Саясат және мемлекет
Саясаттың мәні оның әртүрлі мүдделерді үйлестіре алатын, әлеуметтік қатынастарды реттеп, қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін қабілетінде жатыр.
Аристотель саясатты «жалпы игілік» пен «бақытты өмірді» мақсат тұтқан қоғамдасудың өркениетті формасы деп түсіндірсе, неміс философы Освальд Шпенглер «саясат - жоғары мағынадағы өмір, ал өмір дегеніміз - саясат» деп, оны жоғары бағалаған.
Белгілі әлеуметтанушы М.Вебер саясатты «билікке қатынасу немесе билікті бөлісу жөнінде ықпал етуге деген ұмтылыс» десе, В.Ленин қоғамдағы таптардың қатынасынан туындатып, «экономиканың шоғырланған айғағы» деп есептеген.
Саясаттың үш белгісі:
- Саясатты биліктік қатынастар, яғни биліктің төңірегіндегі қатынастар саласы деп анықтауға болады.
- Саясат дегеніміз - қоғамның барлық мүшелерін біріктіретін жалпы мүдде негізінде әртекті мүдделерді үйлестіру арқасында қоғамдық өмірді ұйымдастыру тәсілі.
- Саясат қоғамдық даму үдерістерін басқарудағы мемлекеттік билік институттарының көмегімен іске асатын элиталар мен көшбасшылардың қызметі.
Аристотель мемлекет жалпы игіліктің, зерде мен әділдіктің орнығуының кепілі деп, оған жағымды мінездеме берсе, ағылшын ойшылы Т.Гоббс оның, керісінше зиянды жақтарын баса көрсетіп, жан-жағын жалмайтын құбыжық іспеттес деп сипаттаған.
Ғылымда мемлекеттің табиғаты жайлы кең таралған тұғырнамалар бар.
Теократиялық тұғырнама мемлекетті құдай ісі деп қараса,
патриархалдық теория бойынша мемлекет үлкен бір отбасына баланады да, басқаршы монарх пен оның қарамағындағылардың арақатынасы әке мен отбасы мүшелерінің арақатынасына теңестіріледі.
Келісімдік теориясы, күш көрсету тоериясы, маркстік таптық теориялар мемлекеттің мәндік анықтамаларының кейбір қырларын дұрыс бағамдағанымен, оның жалпы табиғатын, мүддеге беріктігін ашпайды.
Мемлекет барлық әлеуметтік топтарды ортақ мақсаттарға топтастырып отыратын, саяси билік жүргізетін қоғам өмірінің басты ұйымдастырушы және басқарушы тетігі болып табылады.
Мемлекеттің белгілері:
- Мемлекет - саяси биліктің бүкіл елді мекенді қамтитын аумақтық ұйымдастырылуы.
- Мемлекеттің қоғамды басқаруға арналған арнайы тетігі, мекемелері мен органдарының жүйесі болуға тиіс.
- Мемлекет қоғам өмірін құқықтық негізде ұйымдастырады және соны іске асыратын арнайы органдары қызмет істейді.
- Мемлекетке егемендік тән.
- Оның экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге арналған салықтар және басқа да міндеттелген төлемдер жүйесі болуға тиіс.
Мемлекет қызметтері
Сыртқы
Ішкі
Басқару формасы
Мемлекет формасы
Саяси режім
Мемлекеттік құрылыс формасы
Президенттік республика
Басқару формалары
Республика
Парламенттік республика
Президенттік-парламенттік республика
Монархия
Мемлекеттік құрылыс формасы
Унитарлы
Федеративтік
Конфедеративтік
Демократиялық
Тоталитарлық
Авторитарлық
Саяси режім