СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саба? жоспары. "Конспект урока ..."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:   Сандар  ??рамы  туралы  білімдеріне  с?йене  отырып, ?осу ж?не  азайту  амалдарыны? ?зара байланысын т?сіндіру.

білімділік:  ?осу ж?не  азайту амалдарыны? ма?ынасын  танытып,балаларды?  білім   да?дыларын  ?алыптастыру.

дамытушылы?:  есте  са?тау  ?абілетін, ой — ?рісін, саба??а  ?ызы?ушылы?ын арттыру,  логикалы?  ойлау  ?абілетін  дамытып   ?здігінен  ж?мыс   істей  білуге да?дыландыру.

т?рбиелік:   адамгершілікке,  досты??а,  ?жымшылды??а,   ??ыптылы??а, тап?ырлы??а   т?рбиелеу, ойын  д?рыс айта білуге,шы?армашылы? е?бек  етуге, ма?сат?а жете  білуге баулу.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары. "Конспект урока ..."»


«Бастауыш сынып» журналының ұжымын алда келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын ! Ұжымға ауызбіршілік, шығармашылық табыс тілеймін!


Таңатарова Рысты Елубайқызы









































Әліппемен қоштасу.



Таңатарова Рысты Елубайқызы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас стансасы, Ақтоғай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. 1 – сынып оқушылары.









Таңатарова Рысты Елубайқызы.

Бастауыш сынып мұғалімі .

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қотыртас стансасы, Ақтоғай орта мектебі.



Математика. 1-сынып.

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:   Сандар құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара байланысын түсіндіру.

білімділік: қосу және  азайту амалдарының мағынасын  танытып,балалардың  білім дағдыларын қалыптастыру.

дамытушылық: есте сақтау қабілетін, ой — өрісін, сабаққа қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

тәрбиелік: адамгершілікке, достыққа, ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек  етуге, мақсатқа жете білуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, салыстыру, тапсырмалар орындау,санау,ойын,санамақ.

Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, топтық, жұптық тапсырмалар, стикер, смайликтер, кеспе сандар, фигуралар, сызбалар, кеспе қағаздар.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық
Амандасу салтымыз
Оқып біліп жатырмыз
Келген қонақ сіздерге
Сәлем бердік жалпымыз .


Өткенді пысықтау.


Ой шақыру.

Қосу амалындағы сандардың атаулары.

Азайту амалындағы сандардың атаулары.

Есептің мәнді белгісі.

Кез - келген санға 0-ді қоссақ...

Кез - келген саңға 1-ді қоссақ ...

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен...


I.Қызығушылығын ояту. «Миға шабул» стратегиясы.

«Кім шапшаң?» ойыны.

9 - 4

7 - 2 6 - 1

4 + 1 2 + 3

4 + 2 + 1 3 + 2 + 0

2 + 2 + 1 3 + 3- 1

-Балалар, не байқадыңдар ?

- Ия, берілген өрнектердің нәтижелері бірдей екен.

-Қандай сан?

- Ендеше, бүгінгі сабағымыз 5 санымен байланысты. 5 қандай сан?

- Натурал сан, тақ сан, бір таңбалы сан.

-Олай болса, 5 санының құрамын еске түсіріп өтейік.


Домино тастарымен жұмыс.



Бір түнде өсіп шықты тез

Қозықұйрық бірнешеу:

Мұнда – екеуі, мұнда – үшеу

Жалғыз емес, бір емес

Бәрі қанша? Тура - ... бес.


-Ия, оқушылар бүгін сендермен сабағымыз осы 5 санымен байланысты болады.

-5 нәрседен тұратын не бар? Адамның денесінде де бес сәулесі бар жұлдызша да бар. Әрбір сәуле әлемнің бір бұрышын білдіреді. Жоғары сәуле қалған төрт сәулені бір нүктеге біріктіреді. Өздеріңе де зейін салып қарасаңдар, сендерде бес сәуледен тұрасыңдар. Ол сенің қолың, аяқтарың, ал ортаңғы бәрін біріктіруші сәуле – басың. Өздеріңді әлемдегі жалғыз, ерекше жұлдызбын деп есептеулеріңе болады .


Автор орындығы.

Бала кезімде мен де аспандағы жұлдыздарға қызығушы ем. Жарқырап тұрған жұлдыз көрсем, сол менің жұлдызым болса екан деп армандайтынмын........


Бүгінгі күнді тақырыпты дәптерлеріңе жазамыз.

Бүгін күн жұма. Аптаның бесінші күні. Қасиетті күн саналады.

Алдымызға мақсат қояйық.

Бүгінгі сабақта жұлдыздарың жансын!


Оқулықпен жұмыс

Мағынаны таныту.

1 - тапсырма.

Қосылғыштарының бірі 5 болатын қосындыларды жаз.


Азайтқышы 5 болатын айырмаларды жаз жіне мәндерін тап.


5 санының қосу және азайту кестесін жазу.


1 + 5 = 6 - 6 - 5 = 1
2 + 5 = 7 - 7 – 5 = 2
3 + 5 = 8 - 8 – 5 = 3
4 + 5 = 9 - 9 – 5 = 4
5 + 5 = 10 - 10 – 5 = 5

.



3 - тапсырма.

Сандар қатарының бойымен сана және төрт сан аттай отырып сана және сандарды ата: өсу ретімен 5-тен бастап, кему ретімен 10-нан бастап.

Мысалы: 4; 8; 5; 10 өсу. 10; 5; кему


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10


4 - тапсырма. Геометриялық фигуралар стратегиясы.


Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.




Сергіту сәті. Бейнебаян.


Жұптық жұмыс.


«Кел, ойнайық!» “Құлпынай теріп алайық !


7 5 9


4+3+2 2+4+3 10-4+1 7+3-5 7-4+6 8+2-1 9-8+6

5 - тапсырма. Өз бетімен жұмыс

 Аида 9 оюдың суретін салды. Олардың 5-еуін бояды. Ол тағы неше оюды бояу керек?


Сурет салды - 9

Бояды – 5

Бояуы керек - ?

Шешуі: 9-5 = 4 (о)

Жауабы: 4 ою бояуы керек.

Топтық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

Асқар, Талғат және Дәулет бір сыныпта оқиды.
Асқардың, Талғаттың және Дәулеттің әкелері – дәрігер, мұғалім, ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызметі істейді?

Сәйкестендіру сызу арқылы шешу.


III. Ой – толғаныс.


Топтық жұмыс.

Сонымен, оқушылар бүгін біз сабақта сандарға 5-ті қостық, азайттық. 5-ке байланысты есеп шығардық. Осы 5 - санға байланысты Абай атамыздың өлеңдері де бар екен.

Абай Құнанбаев деген кім ?

Ұлы ақын сендер сияқты жас бүлдіршіндерді өнер-білімге шақырған.


/Бейнебаяннан өлеңді тыңдау/


Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз,

Тілеуің өмірің алдыңда

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек 6 - 5 Талап 1 + 5

Өтірік 7 - 5 Еңбек 2 + 5

Мақтаншақ 8 - 5 Терең ой 3 + 5

Еріншек 9 - 5 Қанағат 4 + 5

Бекер мал шашпақ 10 - 5 Рахым 5 + 5


Бағалау:

Кері байланыс.

«Бағалау биіктігі» арқылы оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

Жинаған фишкаларын санату арқылы мұғалімнің бағалау.
Үйге тапсырма. : 5 санын қосу және азайту кестесін жаттау.

Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін үлкен рахмет! Сабақтың соңы.