Әріптер әлеміне саяхат
Мақсаты:
1. Өтілген дыбыстар туралы білімдерін бекіту, дыбыстық талдау жасау білуді үйрету.
2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, буын құрау, сөз құрастыру, жұмбақ, ребус шешу.
3. Буындарды, сөздерді оқу. Әңгіме құрастыра білуге, сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: өтілген дыбыстарға арналған плакаттар, кеспе әріптер, суретті ребус, магнитті тақта, түсті текшелер, кеменің суреті, моряктардың киімдері, жалауша.
Әдіс-тәсілдер: Ойын, көрнекілік, сөздік, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақты бастамас бұрын бір-бірлеріне жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарыңды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталса, сол дыбыстан басталатын ізгі тілек айту керек.
- Менің атым - Әйгерім.
Аспанымыз ашық болсын.
- Менің атым – Батытгүл.
Бәріміз дос болайық.
- Менің атым – Кәмшат.
Көңіліміз шат болсын.
- Менің атым-Мадияр.
Мамамыз аман болсын!
- Менің атым – Камила.
Көк туымыз биік болсын!
- Өте жақсы
- Балалар саяжайға немен шығуға болады? Келешек ұшақпен, автобустен, поездбен. Ендеше, біз қазір «Әріптер әлемі» келесі саяжайға шығамыз. Кемемен әріптер кемесіне мініп кеттік (музыка әуенімен).
III. Жаңа сабақ.
1.- Жолсерік кеменің капитаны Г.Дима.
- Жолаушы жолдастар! Дима біз сендермен таңғажайып «Әріптер» кемесіне саяхатқа барамыз. Жолаушы жоладсытар! Өз орындарыңызға отырыңыздар. Жолда қызық болу үшін (музыка әуенімен) барамыз. Кемежайға мінеміз.
1. А- кемежайына келдік.
Ойын: «Кім зейінді» текшемен жұмыс. Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, сабақты бастау.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
- Дауысты дыбыстар қалай аталады?
- Ал,дауыссыз дыбытсра ше?
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
- Өте дұрыс. Демек, қазір біз текшемен қандай дыбыс (дауысты, дауыссыз) екенін айырамыз (текшемен жұмыс) (әуен ойналады)
2. Б- келесі кемежайға келдік.
Ойын: «Сөз қай әріптен басталған?» Шешуін табу керек.
3. Қ әрпі кемежайына келдік.
Ойын: «Сөздерді оқы және дыбыстарға талдау жаса»
3. Ш әрпі – кемежайы
4. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» сиқырлы буындар. Сөз құрау.
5. М - әрпі кемежайы
6. Ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастыр»
Сергіту сәті: «Құмырсқа»
7. Е - әрпі кемежайы.
8. Ойын: «Сөзді ребусты шешейік»
9. К әрпі кемежайы.
10. Ойын: «Дүкен ойыны» Әріптерге байланысты ойыншықты сатып алу.
11. Т - әрпі кемежайы. Ойын: «Сөз жұмбақ шеш және жаз»
Сабақты бекіту: Балалардың белсенділіктерін, жеке қабілеттері мен еңбектерін мадақтау және мақтау. «Сиқырлы сандықтан» балаларға сыйлық тарту.