Автордың аты-жөні: Альмуханова Бибигул Сагиналиевна
Жұмыс орны: Орал қаласы, №25 ОЖББМ
Лауазымы: Оқу- тәрбие ісінің меңгерушісі
Пошталық және электронды адресі:[email protected]
Телефон: 8 (775) 8171498
Сабақтың тақырыбы : Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы /1 сағат/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдебие тілде жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі мен шығармашылығына байланысты презентация. «Құралай сұлу» поэмасына иллюстрация. Бейне баян.
Пәнаралық байланыс: Тарих, Әдебиет теориясы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІ.І. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» шығармасы бойынша ұсынылған тапсырмалармен жұмыс.
І. Шығармадағы тұрақты тіркестер мен афоризмдерді табыңыз, түсінік беріңіз.
1.Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ.
2.Көңілімізде көлеңке де қалған жоқ.
3.Өз етегімде еркін еркелейді.
4. Қанаттыға қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқтырмаймын.
5. Көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың.
ІІ. Шығармадан қазақтың байырғы мезгіл атаулары мен қашықтық атауларын табыңыз, мағынасын ашыңыз.
Шаңқай түс, қоңыр іңір, Үркер жамбасқа келу, Шолпан маңдайға таяну, күн найза бойы көтерілген кез, жарты көш жер.
ІІІ. Жаңа сабақ. И.Байзақов өмірі мен шығармашылығы. «Құралай сұлу» поэмасы.
Сұлулықты, өршілдікті жырлған жан.....
Хронологиялық кесте (Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәтін беріледі, кесте толтырылады)
| Өмір кезеңдері | Өлеңдері | Поэмалары |
| | | |
ІҮ. Ақынның бойындағы ерекше қасиеттер туралы «Топтастыру»
cуырып салма ақын
Иса Байзақов

әртістік өнер жазушы

домбырашы
әнші
жыршы
Қорытынды: Иса желпініп, үзілмей соққан сар даланың желі сияқты, сол даладай кең, мол ақындықтың иесі.
Ү. Мағынаны тану. «Құралай сұлу» кесенесі туралы бейнебаян қаралады.
(Бейнебаян желісі боынша сұрақтар)
Құралай сұлуға қойылған кесене қай жерде орналасқан?
Кесененің архитектуралық құрлысы қандай?
Кесенені зерттеушілердің пікірі
2 сағат
ҮІ. «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құру
(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Келден батырдың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі.
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.
ҮІІ.«Құралай сұлу» поэмасының желісі бойынша иллюстрация
(Оқушылар берілген мәтін бойынша поэма желісімен таныса отырып, кесте толтырылады)
«Үш бөлімді күнделік»
| Поэмадағы кейіпкерлер | Кейіпкер бойындағы қасиеттер | Кейіпкерге деген Сіздің көзқарасыңыз |
| | | |
ҮІІІ. Поэмадағы әдеби теориялық ұғымдарға талдау жасау. «Екі бөлімді күнделік»
| Әдеби теориялық ұғымдар | Жырдан келтіру |
| | |
ІХ. Жырдағы Құралай сұлу сипаты мен Қыз Жібек сипатын салыстыру.
Қыз Жібек жырындағы сұлу сипатын суреттеудегі сөз қолданысымен Иса ақынның поэмасындағы сөз қолданысына көңіл бөліп, талдау жасату.
| Құралай сұлу | Ортақ суреттеу | Қыз Жібек |
| | | |
Х. Сабақты бекіту: Ой жалғау, түйіндеу.
Құралай сұлу- пәк махаббатқа үлгі боларлық кейіпкер.
Осы тұрғыдан қарағанда да «Құралай сұлу» поэмасы – біздің рухани байлығымыз.
М.Әлімбаев
Жырдан алған әсерім..............
ХІ.Қорытындылау
Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.
ҮІІІ. Білімді бағалау
ІХ. Үйге тапсырма «Құралай сұлу» поэмасының кейіпкері Құралай сұлу туралы деректер жинақтау, поэманы толықтай оқу.
Сабақ барысында қолданылған қосымша деректер
Құралай сұлу… Шамамен XVIII ғасырдың басы мен XIX ғасырдың аяғында қазіргі Мойынқұм ауданы, Кіші Қамқалы ауылының маңында шикі кірпіштен салынған Құралай сұлудың кесенесін осы жақтағы ел болмаса, былайғы жұрт жақсы біле бермейді. Әрине, ел бұл аруды бүкіл қазақ халқына даңқы кең жайылған, желдірмелетіп кеткенде өлеңнің өткел бермес жүйрігі атанған Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы арқылы жақсы таныса керек.
