СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "В" дыбысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күнделікті сабақ жоспары. Арнайы мектеп оқушыларына арналған.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "В" дыбысы»



Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы

Мақсаты: В в дыбысы мен әрпінің дыбысталу ерекшелігін ұғындыру, орыс тілінен енген дыбыс пен әріп екенін айту.

Тәрбиелілік мақсаты:оқушыларды жинақылыққа, ұқыптылыққа, туған жерінің табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Түзеу мақсаты: Әріп арқылы берілген сөздерді сауатты жаза білуге үйрету. В дыбысына қатысты сөздерді дұрыс айтып, оқу әрекетін түзеу, сөйлем құрату арқылы ой-өрісін, тілін дамыту.

Көрнекілігі: Кеспе буындар,суреттер,жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, жазбаша бақылау, дамыта оқыту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

-Қандай дыбыс және қандай әріппен таныстық? / Э мен Е /

-Е мен Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі? Сөздер айту.

-Сөздің қандай буындарында жазылады? Емлесін айтып,мысал келтіру


ІІІ.Жаңа сабақ

1.Жұмбақ шешу арқылы жаңа сабаққа көшу.

«Қош келдіңіз»-ұраны,

Бір сөнбейді шырағы.

Жұрттың бәрін қарсы алып,

Шығарып сап тұрады. / вокзал /



Бір- бірімен қорап үйлер тіркесіп,

Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. / вагон /

Сөздерді тақтаға жаздыру.

Вагон, вокзал сөздері қандай дыбыстан басталады

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

В дыбысын айтып көрейік.

В –ұяң дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру.

Орыс тілінен енгені туралы айту.

Суреттің астындағы сөздерді оқытып, мағынасын анықтау.

Баспа түрі мен жазба түрін көрсету

2.Жаттығумен жұмыс

І-ІІ деңгей 3 -жаттығу.1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып,сөз тіркестерін көшіріп жазу.


ІІІ-ІVдеңгей 1-жаттығу.1. Сөздерді көшіріп жазу,жазылуын есте сақта.

3.Пирамида стратегиясы

Оқушыларға суреттер таратылып беріледі.\вокзал, велосипед,вагон, вертолет,автобус, трамвай,паравоз\

  1. Суреттегі заттың атын жазу

  2. Сөз тіркесін құрау.

  3. Үш сөзден тұратын сөйлем құрау

  4. Төрт сөзден тұратын сөйлем құрау.

Мысалы: 1.Витамин

2.Қышқыл витамин

3.Витамин дәріханада сатылады.

4.Дәріханадан витамин сатып алдым.

І-ІІ -ІІІ деңгей Суреттегі заттардың атын анықтап. Үлгі бойынша сөз тіркесін құрау, екі және үш сөзден тұратын сөйлем құрау.

1.____________________

2.________________________

3._____________________________

4._________________________________

ІV деңгей /паравоз, верталет/ суретке қарап көп нүктенің орнына заттың атын жаз/

1.________________

2._________________гүрілі

3._________________гүрілі естілді.

4.__________________гүрілі жағымсыз естілді


1.________________

2.Шағын_________________

3.Мен_________________көрдім.

4.Аспанда_________________ұшып жүр.





4.Сергіту сәті

Ал,балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

ІV.Қорытынды. Ойын «Адасқан буын»

Ви Вок Ав Ав вай Ве Вер воз


талет трам лосипед тобус томобиль зал пара


Бүгін біз қандай әріппен таныстық?

В әрпі қандай дыбыс?

Қандай сөздерде кездеседі?