СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра

Нажмите, чтобы узнать подробности

панопаоапрпррпрппр

рннннннннннннннннннннн

рррррррррррррррррроиопо

прооооооооооооооооооооо

рппппппппппппппп

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»


Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж






Т ақырыбы:

«Тіл ұлттық белгі, халықтық мұра»






















Тобы:


Уақыты:


Іс шараның тақырыбы:

«Тіл ұлттық белгі, халыққа мұра»

Құзыреттілікке жеткізетін іс шараның мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық құзыреттілік


Ә) Коммуникативтік құзыреттілік


Б) Проблеманы шешу құзыреттілік




Оқушыларды тіл құдіретін сезіне білуге, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын түсіне білуге қалыптастыру.



Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге, пікір таластыра білуге дағдыландыру.


Сабаққа қатысушы оқушылар әр бөлімде берілетін тапсырмалар, жағдаяттарды шешу арқылы, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, шығармашыллыққа үйренеді.

Іс шараның түрі:

Тәрбие сағаты

Іс шараның әдіс-тәсілдері, қолданылатын пед.технологиялар

Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, Ұжымдық оқыту технологиясы АКТ.

Оқыту құралдары:

Ой қоздау тапсырмалар, тірек схема, карточкалар

Іс шараның барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі





IІ . Негізгі бөлімі



Оқушылармен амандасып,сабақтың мақсатын, бөлімдерін таныстыру.




Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Себебі көркем - әдеби туындыларды аз оқитын оқушылардың сөздік қоры аз, осыған орай, олардың дүние танымы да, сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады. Өйткені ақылдың көзі ойда.

Логикалық жүйемен дұрыс ойлай білу тіл мәдениетін қалыптастырады. Дұрыс ойланып сөйлеген адамдар өз ойын толық жеткізе алады және өзін басқаларға тыңдатады да, өзі басқаның ойын тыңдай біледі.

Қазақ халқы өзінің шешендігімен шеберлік және даналығымен ерекшеленеді. өйткені мақал – мәтелдердің мағынасына зер салып көрсек, бір шындықтың нышаны білінеді.

Оқытушымен амандасу.Берілген мәтінді мұқият тыңдау, талдау жасау. Мән-мағынасын түсіну арқылы, қазақ тілін құрметтеу сезімін биік ұстауға үйренеді.

Айтылған пікір бойынша оқушылар өз ойларын білдіреді:

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес.



Ертеде билер мен шешендер ел – елдің дауын майда тілмен шеше білген. Оның айғағы «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді» деген мақалдың астарын бақылайықшы. Яғни, баланы ұрып, ұрсып айтпай –ақ, ойланып, дұрыс сөйлеп оның зердесіне жетуге болады. Жақсы сөзбен оның көкірегі мен көзін ашуға болады.

Шараның тақырыбымен, мақсатымен және қандай бөлімдерінен тұратынымен танысып, білімдерін кеңейтеді. шараны бастауға дайындығын білдіреді.








Оқушылар өз ойларын жүйелі білдіруге дағдыланады.


I- кезең «Сұрақ-жауап»


«Өнер алды қызыл тіл»
- Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуге үйренейік.
- Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы - кітап. олай болсакітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздер, сөйлемдерге назар аудар, есіңде ұста, сөзіңде пайдалан. Әдемі сөйлеудің көзді бұлағы халық тілінде. Ендеше мына сұрақтарға жауап берейік.




Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1. Елбасымыз Н. Назарбаев дүниежүзі қазақтардың құрылтайында не деген екен ?

2. Халық тілін ана тілі деп атаудың мәнін түсіндіріңіз.



Жауаптары:

1. Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзі түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес.



2. Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, сондықтан да өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз.
«Тіл ақылдың өлшемі» деп халқымыз бекер айтпаған. Олай болса, тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем - әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты.

Оқушылардың сұрақ-жауап арқылы ойлау қабілеті дамиды. Шешендік өнер жолында шешен сөйлеуге ақиқат айтуға үйренеді.


II- кезең Мақал – мәтелдер.

Оқушылар тіл туралы мақал- мәтелдердің мән-мағынасын ашып, айтайық.

Мақал-мәтелдер

1. Ақылдың көзі – аталы сөз

2. Жақсы сөз - жарым ырыс

3. Сөз тапқанға қолқа жоқ

4. Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді

5. Шешенннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген

6. Тіл тиексіз

7. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.


