СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шымболат Айсұлу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тілі

                            20.12.2016ж     3-сынып

Тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы

Жалпы мақсаты

Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; Сөздік қорын молайту; 3. Зейінділікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

-сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйренеді.

-сөздік қорын молайды

-ұйымшылдықпен жұмыс жасайды.

Әдісі:

топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жұмбақ шешу, «Бағдаршам» әдісі, « Бір әріптің ізімен » дидакт. ойын

Көрнекіліктер: 

Ойын , ереже, «ой қозғау» сұрақтар

Сабақтың барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурс

І.Ұйымдастыру бөлімі

1.Психологиялық дайындық Алақанды ашайық, жылулықты шашайық. Сәттілік тілеп достарға, біз сабақты бастайық.                                                                                                                      2.Тоқа бөліну.                                                                                                                                            Топ ережесін құру .  1.Бірін - бірі тыңдау 2. Басқаның сөзін бөлмеу, тыңдау. 3. Топ басшыны тыңдау, айтқанын орындау. 4. Бірлесіп жұмыс істеу.

Шаттық шеңбер

3-топқа бөлу

ереже

ІІ.Негізгі кезеңі

1.Үй тапсырмасын тексеру 5-жаттығу

2Жаңа сабақ  «Ой қозғау»  Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние,әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар. -Сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады?                          Сөз мағынасының  түрлері  Мағынасы мәндес,жуық сөздер. (синонимдер) Мағынасы қарама-қарсы сөздер.(антонимдер)  Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер(омонимдер)

-Балалар,осы сөз мағынасының түрлеріне мысал келтіріп жазайық. Оқушыларға қағаз таратылады. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.  1 топ. Мағынасы мәндес,жуық сөздер.  2 топ. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.  3 топ. Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздер.  (Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқып,қорғайды.)

2.Мағынаны тану  

Дәптермен жұмыс. Күн реті,

 көркем жазу  Тт түс, тас,

 

3.Оқулықпен жұмыс  7-жаттығу Өлеңді түсініп оқу. айтылуы бірдей, бірақ мағыналары әр басқа сөздерді тап.

Құрма сөзінің мағынасын түсініп ал.

8-жаттығуЖұмбақ өлеңдерді оқып, шешуін тап, ара, қазан сөздерінің әрбір мағынасына сөйлем құрап жаз.

 4.Жұптық жұмыс  11-жаттығу берілген сөздерді екі түрлі мағынада қолданып сөйлем  құра .

5.Көру диктанты 10-жаттығу

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кестелер, сызбалар

 

 

 

 

 

 

Парақша тарату

 

 

 

 

Қоркем жазу

 

 

оқулық

Сөздік жұмыс

 

 

 

 

Өзара бағалау,

Сергіту сәті

« Бір әріптің ізімен » дидактикалық ойыны   Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)

Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту

 Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.

  • Досым допты домалатты.
  • Суық сумен сүртіндім.

Ойын «Бір әріптің ізімен

ІІІ.Қорытынды

Дұрыс па, бұрыс па? а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.(дұрыс)

  • Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.(дұрыс)
  • Жақсы, жаман - синоним сөздер (бұрыс)
  • Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі (бұрыс)
  • Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.(дұрыс)
  • Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді(дұрыс)

       Мұғалім, ұстаз-антоним сөздер(бұрыс)

Рефлексия

Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

 

Сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың ойларын тындау «Бағдаршам» әдісі

Үй жұмысы

13-жаттығу105бет

 

Просмотр содержимого документа
«Шымболат Айсұлу»

Қазақ тілі 04.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы:

Зат есім (317-321жаттығулар)

сілтеме

оқулық 2-сынып, дидакт.мат «Қазақ тіліне арналған деңгейлік тапсырмалар»2-сынып

мақсаты

Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.

Түрлі ойын элементтерін пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

-зат есім туралы түсінік қалыптасады, сөздерге сұрақ қоя білуді үйренеді;

-түрлі ойындар арқылы шығармашылықтары дамыды;

- сауатты, көркем жазуға дағдыланады;

- өзара ынтымақтастық, шапшаңдық қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер

СТО әдістері (қаламсап стратегиясы,топтастыру), жұптық жұмыс,ой қозғау сөзжұмбақ, суретпен жұмыс

Көрнекілігі

суреттер, тірек сызбалар, сөзжұмбақ, оқулық,

Түйінді идея

 «Еліміздің болашағы –  білімді ұрпақ қолында!»

