СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шаңырақ сайысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

8- наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған

Просмотр содержимого документа
«"Шаңырақ сайысы"»

Шаңырақ сайысы


1 – жүргізуші: Аяулы аналар, қадірлі ұстаздар, ардақты қыздар! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғұмырларыңызға саулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз! Аңсаған армандарыңызға жетіңіздер!

2 – жүргізуші: Жанұяның ажары /таныстыру/

  1. Құлақтан кіріп бойды алар... /өнерлерін көрсетеді/

  2. Шебердің қолы ортақ /үй жұмысы/

  3. Мақал қуаласпақ ойыны

  4. Ауылдың алты ауызы /ән тақырыпқа сай/

  5. Жақсы сөз – жарым ырыс

  6. Ойнайық та, ойлайық /сұрақ-жауап/

  7. Жұмбақтар шешу

  8. Шаш өру үлгісі

1 – жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Арулары деп ауылдың жүрейікші.

Әділқазы алқасына әділдікті,

Ал, аруларға сәттілік тілейікші.

/Әділқазы алқасының мүшелерімен таныстыру/


І. Жанұяның ажары

2 – жүргізуші:

Жанұяның ажары сайысымен бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Ата – анаңмен жеті атаңды атап шық

Білгірлерді ду қол соғып қостайық.


ІІ. «Құлақтан кіріп бойды алар...»

1 – жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй» - деп Абай атамыз жырлағандай аналар мен қыздардың өнерлерін тамашалайық.

Думандатпай, әндетпей,

Тойдан текке қайтпағын.

Өнерлерін қонақтардың

Тамашалап көрейік.

Қол соғып бір желпіндіріп,

Әділ баға берейік.


ІІІ. Шебердің қолы ортақ

2 – жүргізуші:

Бармақтары майысып,

Түрлі ою ойысып.

Шеберлер бар даңқы асқан

Қолөнерді көрсеткен.

Үй тапсырмасы: Бұл кезеңде аналар үйден істеген істерін, тоқыған шеберлік жұмыстарын тамашалау.

Өзінің кім екенін танытатын,

Бойына ұлттық киім жарасқандай.

Қазақтың салт – дәстүрін дамытатын

Болсайшы аналардың бәрі осындай, - деп аналарға арнап ән шашу.


ІV. Мақал қуаласпақ ойыны

1 – жүргізуші:

  1. Көп біл, аз сөйле.

  2. Ерінбей еңбек қыл, жалықпай өнер қыл.

  3. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.

  4. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

  5. Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра.

  6. Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы.

  7. Асығу баланың ісі, аттандыру ананың ісі.

  8. Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап бала өсер.

  9. Жайылымы болмаса мал азады, қайырымы болмаса жан азады.

  10. Ағайын алтау, ана біреу.

  11. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.

  12. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.

  13. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

  14. Ағайынның алтын сарайынан, анамның жыртық лашығы артық.

  15. Білім қымбат, білу қиын.

  16. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар.


V. Ауылдың алты ауызы /ән-тақырыпқа сай/

2 – жүргізуші:

Тербеліп тал бесікте ояу бала,

Әндетіп отыр ана баяу ғана.

Айналдым дауысыңнан іңгәлаған,

Айтайын әлдиімді, тыңда балам.


VІ. Жақсы сөз – жарым ырыс

1 – жүргізуші:

Қой асығы демеңдер,

Қолыңа жақсы сақа қой.

Жасы кіші демеңдер

Ақылы асса аға ғой, - деп бұрынғылардың айтуынша ендігі кезек ақыл – ой санасы.

Қазақ ырымдарын түсіндіріп айтып беру:

  1. Бала бас ұстамайды!

  2. Аққуды атпа.

  3. Балаға неге шеміршек жегізбейді.

  4. Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды /ақ жаулықтың, қара қайғының белгісі/

  5. Желі, көгенді аттама! /желі-құлын байланатын арқан, көген-қозы-лақ байлайтын арқан/

  6. Малды теппе, ақты төкпе!

  7. Жатқанда аяғыңды көтерме! /бұл сөз басыңды қорлау, өйткені «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды» деген мақал тегін айтылмаса керек/.

  8. Тізеңді құшақтама /тізе құшақтау жаман ырым болып саналған, жалғыз қалудың белгісі/.

  9. Үйде ысқырма /үйге жылан келеді дейтін ұғым бар, жалпы қазақ ұғымында жылан дұшпан/.

  10. Үйдегі жан басын санама! /көп балалы ата-аналар жан басын санағанды жек көрген «көз тиер», «сұқтанба» деп қорыққан/.

  11. Нанды бір қолыңмен үзбе /нанды бір қолмен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей/.

  12. Нан уағын тастама /ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастамай «обал болады, жеп қойсаң бай боласың» деп тәрбиелеген/.


VІІ. «Ойнайық та, ойлайық»

2 – жүргізуші:

1. «Ерулік» сөзінің мағынасын түсіндір

  1. Матаның түрлерін атап беріңіз.

  2. «Наурызкөже» қалай дайындалады?

  3. І ғасыр бойы сақталатын ұлттық тағам не? /құрт/

  4. Өмір сүру үшін не қажет? /су, от, тұз, қыз, ақыл/

  5. Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? /жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды/

  6. Үлпершек деген тағам неден жасалады? /жүректен/

  7. Тәбәрік (ғұрып) – мәнін түсіндір /олжалы адам ойын-тойда бәйге, жүлде алса, құдалық салт-дәстүрде кәде алса әдет бойынша тәбәрік беруге міндетті, бермеуі ұят, сараңдық, дәстүр сыйламағандық болады/

9. Атаңның баласы

Кей кезде таласып,

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге. Ол кім? /әкең/

  1. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? /кәрі жілік/

  2. Жаралғанға жабысқан /есім/

12. Жеті ғашық:

Ләйлі – Мәжнүн

Фархад – Шырын

Таһир – Зуһра

Арзу – Қамбар

Уәлик – Ғарра

Уәки – Күлшаһ

Жүсіп – Зылиқа

---------------------------------------------------------------------------------------

  1. Анаң қандай түсті киімдерді ұнатады?

  2. Ұнататын гүлі қандай?

  3. Бос кезде немен шұғылданғанды ұнатады?

  4. Анаңның көзінің түсі қандай?


VІІІ. Жұмбақтар шешу

1 – жүргізуші:

1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді /ауа/

2. Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе жоқ тыныш /қайшы/

3. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады /жұмыртқа, балапан/

4. Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды тетігін

бұрамай /сағат/

5. Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған. Ол кім? /атаң/

6. Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

Тәтті – ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп. Ол кім? /әжең/

7. Қасиетті сандар /3 7 9 13/

8. Орнынан қозғалмай жүретін не? /сағат/

9. Тігуге де оңай, бұзуға да ыңғайлы үй /киіз үй/

10. Ең жүйрік құс /түйеқұс/

11. Қаймықпайды күшті аңнан, қорқады тек тышқаннан /піл/

12. Құлагер кімнің аты? /Ақан сері/


ІХ. Шаш өру үлгісі

2 – жүргізуші:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын, - деп кезекті сұлулық сырына береміз /аналар қыздарының шашын өреді/


Х. Қорытынды.

1 – жүргізуші:

Келді бүгін отбасылар байқауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы орында,

Берер деп әділқазы әділ баға, - деп сөз кезегін қорытындылауға береміз.

Бүгінгі байқауымызды қорытындылау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Сайыс соңында сөз ұстаздарға, ата – аналарға беріледі.