Ақын бұл жырында адамгершілікті, адал махаббатты жыр етеді. Өткен өмірдің өкінішті, қайғылы кезеңдерін көз алдына елестетіп, жаугершілік замандағы қазақ пен қалмақтың арасында жиі болатын қақтығысты, адамдардың зұлымдығын әшкерелейді. «Сейқынның бір қызы бар жаннан асқан, Жерде туып, көкте күнмен нұрын қосқан, Хан түгіл, халқы сүйіп Құралайды, Әрдайым, әйелсінбей ақылдасқан», деп суреттейді ақын аруды. Бес жыл бойы қалмақтың тұтқынында болған Келден батырға қонтайшының сұлу қызы қол ұшын созады. Құралайдың анасы қазақ, марқұм шешесі қызының қалайда қазақ жұртына жетуін аманаттап кеткен болатын. Келденге арқа сүйеп, түн жамылып бәйге аттарымен қашып шығып, арманына асыққан ару өкінішке қарай Мойынқұмның маң даласында жыртқыш жолбарыстың тырнағына ілігіп, қапияда мерт болады. Халық аңызы бойынша қырық түйемен жүк артып келіп, мазарды салдырған – Келден батыр. Арада бірнеше ғасыр, қаншама жылдар, уақыт өтті. Уақыт өз дегенін істеп, сәулет өнерінің өзіндік бір сипатымен салынған Құралай сұлудың кесенесі де тозып, төбесінен су ағып, құлауға аз-ақ қалған болатын.
1924 жылы Орынбор қаласында оқып жүрген жас ақын Иса Байзақов ел аузынан естіген аңыз-әңгімелердегі деректерге сүйеніп, «Құралай сұлу» поэмасын жазады, – дейді бұл жөнінде саятшы, этнограф Жапар Сатылғанов. – Кесене тұрған жер ақын поэмасындағы суреттелген жер бедеріне, көлдің келбетіне дәл келеді. Ұмытпасам, 1997-1998 жылдары бұл жерге арнайы барып, кесенені көрген едім. Сол кезде құламаған бір босағасы ғана қалыпты. Нобайы сол аймақтағы кесенелерге ұқсас, биіктігі 3 метрдей болатын. Естуімше, Сәкен Сейфуллин, Роза Бағланова да осы кесенеге келіп, тәу еткен көрінеді. 1982-1985 жылдары Мәскеудегі орталықтың рұқсатымен қазақ құсбегілігіне арналған фильм Мойынқұм ауданында түсірілді. Мен түсірілім жүріп жатқан жұмыс тобының басы-қасындамын. Бір күні сол кезде ауданды басқарып тұрған Айтбай Назарбеков қасыма келіп, құлағыма сыбырлап: «Ана киноға түсірушілерге айтып, Құралай сұлудың кесенесін көрсет, махаббат символы екенін түсіндір. Мүмкін болса бейнетаспаға кесенені де түсіріп алсын, ертең орнын да таппай қалуымыз мүмкін. Киноға түсіп, тарихта қалсын. Өскелең ұрпақтың ұлықтағанына жақсы болады», – деді. Сол сөз көпке дейін ойымнан шықпай қойды. Отырсам да, тұрсам да «Құралай сұлу» аңызы ұмытылмайтындай бір бастама көтеруді ойлап жүрдім. Ақыры 80-жылдардың аяғында Шу бойынан «Құралай сұлу» аңшылық шаруашылығын ашып, бір-ақ тынышталдым. Тәуелсіздігіміздің арқасы, қазір өткен тарихымызды сыбырлап емес, алты Алашқа жар салып айтатын болдық. Кеше қирауға шақ қалған Құралай сұлу кесенесін бүгінде ұлтжанды азаматтар бірлесіп, қайта тұрғызды.
