| Сайыс кезеңдерімен таныстыру 1-кезең : «Тез ойла, тез ойна» ребус шешу 1-топ «Етістік»  2-топ «Сан есім»  3-топ «Зат есім»  2- кезең «Сиқырлы ұяшықтар» Бұл кезеңде әр топ ұяшықтарды таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді. Жауап ере алмаса екінші топ жауап беруге мүмкіндіктері бар .  30 - Зат есімді тап: А) қалам б) қызыл в) жүгірді 30- Сын есім қандай сұраққа жауап береді? А)не істеді? не қылды ?қайтті? Б) қандай? қай? В) кім?не? 30- Етістік дегеніміз не? 20- Етістікті тап А) үй б) ойнады в)жеті 20- Заттың сынын білдіретін сөздерге мысал келтір 20- Сан есім сұрағы қандай? 10-Қырық бес сөзіне сұрақ кой. 10- Жұмбақты шеш. Сөз басының ең басында тұрамын, Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағым. Сөйлемде мен ой иесі боламын, Етістікпен көркейемін, толамын. (Зат есім) 10-Артық сөзді тап ата ақын адам құс ұшты 3-кезең «Менің бағытым» Семантикалық карта Бұл кезеңде топтар берілген семантикалық картаға 1 минут ішінде өз бағыттары бойынша белгі қоюлары керек. 1-топ | Сөз таптары | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Естістік | | Алма | | | | | | Барды | | | | | | Қызыл | | | | | | Оқушы | | | | | | Оқыды | | | | | | Қоңыр | | | | | | он | | | | | 2- топ | Сөз таптары | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік | | Бес | | | | | | Дәптер | | | | | | Қызыл | | | | | | Көңілді | | | | | | Сызғыш | | | | | | Жазды | | | | | | Он | | | | | 3-топ | Сөз таптары | Зат есім | Сын есім | Сан есім | Етістік | | күн | | | | | | Таза | | | | | | Қызыл | | | | | | Отыр | | | | | | Айтты | | | | | | Дүкен | | | | | | отыр | | | | | 4-кезең "Жеті жұрттың тілін біл" Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын. Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз топтан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!
1. Қабат – қабат қаптама Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book) 2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air) 3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды, Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language) 4. Әй, керемет бір ит бар Үй бағады үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді. Рұқсатсыз ол иттен Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock) 5. Бір үйге көзсіз боп кіресің, Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school) 6. Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян - заяц - carrot) 7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words) 8. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch) 9. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun) 5-кезең «Мюнстерберг» әдісі Кестеден зат есімдерді тауып, сөйлем құра. | Ж | А | Т | Е | Т | І | К | Ж | Қ | Б | | А | С | П | А | Н | Н | Ү | Е | А | А | | П | Г | О | Р | Ц | Й | Н | Р | Й | Л | | А | Н | А | Т | О | Р | Ғ | А | Й | А | | Л | А | Қ | Ж | Ұ | Л | Д | Ы | З | П | | А | П | А | А | Л | М | А | Р | Т | А | | Қ | А | З | З | Ы | М | Ы | Р | А | Н | | П | А | Р | Т | А | Т | А | К | Ү | Н | 6-кезең «Артығын және айырмашылығын тап» кезеңі 1-топ   2-топ   3-топ   |