СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Биология 6 класс

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Раушангүлділер тұқымдасы. Гүл мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктері.

№23 зертханалық жұмыс. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы

Просмотр содержимого документа
«Биология 6 класс»



Тексерілді:

Мерзімі:

17.02.2017

Сабақ № 44

Пәні:

Биология

Сыныбы: 6 в

Пән мұғалімі: Харсанова С.С.

Сабақтың тақырыбы

Раушангүлділер тұқымдасы. Гүл мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктері.

№23 зертханалық жұмыс. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Раушангүлділер тұқымдасын, гүл мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формаларын, жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктерінің маңызын түсіндіру, меңгерту, өмірмен ұштастыру, терең және жүйелі білім алуға жағдай жасау. №23 зертханалық жұмыс арқылы Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысымен таныстыру.

Тәрбиелік: Кембридждік оқыту жүйесі бойынша топтық жұмыс жасата отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:оқулықпен жұмыс жасата отырып есте сақтау қабілетін дамыту, ойлау, саралау, жүйелеуге бейімділіктерін дағдыландыру. Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге үйрету.

Оқыту нәтижесі

Раушангүлділер тұқымдасын, гүл мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формаларын, жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызы халық шаруашылығының өсімдіктерінің маңызын түсінеді, меңгереді, өмірмен ұштастырып, терең және жүйелі білім алады. №23 зертханалық жұмыс арқылы Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысымен танысады.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Модульдері

АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері).ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау:

Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Оқыту әдісері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс, ойын елементтері(қиын сұрақтар аралы, бинго)

Пайдаланылатын әдебиет

Р. Әлімқұлова., Ә. Әметов., Ж. Қожантаева., Қ. Қайым.,

Қ. Жұмағұлова. 6сынып

Биология оқыту әдістемесі 7сынып.Алматы «Атамұра» 2012.

Материалдар мен жабдықтар

тақта, слайд, суреттер, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, зертханалық жұмыс дәптері, кеппе шөптер, алма, зертханалық құрал жабдықтар, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы

Сабақты өткізу кезеңдері

уақыт


1.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

- Сәлемдесу.

-Оқушыларды түгендеу.

-Жағымды ахуал туғызу

Күлім қағып қолымды,

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бер қысайын.


-Сабаққа назарларын аудару.

2. Үй тапсырмасын сұрау

3мин





















2мин

  1. Сұрақ – жауап «Қиын сұрақтар аралы»

1.Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің неше түрлері бар?

2. Орамжапырақгүлді өсімдіктерді кейде қалай атаймыз?

3.Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі қандай?

4. Неліктен шаршыгүлділер деп аталад? (Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасатындықтан)

5.Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүл серігі қандай?

6. Шаршыгүлділердің гүлінің құрлысын формула түрінде жаз?

7. Орамжапырақгүлділердің гүл шоғыры қандай?

8. Орамжапырақтар тұқымдасына жататын маңызды өсімдіктердің бірі?

  1. Тұсаукесер «Ой қозғау» «Раушан » гүлдің суретін көрсету. (Жаңа тақырыпты ашу)

- Ендеше, балалар, бұл суреттен не көріп тұрсыңдар

- Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?

Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.

Оқушыларды топқа бөлу. Жемістер мен гүлдердің суреттерін алу арқылы топтасады.

1топ – Раушандар

2топ- Алмалар

3топ- Таңқурайлар

4топ- Итмұрындар

3.Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі

1 мин





















1мин














8 мин














12 мин

Дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жаздыру

Сабақтың мақсатын қою, оқушылардан сұрау

-Бүгінгі сабақтан нені күтесің, не білгің келеді?

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру



Жаңа сабаққа кіріспе:

Раушангүлділер тұқымдасы
Жер шарында – 3000

Елімізде - 36туыс-190 түр ҚР-да өседі

Тіршілік формасф: Ағаш, бұта, шөптесін.

Гүлдері: қос гүлсерік, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақша, аталығы шексіз,кейде 4-8-9, аналық саны 1, өте көп

Жемісі: – көп сүйекті , жидек, сүйекті-шырынды, жаңғақты, көп жаңғақшалы құрғақ жеміс.

Гүл формуласы

Т(5) К5 А ∞ Ж1

-Қосымша ақпараттар беру

Постер қорғау

1топ. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің жалпы сипаттамасы мен олардың көптүрлілігі 2мин

Мұғалім пікірі 1мин

2топ. Раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің жемістерінің алуан түрлілігі 2мин

Мұғалім пікірі 1мин

3топ. Раушангүлділердің мәдени және дәрілік түрлерінің ерекшеліктері 2мин

Мұғалім пікір 1мин

4топ. Раушангүлділердің жабайы және сәндік түрлерінің

ерекшеліктері 2мин

Мұғалім пікірі 1мин

4. Бекіту

7 мин

№23 зертханалық жұмыс. Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы. (зертханалық жұмыс дәптерлеріне орындатқызу)

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

4мин

«Бинго ойыны» сұрақ жауап

Жауабы: Бұталы- раушан, итмұрын. Ағашты- алма, алмұрт, шетен, мойыл. Көпжылдық шөптектес- бүлдірген, теңге жапырақ, шыршай.

  1. Ғаламшарымызда раушангүлділердің ... астам түрлер бар? (3000- нан астам)

  2. Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме?

  3. Раушангүлділердің мәдени өсімдіктерін ата?

  1. Көктемде
    Ақ гүлге оранады,
    Күзде
    Қолға доп боп оралады. (Алма)

  2. Бұтаға ілген үлпершек,
    Іші нәрлі қызыл сөл,
    Теріп алып үлгерсек. (Таңқурай)

  3. Тіл үйірген дәмі бар,
    Сары алтын түс — сәні бар.
    Шақсаң егер кептіріп,
    Сүйегінің дәні бар,
    Баққа тұрар сән беріп,
    Алқа етіп тізіп ал. (Өрік)

Балалар бүгінгі тақырып түсінікті болды ма? Тақырып бойынша не түсініксіз болды?

6.Үй тапсырмасы

2мин

Оқу: Раушангүлділер тұқымдасы. Жұмыс дәптерді толтыру

Шығармашылық жұмыс: Жай жапырақты раушангүлділер тұқымдас өсімдіктердің маңызы

7.Бағалау

2мин

Бағалау парағы

Аты-жөні:


Сүрақ – жауап

3ұпай

Жаңа сабақ

3 ұпай

Постер қоғау

3-5 ұпай

№23 зертханалық жұмыс

1-5ұпай

Бинго

1сұраққа 1ұпай


Қорытынды















15-20 ұпай –«5»

14-11 ұпай – «4»

10-3 ұпай – «3»

8. Рефлекция

1мин

Кері байланыс парағын толтыру арқылы өздерінің бүгінгі сабақ бойынша түйгендерін және тапсырмаларды орындау кезіндегі қиындықтар мен оны қандай жолдармен еңсергендігімен бөліседі. Білемін?Білдім?Білгім келеді? сұрақтарына жауап жазғызу