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ресурсы

I.Ұйымдастыру кезеңі.


1.Психологиялық дайындық .
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Яғни, Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің болашағы –  білімді ұрпақ қолында!» -деп айтқандай білімді болуымыз керек.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу

Слайд№1

Өлең жолдары








ІІ.Негізгі бөлімі

1.Үй тапсырмасын сұрау: 371 - жаттығу
-Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді тап. (Таға-аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі. Таулы -тасты жерлерде жылқының тұяғы мүжілмес үшін және майтабанына тас батпас үшін атты тағалап отырады
2 Сұрақтары:
1. Сөз дегеніміз не? Сөз таптары деген не?
2. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейміз?
4. Қосымша нешеге бөлінеді?
5. Жұрнақ деген не?
6. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны ата.
7. Қосымшаның қай түрі бұрын жалғанады?
8. Сөз таптарын ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. 1.«Қызығушылығын ояту» суреттегі заттардық атын пайдаланып,сөзжұмбақты шеш. Сол сөздерге сұрақ қой.

-Қане, балалар бұл суреттер ненің атын білдіреді? ...
-Олай болса, сөзжұмбақтың тігінен қандай сөз тіркесі шықты? ...

Қыз деген сөзге кандай сұрақ қоямыз?
Кім сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келтіреміз. 

-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз? 
Олай болса, біз бүгін тағы бір ұғыммен таныстық. Ол қандай ұғым? 
Зат есім дегеніміз не? ( Ережені түсіндіру жұмысы.)

2.Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс

1.Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу сәті:Ж ж әрпі. жапалақ, Жарас

2.318-жаттығу Мақалды көшіріп жаз. Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз. (Сөзге шебер, тапқыр ойлы, ақылды адамды шешен деп атаймыз. Жер-қазына).

3.Өзіндік жұмыс

319- жаттығу Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазу.

7.Топтық тапсырма 320- жаттығу

Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастыру

Дарынды балалармен жұмыс (Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерге сөйлем құрау)

Торы тай,
Табанында төрт ай.
(таға)
оқушылар жауап береді


Сөз –заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы. Мыс: ай, үй, әдемі, жиырма, жүгірді.

Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді

Сөз таптары

зат есім етістік сын есім сан есім

Топтық тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.

-Заттың атын білдіреді.

-Зат есім





Зат есім

Кім? Кімдер? Не? Нелер?








1-топ. Ақыл-тозбайтын тон,

Білім-таусылмайтын кен.

2-топ. Шешен сөз бастар

Батыр қол бастар.



1 - топ Кім?- сатушы, дәрігер, ата, ұста

2 - топ Не?- кітап, парта, дөңгелек, түлкі, ағаш, қарға

сөздік жұмыс







слайд№2

«Қаламсап» стратегиясы





Слайд№3

Топтық жұмыс






Топтастыру стратегиясы






Слайд№4




Слайд №5

Жеке жұмыс


Топтық жұмыс

ІІІ.Рефлексия

Сабақты қорытындылау: «Ыстық доп»

Ойынның мақсаты: Кім? Кімдер? Не?Нелер? сұрақтарының қойылуын , оның қолданылатын орнын ажырата білу, сөйлем құрай алу дағдыларын қалыптастыру. Мысалы: мұғалім доп лақтырып кез келген оқушының алдына тастап , кім?не? сұрақтарының бірін айтады.

2 Тест арқылы сабақты бекіту
1. Заттың атын білдіретін сөздерді тап:
а) күн ә) биле б) суық
2. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді көрсет.
а) ән ә) күй б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
а) ақын ә) жер б) адам
4. Жан - жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
а) кім? ә) не? Б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
а) не? ә) кім? ) нелер?

3.Үйге : Шығармашылық тапсырма
«Қыста» тақырыбына әңгіме құрып келу

Ал оқушы тез ойланып, сол сұраққа жауап береді. Келесі оқушы сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды. Ойын жалғаса береді







Жауаптары: 1.А.

2.Б

3.Ә

4.Ә

5.Ә

Өзін-өзі бағалау

«5»-қатесіз

«4»-1-қате

«3»-2қате

Слайд№6

Ойын











Слайд№7

Тест жұмысы

Өзін-өзі бағалау


Бағалау Жұлдызша, топтық бағалау, өзін-өзі бағалау

Оқушылардың ойын алған әсері мен ұсыныстырын стикерге жазып, іліп қою.

Жұлдызшалар, парақша