5 тақырып. Сөйлеу техникасы
Дәрістің мақсаты: Сот ораторы үшін сөйлеу техникасын менгерудің маңыздылығын анықтаумен қатар сөйлеу аппаратын басқару, дауысын, дикциясын, дауыс ырғағын, паузаны дұрыс әрі толық пайдалану ерекшелігін ұғындыру
Түйінді сөздер: Сот шешендігі, сөйлеу шеберлігі, шешен, дауыс ырғағы, дыбыс, екпін, мәнерлеу, әсерлеу, сөйлеу техникасы, дикция, дауыс
Дәріс сұрақтары:
Сөйлеу мәдениеті.
Дауыс ырғағы және мәнерлеу құралдары.
2. Дыбысты әсерлеу
3. Сөз сөйлеудің екпінді-анық құралдары.
1. Сөйлеу мәдениеті. Дауыс ырғағы және мәнерлеу құралдары. Сотта сөйлеу сөзі тиімді әрі әсерлі болуы оның қаншалықты дұрыс аргументтелгеніне байланысты. Бірақ соған қарамастан жұртшылыққа әсерлі болуының негізгі құралы болып сөздің мәдениетті құрастырылуы, оның анық болуы, оратордың дұрыс сөйлей білуі жатады. Күшті, дыбысты дауыс, анық дикция, дұрыс және мәнерлі дауыс ырғағының (интонация) бірге болуын сөйлеу техникасы деп аталады. Сот ораторы үшін сөйлеу техникасын менгеру деген – бұл өз сөйлеу аппаратын басқару, дауысын, дикциясын, дауыс ырғағын, паузаны дұрыс әрі толық пайдалану.
Сөзді қабылдау көп жағдайда оратордың дауысына байланысты. Дауыс – бұл сендірудің негізгі құралы. Бұл жіңішке, ғажап құрал. Күшті, сенімді, мәнерлі дауыс барлық ойды және эмоционалдық әсер етуге септігі зор. Сондай-ақ оның даусының үні зор болу керек, яғни аудиториялық соңында отырған қатысушыларға да естілу тиіс. Дауыстың күштілігі - соттың әр мүшелеріне өз ойын, сезімін, еркін жеткілікті түрде жеткізу және сендіре білу қабілеті. Ол үшін дауыс ырғағының шығу, жоғарлығы, үннің кең диапазонында да болуы, әр түрлі тембрмен әсемдеуі керек. Дауыстың диапазоны - оның үндік көлемі. Сөз сөйлеген кезде дауыс диапазонының өзгеруі арқасында оның мәнерлі шығуына және ойдың толық түрде берілуіне әсер етеді. Ал диапазонның дұрыс шықпауы, бірқалыпты, өзгеріссіз сөздің айтылуы оның істі толық түрде түсінуге кедергісін тигізеді. Егер оратор істің материалдарын дұрыс білмесе, дәлелдемелер таппаса, онда оның даусында үзілістер көбейеді, түсніксіздеу болады. Сөзді жақсы қабылдау мүмкін болмайды. Оратордың даусы жіңішке, әлсіз, өз-өзіне сенімсіз шықса, тыңдаушылардың арасында оны түсіну қиын болады, оларды сендіру қиынға түседі. Сондықтан да дауыстың дұрыс шығуын үйрену маңызды болып табылады.
Сөз сөйлеудің барлық мазмұны дауыс арқылы жеткізіледі. Бір және дәл сол ой әртүрлі дауыстық реңмен айтылуы мүмкін. Бөлек дауыстар анық естілмей, түсініксіз сөзді түсіну өте қиынға соғады
2. Дыбысты әсерлеу. Таза дикциялық сөз - сот оратордың үлкен абыройы . Дикция - үндері, буындары, сөздері нақты, түснікті ашық айтылуы. Дикцияның анықтылығында оратордың мәдениеті көрінеді, оның тілге деген, сотқа, азаматтарға, сот процесінің тыңдаушыларына деген сыйластығын білдіреді. Нақты дикциямен сөйлеу үшін тілмен, ерінмен және жақпен дұрыс жұмыс істеу кезінде ғана жетуге болады. Осыған жақсы көмекші ретінде жаңылтпаш айтудан бастауға болады. Егер жаңылпашты тез айта білсе, әр сөздің мағынасын түсініп, дикцияны дұрыстау мүмкіндігі туады. Тез оқып үйренген соң, жайлап оқып, сосын тез оқу керек, бірақ дикцияны сақтау керек. Сондай-ақ оратор өз сөзінде темпті өзгертіп отыруы оның ішкі сезімдерінің әсерінен болады. Бірақ өте тез темпта сөйлеген кезде, мәліметтерті толық түсінуге мүмкін болмайды. Ал өте жәй темпте сөйлеу, соттың шаршауына әкеліп соқтырады, мұның бәрі оратордың есті толық білмеуі, дәлелдемелердің болмауынан.