«Құралай сұлу» поэмасы
1 бөлім. Монтай би. Есімханның тұсында орта жүздің қыпшақ руынан шыққан Монтай деген бір әділ би болған екен. Ол кезде Шу өзенінің жағасын бойлай қазақтар ауылы болатын. Монтайдың ауылы да осы өзен бойында еді. Монтайды бүкіл ауыл сыйлап, айтқанын екі етпейтін. Өйткені қай дауда болмасын әділ шешімін айтатын. Елдің бірақ бір уайымы бар еді. Ол- Монтайдың перзентінің жоқтығы еді. Сол күнде Монтайдың жасы 74 –те еді. Тоқалдан туған Қайыргелді атты ақылды ұлы бар болатын. Бір тойда диуананың көзі тиіп қайтыс болады. Қатты қайғырған Монтайды елі жұбата алмайды. Сонда Монтай:
-Уа, жұртым, қайғырмайық! Мен перзентсіз емеспін. Менің перзентім-халқым. Халқымның ұлы-менің ұлым. Осы жасқа келгенше армансыз адам көрген емеспін. Егер мен армансыз адам көрсем , арымастай болар ем, азбайтын тату ел көрсем, тұғырға қайта қонар ем,- дейді. Сонда халықтың арасынан бір жігіт шығып:
-Мен бұл өмірде бір армансыз жан көрдім. Егер іздеп барам десеңіз, соның жайын айтайын. Осы Шудың бойын жайлаған бір ел бар. Сонда Келден деген армансыз бай бар. Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болып , ұрпағын жайып отыр.-,-дейді жігіт.
2 бөлім. Келден байдың ауылын іздеп шығуы. Монтай би сол Келден байдың ауылын іздеп шығады. Ауылы үлкен көлдің маңында екен. Көлдің айналасын қалың қамыс басқын. Көлдің айдынында түрлі қиқулаған құстар.Көлдің жағасында мыңғырған мал жайылып жүр. Ауыл ортасында сегіз қанат ақ үйде той болып жатыр. Үй сыртында күміс сақалды, жасы сексеннен асқан , алысқа көзін салып, ойланып бір ақсақал тұр. Қызыл күн алтын арай шапағын таратып батып барады. Кеш батуға таяғанда алыстан екі салт атты көрінді.олар аттарынан түсіп Кеден баймен сәлемдесті.Сонда Келден:
-Уа, шырағым, қай ұлсың?-деп сұрайды.
-Руым-қыпшақ, атым- Монтай. Сізді көруге әдейі іздеп келдім,-дейді Монтай.
Келген қонақты Келден бай үйге кіргізіп,сыйлайды. Сонда Монтай.
-Бақ-дәулетің бар, бала-шағаң бар, Келдеке сізде арман бар ма?-деп сұрайды.
Сізден бірінші сұрағым келгені осы еді,-дейді.
3 бөлім. Келден батырдың әңгімесі. Шырағым, бұл өмірде армансыз адам болушы ма еді? Менің де бір көкірегімде жүрген бір шерім бар. Мен бір жас жанның өліміне кінәлімін-деп мұңды көзін жерге қадап, өмір бойы ішін өртеген әңгімесін бастап кетті.
Ол кезде мен өрімдей он үш жастағы жас жігіт едім. Екі ағам, бір қарындасым бар еді. Қалмақпен жауласып жүрген кез еді. Бір күні ел ұйқыға жатып, тып-тыныш болған кезде ауылға жау шапты. Жалаң аяқ, жалаң бас, бала-шаға шулап, біреуі құлап, біреуі жылап жатыр. Елді қырып, бүкіл жылқыны айдап жау кетті. Менің бойымды намыс кернеп, атқа отырып, жау соңынан қуа жөнелдім. Анам байғұс көзінің жасын ағызып артта қалды.Түні бойы жаудың соңынан қуып, таң ата әзер жеттім. Қиқулап жауға қойып кеттім. Жауға ұстатпай сытылып шыға бергенде аяғымнан садақ оғы тиіп, омақаса құлап түстім. Жау мені әп сәтте байлап, әйгілі Сейқын ханға тұтқын етті. Сейқын сол кездегі ең бай, өркөкірек, батырсымақ, менменшіл хан еді. Тұтқында «қазақтың батыры» деп мазақ етіп, бетіме түкіріп, әбден қорлық көрсетті. Сол қорлықпен бес жыл өтті.
4 бөлім. Құралай сұлу. Сол Сейқынның жаннан асқан, ерекше бір сұлу, айтып сөз жеткізе алмайтын , ақылды, нәзік Құралай деген қызы болатын. Кең маңдайлы, қыр мұрынды, бота көзді, жүзінен нұры тамған сұлу еді. Бірақ Құралай сұлудың көзінде бір мұң бар еді.
