| Сабақтың жабдығы | Мақсаты: сын есім туралы алған білімдерін пысықтай отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындату арқылы сабақты бекіту. Ойлау қабілеттерін артыру, сөздік қорларын молайту, шығармашылықтарын дамыту. Сабақтың түрі: Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту. Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, талдау. |
| Ынтымақтастық атмосферасы | Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. |
| Қызығушылықты ояту | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. 1 - тапсырма. Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз. Жеті, он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес. Үлгі: жеті – жетпіс жеті,... Келесі ғаламшарымыз – Шолпан. 2 - тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар, Жеті күннен құралады әр апта: - Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, - деп, Ойланбастан шыға аламын санап та!... Ал отыз күн бір айыңды құраса, Он екі ай - жыл, көп емес қой бұл аса. - Үш жүз алпыс бес күн бар, - деп, - бір жылда!- Жауап берем, егер біреу сұраса. Қалай менің уақытым бос өтпек, Кержалқау боп жатып алман төсекте! Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында, Аз ба, көп пе... Көрші өзің есептеп!... Келесі ғаламшарымыз – Марс |
| Сергіту сәті | Мына мен тұра сала төсектен, Жаттығатын спортшы деп есепте. Бір, екі, үш, Бұлшық етте, міне, күш! Төрт, бес, алты, Бүгілеміз, бүктелеміз бәкідей, Созыламыз, керілеміз сәкідей. |
| Ой толғаныс | Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер. Денсаулық қандай байлық? (зор) Бір сөзден құралған сын есім ... (дара) Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін) Қандай бала арлы бала? (әдепті) Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім) Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара) Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім) Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?) Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге) Тудың түсі? (көгілдір) |