СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сан есімдер. Дара және күрделі сан есімдер.

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту; Сан есімнен алған білім  дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу; Есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылық дамыту; Балаларды еішіпейілділікке,адамгершілікке,  ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға  тәрбиелеу:

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, бағалау нормалары,бағалау парақтары,қима қағаздар, оқулқ, дәптерлері;

Сабақтың түрлері; Аралас сабақ.

Пән аралық байлыныс; математика, география, әдебиет.

Просмотр содержимого документа
«Сан есімдер. Дара және күрделі сан есімдер.»

Мерзімі: 14.11.2017ж.

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6-сынып

Сабақ тақырыбы: Сан есімдер. Дара және күрделі сан есімдер.

Сабақтың мақсаты:

Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту; Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу; Есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылық дамыту; Балаларды еішіпейілділікке,адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу:

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, бағалау нормалары,бағалау парақтары,қима қағаздар, оқулқ, дәптерлері;

Сабақтың түрлері; Аралас сабақ.

Пән аралық байлыныс; математика, география, әдебиет.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

-Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, естіп тұрғандар “екі” шапалақ, сабаққа жақсы көңіл күймен келгендер “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.

2)Үй тапсырмасын пысықтау

Семантикалық картамен жұмыс

 

Мысалдар

Негізгі

туынды

дара

күрделі

сапалық

қатыстық

1

Биік

 

 

 

 

 

 

2

Таулы

 

 

 

 

 

 

3

Ірілі- ұсақты

 

 

 

 

 

 

4

Кішірек

 

 

 

 

 

 

5

Қара торы

 

 

 

 

 

 

6

Ұялшақ

 

 

 

 

 

 

7

Жылы

 

 

 

 

 

 

8

Қой көзді

 

 

 

 

 

 

9

Сөзшең

 

 

 

 

 

 

10

Ауыспалы

 

 

 

 

 

 

11

Ардақты

 

 

 

 

 

 

12

Пайдалы

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабаққа психологиялық дайындық.

І кезең тапсырмасы. “Кім көп біледі?”

1 минут ішінде І, ІІ топ жуан д. дыбысты сан есім, III, IҮ топ жіңішке дауысты сан есімді жазып шығады. Кім көп сан есім жазса, сол оқушы – жеңімпаз, әрі жауабын оқып шығады.

ІІ кезең. Жаңа сабақ.

Тақтаға арнайы парақтарға мынадай сөйлемдер жазылады.

І мысал ІІ мысал

  1. Айгүл жиырмада 1. Әлия он бес жаста болатын

  2. Бізге бірінші сыныпта 2. Ағам отыз қырықтай кітап әкелді

Гүлзат апай сабақ берді

  1. Әжем 2 – алма берді. 3. Жылқының салмағы екі жүз килограмм болды.

Жетекші – проблемалық сұрақтар:

-Неге 2 парақша ілінді?Қандай ортақ сөздер бар?

- Сөйлемдерде 3 қате бар Соны табыңыз.

- Дара сан есімдер І парақшада, күрделі сан есімдер ІІ парақшада. Ережесін айтып көріңіз.

Тірек сызба арқылы жаңа сабақты өзім түсіндіремін.

Сан есім.


Тұлғасына қарай

негізгі

Туынды


Бір

Үш

жүз



Бірінші үшінші

Жүздей


Құрамына қарай

дара

Күрделі

Үш

алты

Үш жүз

Бес алты

Тұлғасына қарай

1 есептік

2. реттік

3.жинақтау

4.топтау

5.Бөлшектік

6. болжалдық











ІҮ кезең.Жаттығулармен жұмыс

Терме жат жазу.

Көп тіл білетіндерді полиглот деп атайды. Рим университетінің професоры Карло Тагливани отыз бес тілді білген. Дания ғылымы Расмус Раск екі жүз отыз тілді меңгергн, Шютце деген неміс екі жүз жетпіс тілде сөйлеген.

М.Әуезовтің “Еңілік- Кебек ”трагедиясы тұңғыш рет сахнаға қойылғанда, автор жиырма жаста еді. К.Байсейітоваға жиырма төрт жасында Кеңес Одағының әртісі атағы берілді.И. Нютон әйгілі әлемнің таптырмас заңын жиырма бес жасында тапты.

Сауаттылығын өзара тексеру;

Мюнстенберг әдісі.

Втшбірджитоғызнгуонбрталпысквабтижиырмагтимолтжүзмикқырықру

ватоқсанфарожетіюнауекіимтржобкилмыңежавпүшйкчбтөртгнмитдуж

ствысегізякстубескцавыалтырнеам

Дұрыс жауабы.                                                                 

Бір, тоғыз, он, алпыс, жиырма,  жүз, қырық, тоқсан, жеті, екі, мың, үш, төрт, сегіз, бес, алты.  

VII кезең. Қорытынды.

Тест тапсырмасын орындатып жұптарымен алмасып тексеру

  1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

а) қандай? қанша?  ә) не? нешінші? б) қанша? неше?

2. Сан есім  . . .  болып бөлінеді

а) есептік, реттік, қатарлық        ә) қатарлық, кезектік

б) есептік, реттік

3. Есептік сан есімді көрсетіңдер:

а) бес         ә) бесінші        б) он екінші

4. Күрделі сан есімді көрсетіңдер

а) бес-алты      ә) елу бес, сексен екі

б) қырық, елу, жүз

5. Жұмбақты шешіңдер.

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар

а) ешкі         ә) қой         б) арқар

6. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар

. . .  рет  өлшеп,  . .  . рет    кес.

а) бір, бес         ә) жеті, бір        б) бір, көп

7. Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

Таңертең сағат жетіде тұрамын.

а) Ілік септік. ә) Барыс септік. б) Жатыс септік.

8. Тиісті сан есімді қойыңыз.

Ер жігіттің ... сөйлегені - өлгені.

а) Екі бүтін үш ондық. ә) Екі. б) Екеу.

9. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

а) Отыз ә) Екі кітап. б) Жүз алты.

10. Көмектес септігінде тұрған сан есімді табыңыз.

а) Екімен. ә) Екінің. б) екіде

ІХ.Үйге тапсырма

Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау