтің көмегімен болжамдар жасау және оларды өздігінен топта шешу

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану

Тақырып: Тәжірибиені қалай жасауға болады?

Мақсаты: Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері үйрету. Табиғат құбылысын сипаттауға баулу.

Міндеттері:

Білімділік - Балаларды өзекті мәселені шешуге ынталандыру.

Дамытушылық – Балалардың бойында тәжірибеге деген сүйіспеншілігін дамыту.

Тәрбиелік - Еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: гүл- flower, тәжірибе- experiment

Тіл дағдылары: флора, күтім жасау.

Технологиялық қамтамасыз ету: әліппе дәптер, бөлме гүлдері, тәжірибеге арналған құрал-жабдықтар.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім
















Негізгі бөлім

Балалар бізді қоршаған табиғатта

көптеген жаңалықтарды алдымен ойластырып алып артынан одан тәжірибе жүргізу арқылы оны ғылымға ,халыққа таратып отырады мысалы айталық біздер күнделікті үйде көптеген ойыншықтармен ойнаймыз ғой, ендеше сол ойыншықтарды

атайықшы доп, қуыршақ, үйрек резеңке ойыншық, машина, аю, орындық, суда жүзетін айдаһар, кітап және т.б.

Ал, сендерге сұрақ:

Осы ойыншықтардың ішінде суға батпайтын ойыншықтарды айтыңдаршы?

Олар неліктен суға батпайды?

Резеңке ойыншық суға неге батпайды?

Тәжірибе жүргізген кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Себебі резеңке ойыншықтардың ішінде желге толы болғандықтан суға батпайды.

Тәжірибе жүргізген кезінде қауіпсіздік ережесін қатаң түрде сақтау керек, тәбірибеге киетін халат, көзілдірік, қолғап міндетті түрде кию керек.

Оттықты жағып тұрып бетке жақын ұстауға мүлде болмайды.

Ермексазды, өзгеде кесетін құралдарды алған кезде мұқият болып отыру керек.

Иісі өте өткір заттарды иіскеп көруге қатаң тыйым салынады.

Қолға қалам, қаламсапты ауызға салуға болмайды.

Әліппе дәптермен жұмыс жүргізу.

Суға батпайтын заттардың суретін сал.

Суға батпайтын заттардың суреттерін белгіле.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Белгіле және сал.




Балалар мұқият тыңдайды,сұрақтар қояды.







-резеңке ойыншықтар,доптар


-себебі ішінде жел болғандықтан олар жеңіл сондықтан









Тыйым салынатын ережелерді сақтаймыз деп уәде береді.








Әліппе дәптердегі тапсырмаларды мұқият орындайды.



Қорытынды бөлім


-Әліппе дәптердегі суреттерге қарай отырып өз ойларыңды айт.

-Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?

- Әліппе дәптер шетіне өзіңнің тапсырманы қалай орындағаныңды өзің бағала.

Балалар тапсырманы орындайды



Өздерін бағалайды



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: Табиғат құбылыстарын сипаттайды

Түсінеді: Тәжірибені ереже бойынша жасауды

Қабылдайды : Өзекті мәселені шешеуге тырысады.

























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 13.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: «Көліктер»

Бөлімі: 3. Геометриялық фигуралар

Бөлімше: 3.2. Фигуралардың өзара орналасуы

Оқу мақсаты: 0.3.2.1.Үлгі бойын ша геометриялық фигураларды құ растыру.

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Тақырып: Астанаға саяхат. Бөліктерден фигура құрасты рамын.

Мақсаты: Бүтін және бөлік туралы білу. Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуді үйрету.

Міндеттері:

Білімділік - Бүтін мен бөліктерді салыстыру дағдыларын қалыптастыру.


Дамытушылық – Математикалық атауларды қолдану біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік - Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу

Полилингвальды компонент:

Тіл дағдылары: --бүтін, жарты, ширек.

Технологиялық қамтамасыз ету: Фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен

денелер (шар, текше, цилиндр), әліппе дәптер, қаламдар, суреттер

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Ынталандыру.

Педагог балаларды əңгімеге тартады. Балалардан сұрайды:

– Саяхат несімен қызық? (көптеген жаңа əрі қызықты нəрсе білуге болады).

Өзектендіру.

Біздің кейіпкерлеріміз ұшақпен саяхат жасайды. Балаларды топтарға бөліп, топтардың əрқайсысына 19.1-кестеден- қималы тарату материалынан ұшақ беруге болады.

