СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: "Етістік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі пәнінен құрылған сабақ жоспары. 3 қазақ сыныбына  арналған.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Етістік"»

Тақырып: Етістік

Сабақтың мақсаты:1. Етістік туралы ұғымды кеңейту; Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2. Сауатты, көркем жазуға төселдіру; Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту.

3. Оқушылардың логикалық сезімін оятып, әдептілікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікпен кәсіпкерлікке, татулыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, бақылау, әңгіме, көрнекілік, ой қозғау

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, кеспе қағаздар,жұмбақ.


Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!

-Көңіл-күйлерің қалай?

- Бүгін сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?

-Сабақты бастауға дайынсыңдар ма?

-Ендеше сабағымызды бастаймыз!


Жаңа сабаққа психологиялық дайындық: -Балалар алдымен қай сабақ екенін еске түсірейік. (Оқушыларға хормен айтқызу)

Қазақ тілім,өз тілім,ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым-дара тілім

Көркем жазу сәті

Ее

Еркін

Еңбек

-Күнделікті әдетіміз бойынша соңғы сөзді қатыстырып, мақал-мәтел айтып жіберейік.

Балалар біз бүгін Қазақстан халқының Ассамблеясына байланысты бізбен көршілес, ауылдарға саяхатқа барамыз. Осы ауылдарға барып, олар туралы мағлұмат алып, тапсырмаларын орындауға дайынбыз ба? Әр ауыл жайлы мұғалім қысқаша мағлұмат беру.


Саяхаттай отырып, орыс ауылына келдік. Жаңа үйге қоныс тепкенде, үй тұрғызғанда да орындалатын өзіндік дәстүрлері бар. Мысалы, жаңа үйге кіргенде аулаға әтешті жібереді. Бұл дәстүр әтешсіз аулада мал болмайды, болған күнде де сиырдың сүті сұйық болады дегенді білдіреді. Орыстардың өзге халықтан ерекшелігі ырым-тыйымға қатты сенгіш келеді. Мысықты бірінші болып үйге енгізудің себебі, алғашқы болып үйге енген адам бірінші қайтыс болсын деп ырымдаған. Ескі үйден жаңа үйге қоныс аударғанда, ескі үйдің жанып тұрған отын немесе күлін ала барған.

Орыс тапсырмасы:
Ендеше балалар оқулықтағы 1-жаттығуға қарайық.

-Берілген сөздердің ішінен дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек жазамыз.
Күрделі етістіктерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрау.

Ендеше келесі ауыл Украин ауылы тапсырмасы: Украиндар (укр. украї́нці) — Украинаның негізгі халқы (37,4 млн.). Ресейде (4.4 млн.), Қазақстанда (469 мың), Молдавияда (600 мың), Беларусьте (290 мың), Қырғызстанда (100 мың), Өзбекстанда (150 мың), Польшада (350 мың), Канадада (550 мың), АҚШ-та (535 мың), Аргентинада (120 мың) тұрады.

2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннің соңғы бөлігіндегі дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіру.


Күшік, мысық балапан, қуыршағым балақан кане бәрін тұрыңдар сергіту сәтін жасаңдар!

Сергіту сәті: Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

 

Қырғыз ауылы:

Қырғыздар түркі халықтарына жататын, Орта Азияны мекен ететін халық. Қазіргі қырғыздардың ата-бабасы Енисейдің жоғарғы бөлігі Оңтүстік Сібірді мекен еткен. 3-жаттығу Әңгімеден үзінді оқу.


Ұйғыр ауылы: Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Нәрестенің дүниеге келуіне ұйғырлар ерекше көңіл бөледі. Кіндік шешелікке ел құрметтеген адамдарды шақыру дәстүрі әлі күнге сақталған. Әсіресе қыз баланың кіндігін биязы, инабатты адамға кескізіп, сол кісінің жақсы қасиеттері жас нәрестеге беріледі деп ырымдаған.

4-жаттығу Жұмбақтарды жатқа жаз. ЕТІК. ҚАРМАҚ.

Шығармашылық жұмыс: «Кім болам?»
Түрлі мамандықтардың суреттері тақтаға ілінеді. Оқушылар өз қалаған мамандықтарына сөйлем құрап, оның ішінен етістікті табуы тиііс.

«Үн қатпа» ойыны

Шарты: Оқушылар үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді. Бір оқушы тақтаға шығып, әр қимылды сөзбен жазып шығады.

(Биледі, жүгірді, отырды, секірді, жазды, оқыды,тұрды)

Сабақты бекіту: Сұрақ-жауап арқылы өтеді.
-Сөз таптары деген не?

-Етістік деген не?

-Дара етістік деген не?

-Күрделі етістік деген не?

-Мысал келтір.

Үйге тапсырма: «Етістік» сөзіне сөзжұмбақ құрап келу

Бағалау: күнделіктеріне баға қою.


-Сабағымыз аяқталды! Сау болыңдар!