| Сабақ кезеңдері. Ұйымдастыру.Топтастыру – топ: Гүл 2 – топ: Жеміс 3– топ: Гүлшоғыр 4- топ: Сабақ 1.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Миға шабуыл жасау стратегиясы. Жұмбақ табу 1)Тіл үйірген дәмі бар, Сары алтын түс-сәні бар. Шақсаң егер кептіріп, Сүйегінің дәні бар, Баққа тұрар сән беріп, Алқа етіп тізіп ал. (Өрік) 2) Өзі қызыл, өзі қызық, Ортасында бір сызық. (Шабдалы) 3) Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. (Алма) 4)Ирек - ирек әкесі бар, Желбіреген шешесі бар, Тәттібике деген қызы бар. (Шие) 2. «Білім кілті танымдылықта» оқып білу стратегиясы Берілген өсімдіктердің ерекшеліктерімен танысу 1.Раушангүлділер тұқымдасына сипатама. 2. Раушангүлділердің морфологиясы. 3. Раушангүлдідердің өкілері. 4. Табиғаттағы маңызы. 3. Адасқан әріптер ойыны бойынша тақырыпқа қатысты тапсырмалармен жұмыс жасау Раушангүлділер – релдіүлгнашрау. Құлпынай - йаныпқұл Қосжынысты –осқынысжыт Жапырақ- қапыражрат Итмұрын – нымұрти Таңқұрай - райұқңат долана – налаод Көпжылдық - Пөклыжқыд 4. «Сызықтық диктант» 1.Елімізде раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің 190 түрі бар.(+) 2.Раушангүлділер тұқымдасы дара жарнақтылар класына жатады.(-) 3.Раушан майы өте бағалы май.(+). 4. раушангүлділердің жемістері тек шырынды.(-). 5.раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерде 5 күлте, 5 тостағанша жапырақша болады. (+) 6.Ғаламшарымызда раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің 3000 түрі бар.(+) 7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер-бұталы, шөптекті өсімдіктер. (+) 8. Раушангүлділердің тек күрделі жапырақты өсімдіктер. (-) 9.Раушангүлділер қосжарнақты көпжылдық өсімдіктер (+) 10. Раушан гүлі – жабайы өсімдік (-) 11. Таңқұрайдан 1 га-нан 100 килограмм май алынады (+) 12. Тұқымдарында эндосперм болмайды (+) 5.Өрмекшінің шеңбері стратегиясы. 1. Ғаламшарында және елімізде раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің саны қанша? 2. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің өсу формалары қандай? 3. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары қандай? 4. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері қандай болады және жемістері қалай таралады? 5. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлшоғырлары және гүлсеріктері қандай болады? 6. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлінің формуласы қандай? 7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің қандай өсімдіктер жатады? 8. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің қандай пайдасы бар? 9. Раушангүлділер тұқымдасының қандай туыстары болады? 10. Раушангүлділердің жабайы және мәдени түрін атаңыздар? 11. Тұқымдарында не болмайды? 12. Жабайы итмұрыннан шығарылғаан сорт? 6. Қорытындылау. Тест тапсырмалары Тест 1.Раушангүлділердің жабайы түрлерін ата? А) тікенгүл, итмұрын В) итмұрын, алма С) алма, шие, құлпынай 2. Раушангүлділердің сәндік түрі? А) шие В) құлпынай С) раушангүлділер 3. Қосжынысты қосжарнақты жер бетінде 3 000 түрі кездесетін тұқымдасты көрсетіңіз? А) раушангүлділер В) лалагүлділер С) күрделігүлділер 4. Шырынды жеміс? А) тікенгүл, итмұрын В) итмұрын, шыршай С) алма, шие 5. Құрғақ жеміс? А) тікенгүл, құлпынай В) итмұрын, алма С) шыршай, теңгежапырақ 6. 1 га-нан 100 килограмма дейін бал алынатын раушангүлділердің өкілін ата? А) таңқұрай В) итмұрын С) долана 7. Тосап, шырын компот дайындайды? А) долана В) итмұрын С) таңқұрай 8. Раушангүлдердің көп түрлерінің таралу аймағы? А) Еуропа В) Азия С) Африка 9. Жай жапырақтылары А) алма, алмұрт В) бүлдірген, құлпынай С) итмұрын, шетен 10. Күрделі жапырақтыларды атаңыз? А) алма, алмұрт В) бүлдірген, алмұрт С) итмұрын, шетен 7.Үйге тапсырма.Тақырыпты оқу. 1. Бағалау парағы. Свод талдау Күшті -5 Мүмкіндік -4 Әлсіз топ-3 Қауіп-2 2. Кері байланыс. Оқушылар тақтаға стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып іледі. | | Оқушының аты-жөні | Миға шабуыл | Білім кілті танымдылықта | Адасқан әріптер | Сызықтық диктант | Өрмекшінің шеңбері стратегиясы | Тест тапсырмалары | | 1 | | | | | | | | | 2 | | | | | | | | | 3 | | | | | | | | | 4 | | | | | | | | | 5 | | | | | | | | | 6 | | | | | | | | | 7 | | | | | | | | | 8 | | | | | | | | |