Жолға шығар алдында олар ғимараттардың шатырын, иллюминатордан жолдарды қандай пішімде көретінін елестетуге тырысады.

Педагог ғимараттың суретін, мысалы, фигурасы бар суретті (шатыр – шаршы, тіктөртбұрыш; айналма жол – шеңбер немесе сопақ жəне т.с.с.) көрсетеді.

(Т) Топтардың əрқайсысы ұшақпен ұшу кезінде жерден көруге болатын үйлерді немесе гүлзарларды, көлдерді жəне т.б. елестете отырып, қағазда фигуралардың суретін (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) сала алады.

Жаңаны қолдану.

2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда торкөздер бойынша ұшақты қайталап салу.

Балалардан сұрайды:

– Ұшақпен қайда саяхат жасауға болады?

(Ж) Педагог 3-тапсырмаға берілген суретке қарауды ұсынады, онда аппликация жасалған бөліктерді атау қажет.

Балалар осындай шаршыны бөліктерге бөледі. Одан кейін үлгі бойынша аппликация жасайды.

Бекіту үшін шығармашылық тапсырма ұсынылады. Электрондық жəне қарапайым жиынтық полотнода фигуралардың бөліктерінен өрнектер ойлап табу.

Суреттер.






















Негізгі бөлім

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ө) 1-тапсырма – тəжірибелік жұмыс.

Балалардың əрқайсысы қағаз парағын суретте көрсетілгендей етіп бүктейді. Педагог мұны балаларға көрсетеді. Қағазды жазған кезде жарты парақ, парақтың төрттен бір бөлігі шығады.

Жаңалық ашу.

Жұмыс аяқталған соңбалаларалынған бөліктердің санын есептейді, педагог олардың атауларын айтады.

(Ж) ойын ұйымдастыруға болады. Саяхат барысында жолда балалар бəлішті (шаршы) немесе пиццаны

Қағаздың беті шаршы пішімді. Əліппе-дəптер. Жиынтық полотно





Əліппе-дəптер.


Түрлі түсті қағаздан жасалған шаршы.

Электрондық жиынтық полотно.





Қорытынды бөлім


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Жетістік ағашы » арқылы бағалауды ұсынады.


Балалар өз ойларын айтып, жемістерді ағашқа орналастырады.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек.

Түсінеді: фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек;үлгі бойынша шеңбердің бөліктерінен өрнектер құрастырады.

Қабылдайды : сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.




























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 13.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: «Көліктер»

Бөлімі: 3. Геометриялық фигуралар

Бөлімше: 3.2. Фигуралардың өзара орналасуы

Оқу мақсаты: 0.3.2.1.Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ

Тақырып: Атам мен əжемнің ауылына барамын. Бөліктерден фигура құрастырамын.

Мақсаты: Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыруды үйрету.Балаларға бүтін және бөлік туралы толығырақ түсінік беру

Міндеттері:

Білімділік - Түрлі тапсырмалар орындату арқылы балалардың ойлау дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық – Бөлікке бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік - Сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу

Полилингвальды компонент: ата-Granddad , әже- Grandmother.

Тіл дағдылары: -бүтіндегі жартылар, бүтіндегі ширек бөліктер саны туралы сөйлемдер құрайды.

Технологиялық қамтамасыз ету: Қағаздан жасалған шеңберлер. Əліппе-дəптер Жиынтық полотно, Суреттер

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Ынталандыру.

Педагог «Атам мен əжемнің ауылында» əңгімесіне тартады.

Балалар ата-əжелерінде қонақта болғаны туралы сұхбатқа араласады.

Өзектендіру.

Геометриялық конструктормен тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады. Атаға арнап үй құрастырамыз.

(Т) Балалар геометриялық фигуралардан үй құрастырады. Педагог топтардың əрқайсысына хатқалтадағы фигураларды таратады.

Үлестірмелі материал мен

жиынтық полотноға назар аударады.



Негізгі бөлім

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Бүгін біз фигураларды бөліктерге бөлуді жəне бөліктерден фигуралар жинауды жалғастырамыз. Педагог № 1 тапсырманы орындауды ұсынады. Атаға арнап кілт таңдау кезінде балалар оның пішіні мен түсін атайды жəне кілттердің орналасуын талдайды.

Полилингвальды компонент: ата-Granddad , әже- Grandmother.

