СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары 9 класс

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары 9 класс»









Сабақ тақырыбы

Қазақстанда минералды ресурстардың таралу заңдылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.4 Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

1. Қазақстанның минералды ресурстарының таралуын картадан көрсетеді;

2. Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын ауызша түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Минералды ресурстар, пайдалы қазба, кен, кен орны, магмалық жыныстар, метаморфтық жыныстар, шөгінді жыныстар, мұнай, газ, көмір, отын-энергетикалық ресурстар, рудалы, рудасыз пайдалы қазбалар, кенді және кенсіз пайдалы қазбалар.

Құндылықтарды дарыту


Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Жер қыртысының қозғалысын түсіндіру барысында физикамен байланыс орнатылады.

Бастапқы білім


Оқушылар минералды ресурстардың түрлерін біледі және таралу заңдылықтарын біледі.

Бастапқы білімді жаңғырту минералды ресурстардың түрлерін жіктеу және таралу заңдылықтарын түсіндіру барысында жүзеге асады.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


0-5 мин














5-8 мин

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту.
Оқушылар алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында суреттермен жұмыс жасайды.

Оқушылар суреттер бойынша минералды ресурстардың түрлерін анықтайды және таралу заңдылықтарын түсіндіреді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Суреттер бойынша минералды ресурстардың түрлерін анықтайды;

-Минералды ресурстардың таралу заңдылықтарын түсіндіреді.

Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді.

2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

-Еліміз қандай минералды ресурстарға бай болып келеді?

3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.

  • Қазақстанның минералды ресурстарының таралу заңдылықтарын анықтайды.


















Сабақтың ортасы

8-15 мин











15-25 мин


































25-35 мин

4. Бейнеролик тамашалау «Тау жыныстарының түрлері», «Алмаз».

-Шөгінді, магмалық, метаморфты тау жыныстары қалай пайда болады?

-Олардың таралу заңдылықтары қандай?

-Алмаз қалай пайда болады?

5. Кестемен жұмыс

Оқушылар мәтінге және атласқа сүйене отырып, Қазақстанның минералды ресурстары атты кестені толтырады.

Минералды ресурстар

Кен орны

Таралу заңдылығы

Көмір



Мұнай, газ



Темір



Боксит



Алтын



Хром



Марганец



Мыс



Полиметалл



Дескрипторлар

Оқушы

-Минералды ресурстардың кен орындарын анықтайды;

-Магмалық тау жыныстарының таралуын түсіндіреді;

-Метаморфтық тау жыныстарының таралуын түсіндіреді;

-Шөгінді тау жыныстарының таралуын түсіндіреді.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын толықтырады.

6. Картамен жұмыс

Оқушылар атласты қолдана отырып, кескін картаға Қазақстанның минералды ресурстарының кен орындарын түсіреді.

Дескрипторлар

Оқушы

-Кескін картаға жанатын пайдалы қазбаларды түсіреді. Кем дегенде 10 кен орны;

-Кескін картаға рудалы пайдалы қазбаларды түсіреді. Кем дегенде 10 кен орны;

-Кескін картаға рудасыз пайдалы қазбаларды түсіреді. Кем дегенде 10 кен орны;

-Кескін картамен жұмыс жасау ережелерін сақтайды: қара сиялы қалам, шартты белгілер, әріптердің мөлшері, ұқыптылық.

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп, кері байланыс ұсынады.

7. Сабақты бекіту.

Сабақты бекіту мақсатында оқушылар Венн диаграммасын толтырып, сұрақтарға жауап береді.


-Қазақстанның минералды ресурстарының таралу ерекшеліктері қандай?

Қабілеті жоғары оқушылар күрделі сұрақтарға жауап береді және тақырып бойынша қорытынды жасайды.

Бейнематериал










Қосымша 1

Мәтін



























Атлас 8 сынып

Сабақтың соңы:

35-40

8. Кері байланыс

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

-Мен сабақ мақсатына жеттім, себебі ...

-Мен сабақ мақсатына жете алмадым, себебі ...

Стикерлер