Бір күні Сейқын хан үлкен той жасап, тұтқындарды босатады. Жалғыз қазақ мені босатпа Сейқын ханның алдына әкеліп:
-Сен қалмаққа жау болмай, бұдан былай бізге қызмет етсең ғана, сені босатамыз-дейді.
Сонда Келден :
-Өлсем де сен қалмаққа қызмет етпеймін,-деп жауап береді.
Келденді босатпай, зынданға қайта тастайды. Бір күні занданға Құралай сұлу жасырын келіп:
-Кешегі ханға тайсалмай қарсы шыққан сіз бе едіңіз? Сіздің қазақ екендігіңізді білгеннен соң әдейі жолыққалы келдім. Менің әкем Сейқын, шешем қазақ қызы. Бір жорықта құлдыққа алған он бес жастағы қазақ қызын зорлықпен әйелдікке алған екен. Сорлы анам өлерінде маған бір тілек айтып еді. Онысы «Өмір бойы қалмақты жау деп келдім. Жұртыма көзің көрсе, сәлем айт» деген болатын. Сол анамның армандап өткен елі сен боларсың- деп егіліп жылап жіберді.
- Мен сені құлдықтан құтқарамын. Өзіңе мәңгілік жар болуға даярмын. Тек мені анамның армандаған еліне алып баршы –деп өтінеді.
5 бөлім. Екі жастың елге қашуы. Түн ортасында қол ұстасқан екі жас атқа мініп , қараңғылықты жарып, қаша жөнеледі. Түні бойы талай белестерді артта қалдырады. Таң ата биік шыңның басына шыққан кезде Құралай сұлу арттарынан шұбырған қуғыншыларды көреді. Қуғыншыларды бастап келе жатқан Сейқынның үлкен ұлы -Дауыл еді. Қолындағы айбалтасын жарқ-жұрқ еткізіп әуелі қарындасынан кегін алмақшы болып шауып келе жатқанда Келден батыр алдынан қарсы шығып, шайқаса кетті. Ақыры жекпе-жекте Дауыл жеңіліп, атынан аударылып құлап түседі. Қалған жандайшаптары қарсы шығуға бата алмай, талайы қашып кетіп, барталайы Келденнің қолынан ажал құшты.
Тау-тасқа жасырынған Құралай сұлу « Егер мені қалмақтар ұстап алса, қалайша анамның ақ тілегін орындай алам? Олар көрсетер қорлықты көргенше өлгенім артық» деп түрлі ойға кетіп, жылап-еңіреп отырған шақта сүйгенінің аман-сау келе жатқанын көріп, жас балаша алдынан жүгіріп шығады.
6 бөлім. Құралай сұлудың мерт болуы. Қол ұстасқан екі жас Бетпақтың небір шөлін басып, арып, ашып келе жатып бір қамысты көлге тап болады. Сонда Келден осы жерге түсіп, тынығуды ұсынады. Құралай сұлу:
-Ұры-қары, зияны көп жер шығар, түспей-ақ қояйық,-деп өтінеді.Бірақ Келден осы жерге тынығуды ұсынып, демалып, әлденген соң, салқындап шомылуға көлге барады. Құралай сұлу көлге шомылып, сүйгені Келден жырақта тосып отырған еді. Бір кезде қамыстың сыбдырлағаны естіледі. Артынша Құралай сұлудың шыңғырған даусын естиді. Жан ұшырып жүгіріп барғанында жолбарыстың Құралайды талап жатқанын көреді. Тұра ұмтылып садақпен тартып жібергенде жолбарыс жығылып түседі. Құралайдың жаралы денесін құшып , «Сенсіз несіне тірі жүрмекпін» деп қанжарымды өзіме сұға бергенде Құралайдың ыңырсыған даусы естіледі:
-Сүйіктім, мен өлсем де тілегіме жетіп өлдім. Бірақ сен өмір сүр. Өркенде. Ұрпақ өсір. Сенен өлер алдындағы тілерім осы,-деп көзін жұмды.
-Монтайым, қартайғанша мені жеген қасіретім сол. Мен үшін орындалмас арман –осы! –деп Келден қария өзінің ішкі сырын ақтарып ,көзінің жасын сүртті.