(Ө) №1 тапсырманы орындауды ұсынады, онда құрақ көрпе құрастыру қажет. Балаларға түрлі түсті қағаз парақтары таратылады. Балалар оларды бөліп қияды. Құрақ көрпе құрастыру кезінде балалар оны құрайтын тікбұрыш (немесе шаршы) бөліктерін талдап, оларды қалай жапсыратынын ойлап табады.

Фигураларды бүктеу жəне бөліктерге (дөңгелек, шаршы) бөлу жəне үлгі мен қиял бойынша бөліктерден фигуралар құрастыру бойынша практикалық жұмыс орындайды.


(Ұ) Суретте бөліктер көп, бірақ олардың екеуінен ғана дөңгелек құрастыруға болады.

Оларды табыңдар:

Қандай бөліктерден шаршы құрастыруға болады?


Ойынды жалғастыруға болады. Топтарда ұқсас ойын өткізуге болады. Ол үшін фигуралардың бөліктері араластырылады жəне одан кейін балалар бүтіннің екі

жартысын іздейді. Одан күрделі нұсқа – бүтіннің 4 бөлігін іздейді.

Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды орындайды



Қорытынды бөлім


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар өз жетістіктерін бағалайды.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: -фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен

денелер (шар, текше, цилиндр) біледі.

Түсінеді: -фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек;

Қабылдайды : -үлгі бойынша шеңбердің бөліктерінен өрнектер құрастырады.























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 14.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: «Көліктер»

Бөлімі: 1. Мен -Адаммын

Бөлімше: 1.2 Мен ерекше адаммын

Оқу мақсаты: Балаларда өзіне және қоршаған ортаға шартталған әлеуметтік мәні зор бейімделуді қалыптастыру болып табылады.

Білім беру саласы: Әлеумет

Оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану

Тақырып: Мен елгезек баламын

Мақсаты: Үлкендердің өтінішін, тапсырған ісін орындауға үйрету. Тыңдау, тіл алу, елгезектік туралы түсініктерін кеңейту

Білімділік: - Әр бала жеке тұлға екенің түсіндіру.

Дамытушылық: - Өзара жағымды қарым- қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: - Үлкендерді тыңдай білуге тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: елгезек- Sensitive. Сезім- Feelings

Тіл дағдылары: жақсылық жасау, адамгершілік қасиеттер.

Технологиялық қамтамасыз ету: иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер,түрлі түсті қарындаштар, суреттер,

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

есеп

+

-

Кіріспе бөлім



Педагог «Біз- өмірдің гүліміз» өлеңін оқып береді.

Балалар мұқият тыңдайды.



Негізгі бөлім

Балалар, «Біз- өмірдің гүліміз» өлеңінен не түсіндіңдер? «жақсылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жақсылық дегеніміз- айнала қоршаған ортаға, адамдарға деген қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік таныту, жақсы іс жасау. Ал осы айтқан қасиеттер бойында бар адамды- жақсы адам дейміз.

Дәптермен жұмыс жүргізу. Сурет бояйды.

Д/ойын: «Көлеңке».

Балаларды екі топқа бөліп,ойын шарты түсіндіріледі. Көлеңке болған балалар бірінші балалардың іс- әрекеттерін, қимылдарын айнытпай жасаулары тиіс.

Д/ойын: «Жақсы-жаман»

Шарты: Педагог балаларға сюжетті суреттер таратады. Әр суретте бейнеленген сурет бойынша балалар «жақсы-жаман» екенін айтады. Мысалы: Ағашты сындырған ол-жаман. Ағаштарды сындыруға болмайды т.с.с

Сурет салу «Менің сезімім»

Тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.





Сурет бойынша әңгімелейді, бояйды.


Ойынға қатысады.







Балалар өз сезімдерін бейнелейтін суретті салады.



Қорытынды бөлім


Оқу іс- әрекеті атқарылған жұмыстың нəтижесін қорытады. Балаларды мақтайды, білуге деген құштарлықтарын ынталандырады. Тәрбиеші балалардың өз жұмысына баға беруін сұрайды

Бала өзінің жұмысын

таяқша арқылы бағалайды.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: «Елгезек» ұғымы туралы түсініктерін.

Түсінеді: адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін молайтады.

