| Ресурстар: | Мультимедиапроектор, компьютер, флипчарт, қала және ауыл суреттері, қала және ауыл туралы таныстырылым, «қала», «ауыл», «қала тұрғыны», «ауыл тұрғыны» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, Орал қаласындағы кеме шығаратын зауыттың фотосуреті, оқушылар тұратын ауылдағы немесе қаладағы орталық көшенің фотосуреттері. |
Бөлімді ашу | 1) Тау, ай мен жұлдыз, бұлт пен жаңбыр, күн бейнеленген суреттерді тақтаға ілу. Бұларды не дейміз? 2) Адамдар өсімдіктер, жануарлардың суреттерін тақтаға ілу, Бұларды не дейміз? Жанды табиғат 3) Ал осылардың бәрі неге жатады? «Бізді қоршаған әлемге жатады». Біз бұл бөлімде Туған жеріміз туралы және бізді қоршаған орта туралы қызықты мәліметтермен танысамыз. | Оқушылардың өздері салған суреттері Жансыз табиғат суреттері Жанды табиғат суреттері |
| Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, біліммен, спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары көп. Қала ауыл тұрғындарын көлік түрлерімен, тұтыну тауарларымен, тұрмыстық техникамен, киіммен қамтамасыз етеді. Ертеде адамдар соғыс уақытында жаудан қорғану үшін жасалған, қоршаумен қоршалған бекіністі қала деп атаған. Ауыл – шағын елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады. Біздің ел әлемдік астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша озық елдердің бірі болып табылады. Солтүстіктегі егіс алқаптарының 70%-ында астық және техникалық дақылдары – бидай, арпа, тары өсіріледі. Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіреді. Қазақстан бау-бақша өсімдіктерімен танымал. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының озық саласы болып табылады. Оралдағы кеме шығаратын зауыт 1941 жылы құрылды. 1921 жылы Ленинград қаласында негізі қаланды. Бастапқыда зауыт әскери қажеттілік үшін салынған болатын. 1996 жылдан бастап зауыт «Зенит» Орал зауыты акционерлік қоғамы деп аталады.  Ауылда өсімдік түрлерін өсіреді, үй жануарларын асырайды. Алынған өнімдерді дүкендерге жеткізеді. Ауылда ферма, егістік, бау-бақша бар Әр қала мен ауылда көрікті жерлер бар. Бұл ең әдемі және ерекше жерлер. | «Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?» «Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?» Қала туралы әңгімеле. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретке мұқият қарауға тапсырма беріңіз. Сұрақтарға жауап берсін. Содан кейін 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз. Ауыл туралы әңгімеле. Оқулықтағы сұрақтарды қолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме өткізіңіз. Қосымша мынадай сұрақтар қойыңыз: «Кімдерді қалалық деп атайды?» «Ауыл тұрғындары немен айналысады?» «Сенің қайда тұрғың келеді? Неліктен?» Оқушылардың жауаптарын қала және ауыл туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Оқушыларға мәтінді оқуға беріңіз. Қабілеті жоғары оқушыларға қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтауға тапсырма беріңіз. Олар күнделікті өмірден мысалдар келтірсін. Оқушылардың назарын қалада, театрлар, фабрикалар, зауыттар, ойын-сауық орталықтары бар екеніне аударыңыз. Сен білесің бе? Оқушыларға Орал қаласындағы кеме зауытының фотосуреттерін көрсетіңіз. Суретке қатысты бір-бір сұрақ ойлап тауып, параққа жазуды ұсыныңыз. Олардың жұмыстарын тексеріңіз. Қызықты сұрақтарды дауыстап оқуын сұраңыз. Айдардың мәтінін оқытыңыз. Оны деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Орындап көр. Оқушыларды үш топқа бөлу. Бірінші топ: Қала туралы, Екінші топ: Ауыл туралы, Үшінші топ «Туған жеріміз Шардара» туралы жарнама дайындайды. Оқушыларға жарнама жанрының ерекшеліктерін естеріне салыңыз. Оқушылар өз жарнамалық жобаларында қаладағы, ауылдағы көрікті жерлерге басты назар аударсын. Қажетті суретті, сөздерді таңдауға көмектесіңіз. Туған өлкесіне деген патриоттық сезмді дамыту мақсатында оқушылар туған қаласын, ауылын гүлдендіру үшін не істеу керектігі туралы әңгімелеп берсін. Оқушыларға оқулық мәтінін оқуға беріңіз. |
| Зертте. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа өз қалаңыздағы немесе ауылыңыздағы орталық көшенің атауларын, сол көшедегі ғимараттардың орналасуын табу. | Оқушылармен «Екі жұлдыз, бір тілек» ойынын өткізіңіз. Оқушылар ауылдың немесе қаланың екі жақсы көретін және бір ұнатпайтын жағын атайды. Бұл жерде «қала», «ауыл», «көрікті жер» сөздерін үш тілде айтады. |
| Бағалау | № | Белгілері | «Қ» - «А» | | 1. | Көп қабатты үйлер | | | 2. | Төрт түлік | | | 3. | Трактор | | | 4. | Зауыттар мен фабрикалар | | | 5. | Бау-бақша | | | 6. | Зәулім ғимараттар | | | Оқушылар –– қала мен ауыл ерекшеліктері туралы; –– өз қаласындағы, аулындағы көрікті жерлер туралы; –– қала мен ауыл арасындағы байланыс туралы білді. Оқушылар –– өз туған өлкесін сипаттауды; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді үйренді. Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады. Ұсынылған нысандар тізімінен қалаға және ауылға тән белгілерді тауып, қаланы «Қ» әрпімен, ауылды «А» әрпімен белгілеуі тиіс. |
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |