СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сөйлеу мәдениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың мәдениетті сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Просмотр содержимого документа
«Сөйлеу мәдениеті»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың мәдениетті сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.
Дамытушылығы: Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдықалыптастыру.
Оқыту әдісі: Дамыта оқыту
Көрнекілігі: Қызығушылығын арттыратыратын көрнекілік:қима материалдар.

Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту кезеңі:

Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.
- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендерінді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінігі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
(Осы кейіптегі балақайларды бағалау фишкасы ретінде пайдаланамын.)
III. Үй тапсырмасын сұрау
11-жаттығу
IV. Мағынаны тану:
- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?
- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )
2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығу.
Мақалды түсініп оқып,көшіріп жаз.

Әдеп басы-тіл.

2 - жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқы.

Мәтін мазмұнын талдау:

-Маржан қандай қыз?

-Әдептілікті қалай түсінесің?

-Әдепті деп қандай адамды айтады деп ойлайсың?

-Мәтінге ат қой.

Топтық шығармашылық тапсырма:

1-топ:
3 - жаттығу.

Әдептілікке байланысты қандай сөздер білесің? Оны сөйлеу кезінде өзің қолданасың ба?

2-топ:

Сәлемдесу үшін қандай сөздерді пайдалануға болады?Ал қоштасқанда ше?

Рөлге бөліп оқыту:

5 - жаттығу. Сұхбатты рөлге бөліп оқиды.

6-жаттығу Танысу сұхбатын толықтыр.

7-жаттығу. Мархабат етіңіз,өтінемін,ренжімесеңіз сөздерін қатыстырып сөйлем құрастыру.

V. Ой толғаныс: Топтық жұмыс.
«Тез ойла, сөз ойла»
ойыны:
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 - топ - сыйластық.
2 топ - кішіпейілділік.
3 топ - инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...
Бағалау.
Үй тапсырмасы
.
8 – жаттығу Ребус шешу,ребус шеуіндегі сөз туралы әңгіме жазу.