Қабылдайды : үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік көрсету т.с.с қасиеттерге баулу.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің картасы

Тәрбиешінің аты-жөні: Оспанова Г.А. Күні: 16.02.18 жыл

Топ: Мектепалды «Ә» Қатысушылыр саны: қатыспаушылар саны:

Өтпелі тақырып : «Бізді қоршаған әлем»

Апталық тақырып: «Көліктер»

Бөлімі: 2. Жанды табиғат

Бөлімше: 1.3. Жануарлар әлемі

Оқу мақсаты: 0.1.1.2Дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту,сыбырлап және қатты айту.

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу іс-әрекеті: Драма

Тақырып: Мақтақыз бен мысық

Мақсаты: Тірі табиғат бөлігі ретінде жануарлар ды анықтау. Үй жануарларының белгілерін балалармен нақтылау.

Міндеттері:

Білімділік - Балалардың ақыл-ой қабілетін жаттықтыру.

Дамытушылық - Шығармашылық пен қиялын дамыту.

Тәрбиелік- Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Полилингвальды компонент: Мысық- cat,сүт –milk.

Тіл дағдылары: қатық, тату-тәтті тұру, дос болу.

Технологиялық қамтамасыз ету: суреттер, ертегі кейіпкерлерінің бетперделері.

Кіріспе бөлім

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім



-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


-Дұрыс,айтасыңдар қыс мезгілінің айларын айтайықшы.


-Ал,қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?


Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді.



Негізгі бөлім

(Жылап мысық келеді)

Мысық:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, (жылап тұрады)

Тәрбиеші:Саған не болды мысық?

Мүмкін саған көмектесе алатын шығармыз?

Мысық:Балалар мен «мақта қыз бен мысық»ертегісіндегі мысықпын.

Мен мақта қыздың қатығын төгіп тастағаным үшін,құйрығымды кесіп алды,құйрығымды алу үшін бірінші тапсырмамды орында деді.

-Ал мен болсам бұл тапсырмаларды орындай алмаймын,балалар маған көмектесесіңдер ме?(қорапты тәрбиешіге береді)

Тәрбиеші:

-Жақсы,мысық біз саған көмектесеміз.(балалардың қасына отырады)

-Балалар біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білеміз бе?

Олай болса бүгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдаймыз.

Ертегі желісін көгілдір экран арқылы көрсетіп, түсіндіру.

Сұрақ- жауап.

Мақтақыз үй жинап жүріп не тауып алды?

Мысықты неге шақырды?

Мысық келді ме?

Мақтақыз сосын мейізді не істеді?

Мысық оның қатығын неге төкті?

Сөздік:

Қатық : Ұйытылған сүт. Сүттің жылы кезінде үстіне кішкене айран құйып бетін жауып қойсақ, ол сәлден соң ұйып қатық болады, сонымен қатық дегеніміз ұйыған сүт.

Блингвалды компонент:

Мысық- кошка-cat , сүт – молоко-milk.

-Балалар,мына қорапшадағы 1-тапсырманы алып,орындайық.

1-тапсырма: «Жұмбақтардың шешуін тап?»

1.Келеді бір жануар,

Үстінде екі тауы бар

2.Басында мүйізі бар,

Үстінде киізі бар

3.Ауыр ағашты тасуға ұста,

Тұмсығы ұзын,құйрығы қысқа.

4.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы

5.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырыпкиген тоны бар.

Мысық:

-Ой, қандай тамаша, шыныменде ақылды балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші:

-Мысық біздің балалар, сен айтқандай ақылды. Тіпті сен туралы тақпақта біледі

Мысық:Тамаша,көп рахмет!

Сергіту сәті:

Ертегіні сахналау. Педагог автор сөзін айтады. Балалар рөлдерге бөлінеді де ертегіні сахналайды.





Мысықты мұқият тыңдайды.










Арине,көмектесеміз.









Балалар сұрақтарға жауап береді.








Қатық- сөзінің мағынасын ұғынады.





Қорытынды

бөлім


(р) –Балалар, мысық пен Мақта қыз дос болды ма?

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Дос болу үшін не істеу керек екен?

Достар бірге жүреміз,

(қол ұстасып, айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

(бір-біріне қарап күлу)

Бірге балық аулаймыз,

(қолдарын алға созады)

Міне, біздер қандаймыз!

(қолдарын жоғары созу)

Бөлінбейдііргеміз,

Әрқашанда біргеміз.


Балалар смайлдар арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.



Күтілетін нәтиже :

Өндіреді: ертегі мазмұнын естеріне түсіреді.

Түсінеді:. Кейіпкерлердің мінез құлқын сомдайды.

Қабылдайды : шығармашылықтарын арттырады.




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!