Қазақтың көптеген ұлағатты мақал-мәтелдерін жатқа біледі. Олардың мағынасын жете түсінеді, кең, еркін сөйлеуге үйренеді. Қазақтың әдеби тілін асқақтатады.....................




IІІ-кезең

Нақыл сөздер, пікірлер.

Оқушылар ұлылардың айтып өткен мәртебелі сөздеріне құлақ түрейік. Қазағымның осындай әдеби-көркем сөздері көп болсын.

Нақыл сөздер, пікірлер.

1. Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытұлы

2 .Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі

3. Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев

4 .Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин

5 .Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов


6 .Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов


7 .Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов


8 .Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы






Оқушылар нақыл сөздер айту арқылы халықымыздың ата-бабалар қалдырған қасиетті де асыл сөздерін ойға тоқиды.











Әркез есте сақтап, өз ұстанымы ретінде елге жеткізеді. Сөз қадірін біліп, алтынын іріктей алады.





ІV кезең. Ана тілі туралы өлеңдер.






































































ІІІ. Қорытынды.


Кәне оқушылар қасиетті тұғырлы тілім менің деп, кім айтады? Кімнің жүрегі патриоттық сезімге толы, жыр шертеді.

Тіл туралы өлеңдер айтылсың..........




































































Оқушыларға асыл да, құдіретті, қасиетті ана тіліміздің кеңдігін, сөз жетпес байлығын биіктігін ашып түсіндірдім. Тұғырлы ана тілімізді сақтап, қастерлеп, асқақтатып, айқындап жүре берйік!!!!!!!!

Ана тілі туралы өлеңдер

Ана тілі

Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

Ә. Табылдиев

Тілге тағзым

Ана тілі — біздің туған анамыз!

Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Ана тілін кім аялай білмесе,

«Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.

Жүрегімнің алауын

Сөзге орап берсем ше?

Қағаз төзбей, қарағым,

Өртенгенін көрсең ше?

Күйіндей тәтті толқын Тәттімбеттің…

Таудағы тас бұлақтың мөлдіріндей,

Даламның қызыл-жасын өндіріндей.

Бәйек боп бауырына алған бөбек жанын,

Анамның мейірбанды көңіліндей.

Күйіндей тәтті толқын Тәттімбеттің,

Талындай он өрілген тал жібектің.

Гауһардың от шарпыған ұшқынындай,

Өлшеусіз кеңдігіндей жер мен көктің.

Аяулы, абыройлы ана тілім!

Өстім саясында қанатыңның

Кетіпті ғазиз анам сені сыйлап,

Жыр болып көкірегімде жанатұғын.

Жаурасам да, жансам да,

Осы тілде сайрап ем…

Мылқау болып қалсам да,

Осы тілде ойлар ем!

Ең алғаш осы тілде «Апа!» дедім,

Со сөзді тілдің басы атар едім.

Анасын алласынан бұрынырақ

Аялап ауызға алған ата-тегім.

Өзіңнен менің нем бар жасырғандай?

Білерсің жасық не зат, асыл қандай!

Мен тұңғыш өлең жаздым осы тілде,

Бір қызға емшем құрып, есім қалмай.

«Бөпем!» деп өзіңді алғаш, көкем менің,

Өптім де, осы тілде мәпеледім.

Өзіңнің осы тілде тілің шығып,

Тәтті үнмен тұңғыш мені

«Әке!» — дедің.

Бұл тілде көңіл айттым қаралыға,

Бұл тілде мұңым шақтым саналыға.

Туған тіл — тынысың да, тірлігің де,

Жарықтың жұмылмайтын жанары да!

Абай Құнанбайұлы



Оқушылар шарадан үлкен әсер алып ой толғаныс, алған әсерлерін білдіреді.

Тілім менің тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшше тілім менде бірге өсемін,


- деп төбесі биік, құдіретті ана тілім менің жан дүнием деп, бар тынысым деп мақтанышы етіп жүреді. Ана тілім бұл бізідің болашағымыздың кепілі.............




























































Оқушылар өз қабілеттері мен шеберліктерін көрсете білді. Тілдік құндылықтың қаншалықты қымбат екенін түсіне білді.

Тәрбие сағаты жоғары құзіреттіліктте өз деңгейіне жетті.







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!