Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
А)Оқушылардың есімдік бойынша өткен тақырыптарды қалай меңгергенін байқау.
Ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып, балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
Б) Пәнге деген көзқарасты, білімге деген құштарлықты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекілігі: Ватмандар, фломастер, перфокарта.
Сабақтың барысы:
І. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген жаңа сөздерді бірнеше оқушыдан сұрап шығу.
Таза ауа – чистый воздух
Жарамсыз – непригодный
Дем – дыхание
Жұту – дышать
Көңіл – настроение
Үнемі – постоянно
Ойлайсыңдар – думаете
Неғұрлым – поскольку, насколько
Соғұрлым – настолько
ІІ. Өткен тақырыптар бойынша тапсрымалар.
1. Ең алғашқы аялдамамыз: «Топтастыру»
Әр топ ватманға маркермен есімдік туралы білетіндерін жазып, сызып қағаз бетіне түсірулері керек. Сосын 1 оқушы тақтаға шығып қорытады.
2. Екінші аялдамамызға келдік. Екінші аялдамамыздың тапсырмасы мынадай: Мына сөйлемдерден есімдіктерді теріп жазып, түрлеріне қарай ажырат.
Бір мезет оның жолынан жалпақ шалшық кездесе кетті.
Бұл жерде бұрын су жоқ болатын.
Біз бірнеше бала болып, ауыл сыртындағы өзенге балық аулауға бардық.
Нанасыз ешқандай тамақ болмайды.
Дені сауға – бәрі сау.
Ешкім екі рет жас болмас.
3. Үшінші аялдамамыздың бізге дайындаған тест тапсырмасы бар.
1. «Ешбір» сөзі есімдіктің қай түріне жатады?
А) белгісіздік; Ә) Жалпылау Б) болымсыздық В) өздік Г) сұрау
2. Жіктеу есімдігін көрсет:
А) бұл, осы; Ә) мен, сен; Б) кім, не; В) өз; Г) бәрі, барлық;
3. Есімдікті тап:
А) қызыл, көк; Ә) сонау, мына; Б) әрине, мүмкін; В) бәрекелді, пәлі; Г) белсенді;
4. Белгісіздік есімдікті көрсет:
А) маған, ол; Ә) сендер, олар; Б) әлденеше, әлдекім; В) сөйлес, оқыт; г) бірақ, сендер.
5. Сілтеу есімдігін көрсет:
А) сен; Ә) өзі; Б) осы; В) кім; Г) мен
6. Болымсыздық есімдікті тап:
А) әлдекім; Ә) әрбір; Б) ешбір; В) кейбір; Г) дәнеңе
7. Жалпылау есімдікті тап:
А) ештеңе; Ә) ешнәрсе; Б) бірнеше; В) бүкіл; Г) ешкім
8. Өздік есімдігін тап:
А) сол; Ә) біреу; Б) барлық; В) өзім; Г) қашан;
9. Сұрау есімдігін тап:
А) мен; Ә) барша; Б) осы; В) қайда; Г) ешкім;
4. Келесі аялдамамызға келіп жеттік. Тапсырмасы мынадай: көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қойыңдар. Вместо многоточия вставьте нужные местоимения (менде, мен, маған, менің)
..... бүгін кітапханаға бардым.
Ол ................ мекен – жайымды сұрады.
Дана ...... өз мекен-жайын берді.
........... екі билет бар.
5
. Перфокартамен жұмыс. Есімдіктердің түрлерін ажырат.
6. Берілген есімдіктерді көпше түрінде жікте.
Сол, осы, мына.
7. Кубик. ( сұрақ)
1) Нешінші қандай есімдік? (Сұрау)
2) Жіктеу есімдігін ата. (Мен, сен, ол)
3) Отрицательное местоимение (қазақ тіліне аудар) (болымсыздық есімдік)
4) «Ешқашан ата-анаңа, ұстазыңа кір келтірме» Сөйлемнен есімдікті тап. (Ешқашан)
5) «Жақсы оқу – бәріміздің міндетіміз» Қандай есімдік бар. (Жалпылау, бәріміздің)
6) Бұлар – қандай есімдік? (Бұлар – сілтеу)
Қорытынды. «Септеу» эстафетасы. Мына есімдіктерді септе. (Мен, сен)
Бағалау.
- Осымен балалар біздің сабағымыз аяқталды. Ал енді біз бағалау акялдамасына да келіп жеттік.
Үйге тапсырма. Есімдік және оның түрлерін есте сақтау, ережені қайталау, есімдіктің әр түріне бір сөйлемнен құрастырып келу керек еді.