СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 26.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сәндеу. Безендіру. 8 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сәндеу. Безендіру.docx

Просмотр содержимого документа
«Сәндеу. Безендіру. 8 сынып»

Көркем еңбек

Мектеп: №201 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Гүлдана

Сынып: 8 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Сәндеу. Безендіру

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.2.3.3-Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану;

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда

қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;

8.2.6.1-Қауіпсіздік ережелерінің маңызы мен сақтық шараларын сақтауды жариялау арқылы материалдар мен жұмыс құралдарын пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

- өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады;

- өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды;

  • - әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

8 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды:

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау

Оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған қағаздарды қарастырады, сонымен бірге тақтадағы қазақ ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады.

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.


Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.



Әр топқа жазуға арналған жеке парақтар.




15 мин







15 мин


Бірлескен әңгіме

  • Этностильдегі бұйымды әртүрлі материалдармен қалай сәндеуге болады?

  • Жобалық бұйымды сәндеудің қандай әдіс-тәсілдерімен түрлендіруге болады?

  • Сәндеу кез келген бұйымның функционалдық сапасын жақсарта ала ма? Неліктен?

  • Ұсынылған безендіру нұсқаларын қарастырыңдар, оны өзіңнің киізден жасалған бұйымыңды сәндеуге қолдануды ұсыныңдар.

Мұғалімнің түсіндіруі

Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет.

- Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген (4 слайд).

Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:

  • Кесте – әрлеудің бұл түрін қолдана отырып, мата фактурасын, формасы, бұйым конструциясын, сонымен бірге фасоны мен адамның жасын ескеру қажет. Кестелеу үшін әртүрлі материалдарды: акрильді жіптер, бисер, стеклярус, жібек таспа, мулине жібі және т.б. қолдануға болады.

  • Ызбамен әрлеу – сәндеудің кең таралған түрі, ол алуан түрлі, түрлі түсті, бір түсті, көп түсті, мысалы, жаккардты ызба және т.б. болуы мүмкін.

  • Жапсырма - онымен кез келген бұйымды, мысалы, фетрден жасалған жеке ою-өрнек элементтерінің әртүрлі нұсқаларымен сәндеуге және оны бұйымның таңдалған тұсына жапсыруға болады.

  • Ылғалды-жылумен өңдеу – бұйымға белгілі бір пішін және эстетикалық түр беру үшін орындалады. ЫЖӨ үтікпен немесе арнайы үтіктеу тақталарында преспен орындалады.

Жұмыс сапасын бағалау

  • Критерийлер бойынша жұмысты талқылау және бағалау.

Талқылау алдында мұғалім оқушылармен бірге критерийлерді қарастырады. Мұғалім оны келесілерді ескере отырып, тақтаға жазады: шығармашылық жұмыстың жақсы жақтары; жобалық өнімнің жетілдірілетін жері.

Оқушылар бағалау парағын толтырады (3 қосымша)

Оқушылар сұрақтарды топта талқылауы қажет:

Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.



Топтар барлық сабақ бойындағыдай құрамда жұмыс жасайды.

Дискриптор

Батиктің өлшемі бойынша өз жұмысына рамка жасайды.

Жұмысын әсемдейді (кракле, бисер)

Өзінің және сыныптастарының жұмыстарына баға береді.



Бисер, жіптер – люрекс, кестелеуге арналған жіптер, ине, қайшы және т.б.









Бағалау парақтары



Сабақтың соңы

5 мин.

Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды:

Не жақсы шықты?

Нені түрлендіру қажет?

Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.


Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2:




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!