Егер сөз оптимальді темпте беріліп, бірақ еш өзгеріссіз айтса, онда оны түсіну қиынға түседі, яғни әр түрлі мән-жайларды, айыпталушының іс-әрекеттерін және оның мінездерін айтқанда материалдарға анализ жасағанда, сот ораторы оның шындыққа сәйкес екеніне немесе жалған дәлелдемелер екенін айтқанда, аргумент жасағанда шешім қабылданғанда бір темппен айту дұрыс емес, қайта ол сөзді нақты, анық, тоқталып, кей жерде асықпай айту оның шеберлігін көрсетеді.
Мәнерлеп айтылу сот сөзінде интонацияның байлығымен қамтамасыз етіледі. Интонация дегеніміз сөздер әсерлеу, кезектілікпен үннің шығуы, темп пен тембрдің шығу жоғарлығымен айтылуы. Интонация(лат. іntono)[– сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.
Түрлері
Қаратпа (ШАҚЫРУ) интонация - зат есімнің атау септігімен немесе соған сәйкес сез формасымен тіркесе байланысатын ерекше интонациямен, дауысты «0» одағайымен, айтылуы. Интонация сұлбасы (фр. contour кескін, сұлба)— интонациянын деңгейі, калпы. Сөйлеу интонациясынын құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.б. кіреді.
Тон - үннің шығу жоғарлығы, сөйлеу кезінде үннің өзгеріп отыруы; адам даусының жоғары дәрежеде шығуы. Немесе дыбыстың биіктігі деп те атауға болады. Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқының басқаша тон деп атайды. Сондықтан көбінесе дыбыс биіктігін дыбыс тоны деп айтады. Біз еститін дыбыстар тон биіктігімен ерекшеленетін болады.
Тембр - бұл адам даусының табиғи үндік өзгеруі яғни әр адамда өзіне тән қайталанбас болуы. Бірақ тембр оратордың физикалық және моральдық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембрге музалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді. Тембр арқылыдауыс ырғағын өзгерте отырып, сезім-күйді (қуаныш, реніш) білдіруге болады.
Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы — оның бояуы немесе музыканттардың айтуынша, оның тембірі болып табылады.
Тембр — адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шығады, бірдей нота түрліше орындалады.
Динамикалық диапазон - сигналдардың кернеулері немесе қуаттарының ең үлкен және ең кіші мәндері арасындағы аралық. Дауыс ырғағы сот сөйлеу кезінде өзіндік бір музыкалық әсемдеу беріп, әсер қалдырумен ерекшеленеді. Бұл тонның өзгеру кезінде байқалады. Сот оратордың сөзінде әр түрлі мелодиялық әсерлеу арқылы берілуі көп жағдайда қажет болып табылады. Даус ырғағының бай суреттелуімен Ф. Н. Плевако қорғау сөзінде сот процесіне қатысушыларға әсері өте жоғары болды.
Сот сөйлеген кезде үзіліс жасау өте маңызды, өйткені сөздің немесе сөйлемнің ойдық және эмоциялдықтың жағынан ерекшеленіп берілуі. Үзіліс- бұл уақытша үннің тоқталуын яғни келіп тұрған ойды белгілі бір себептерге немесе әсер етуші функцияларға байланыста тоқтата тұруы. Аызша сөйлеу кезінде ойлаумен байланысты үзіліс болуы мүмкін, яғни оратор өз ойын жинақтап, тілдік құралды пайдалана отырып ең керектісін айтуға қаже болуы мүмкін.
