СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: "Әсем көктем"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көктем мезгілі жайлы түсінік беру, айларымен таныстыру, ерекшеліктерін айту

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Әсем көктем"»

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта 17.04.15

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Әсем көктем»

Мақсаты: Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныс тыра отырып, дүниетанымын кеңейту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: хрестоматия, көктем мезгілі бейнеленген мазмұнды суреттер.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық



Көктем келді, көктем келді сағынта,

Бүршік атты алма ағаштар бағында.

Біздің үйге ұя салды, алақай,

Көптен күткен қарлығаштар тағы да.

Дала гүлге оранады,

Түрлі түстке боянды,

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянды.

Көктем келді,көктем келді далама,

Қуанып жүр ата-ана да, бала да.

Қар, мұз еріп, жылғалардан су ағып,

Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.



Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.


Ұйымдастыру-

шылық-

ізденушілік













-Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше, бүгін біз «Көктем өрнегі» өлеңімен танысып, жаттаймыз. «Көктем өрнегі» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Көктем өрнегі

Қар еріді, су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты.

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда

Құстар әні төгілді.

Жаңбыр жауып басылды,

Күлімдейді көкте күн.

Кемпірқосақ асылды

Өрнегіндей көктемнің.

-Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болды?

-Ең алғаш қандай гүлдер шығады?

-Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?

-Көктем мезгілі сендерге ұнай ма?

«Жыл ағашы» ойыны

Мақсаты: жыл мезгілдерінің айларын білу.

Көктемде егілген ағашты «жыл ағашы» дейді. Суретін салдыру.

Түзу сызық (1 жыл дегенді білдіреді)

Бұтақтар (мезгіл)

Кіші бұтақтар (айлар)

Жапырақ (апталар)

-Көктем көрінісін бейнелеңдер.

-Көктем мезгілі туралы қандай өлең білесіңдер?

Көктемге

Көктем мезгілі















Жаңбыр жауады,күн күркірейді

Бәйшешек


Балалардың жауаптары


Ойын ойнайды






Балалардың жауаптары

Рефлексиялық- түзетушілік

«Бұл қай кезде болады?» өлеңімен аяқтау.

Көктемде

Күтілетін нәтижесі:

Білу керек: жыл мезгілдерін ажырата білу

Білді: табиғатты сүйе білуді, қорғауды,

Біледі: көктем мезгілі туралы түсініктерді, ай аттарын атауды.