Үзіліс атқаратын функцияларына байланысты:
Логикалық үзіліс
Психологиялық үзіліс болып бөлінеді.
Логикалық үзіліс- сотта сөйлеу барысында туады, ойын білдіру кезінде, яғни бір ойдан келесі ойға өту дұрыс реттілікпен айтылуына, маңызды әсерлерін атап өтуге, қатысушылардың көңілін аударуға маңызды құрал б.т.
Психологиялық үзіліс эмоциялық кезендердің атап өтуге, қатысушыларға психологиялық әсер ету құралы б.т.
Сот ораторының мәдениетінде маңызды көрсеткіш ретінде сотта сөйлеу кезендегі нақтылық пен тапқырлықтың әдеби тілде айтылуы. Бірақ әдеби тілде айтылудың нақты айтылу түпнұсқалаы жоқ, орфоэпиялық норма сәйкес әрекет етуші ( кезектілікпен) жүйенің кезектілікпен айтылуын айтамыз. Сот оратордың сотта айтылуын айтамыз. Сот оратордың сотта сөйлеген кезде оның дауысты және дауыссыз дыбыстыларды, қааң,ұяң, үнді дауыссыздыларды еежеге сәйкес айтуы.
Дыбысты әсерлеу немесе эвфония ( грек euphonia-ішінен, eu-жақсы, phohia-дыбыс) үндері эстетикалық жағыан бағалау, олардың сәйкес келуі, құлаққа жағымды және жақсы естілуі.
3. Сөз сөйлеудің екпінді-анық құралдары. Сөзінде үндік ұйымдастырушылықтың маңызды элементі ретінде екпінді дұрыс қою арқылы акцентология норманы сақтау болып табылады З.В. Савковтың айтылуынша « Сөздік екпін-сөзд ұымдастырумен байланысты олар сөздің мықтап айтылуына, үндерді бір-біріне жалғайды, буындардың құрылып ( сөйлемнің ) сөздердің дұрыс құралуына септігін тигізеді. Шын мәнәнде, екпіннің дұрыс белгіленуінің негізгі функциясы сөздің фонетикалық ұйымдастырылуын жүзеге асыру болып танылады.
Екпін-сөйлеудің дауыстық ұйымдастырылуында акцентологиялық норманы сақтау,сөздегі екпінді дұрыс байланыстыру маңызды элемент болып табылады.Сөздегі екпіннің негізгі функиясы олардың фонетикалық байланысуы,сөйлеудегі сөздің ерекшеленуі болып табылады.
Ұсынылатын әдебиет:
Ивакина Н.Н. Культура судебной речи. Москва, 1995
Ивакина Н.Н. Профессиональная речь юриста. Москва, 1997
Мельник В.В. Искусство защиты в суде присяжных: учебно-практическое пособие. М., 2003;
Мельников И.И. Судебная речь: для участников судебных прений по уголовным делам. Учебное пособие. М., 2003;
Очерки по истории судебной речи: Учебное пособие / Под ред. Г.Г. Гиздатова. – Алмтаты: Издательство Жеті жарғы, 1998.
Бақылау сұрақтары:
Сөйлеу дұрыстығы неге тәуелді болады?
Сөйлеудің дұрыстығы мен түсініктігін не анықтайды?
Сөйлеу тазалығын қалай түсінесіз?
Сотта сөйлеу мәнеріне не әсер етеді?
Сөйлеу байлығын қалай түсінесіз?
1. Шешеннің сөйлеу техникасы дегеніміз не?
2. Өзіңіз жатқа білетін жаңылтпаштарды үш қайтара тез-тез айтып көріңіз. Енді «Қырық қырықтықшы қырық қырықтықпен қырық қойды қырықты» жаңылтпашын үш қайтара жеделдетіп айтып көріңіз.
3. «Пікірге, сөзге екпін дарыту үшін қысқалық қажет»/Гораций/, «Дауыс пен сөз сұлулығы – жан сыйы ғой...»/Шәкәрім/, - деген түйіндерге өз сөзіңізбен сипаттама беріп көріңіз