СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Сөз және оның мағынасы" сабақ жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Просмотр содержимого документа
«"Сөз және оның мағынасы" сабақ жоспары»

Қазақ тілі




Сабақтың атауы

Сөз және оның мағынасы туралы түсінік

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.

Психологиялық ахуал

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылықтарын ояту

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады

Мағынаны тану

Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсететін екі түрлі сызба арқылы өткен сабақ қайталанады.

Мысалы, Қалың орманның ішінен тәтті жидектің исі аңқиды.

Осы сөйлемдерге синтетикалық сызба жасау.

Бұл сызбалардың екеуінде де сөздердің арасындағы байланыс көрсетіледі. Біріншісінде сөздердің байланысы сұрақтар мен сызықтар арқылы көрсетілген. Ал екіншісінде сұрақсыз сызықтар бағдаршамен көрсетіледі. Бірінші сызбада сөздердің байланысы қайсысы қайсысымен байланысып тұрғаны сұрақтар арқылы көрсетілгенімен, сөздердің сөйлемдегі тәртібі бұзылған. Ал екінші сызбада сөздердің сөйлемдегі орындары сол күйінде.

Оққулықтағы тапсырмаларды орындау

1-жаттығу сөздің мағынасын ашуға арналған. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атауын айтады. Әр заттың атауының мағынасы болатынына назарларын аударады. Ол сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөздердің дыбыстан құралатынын және ол сөздердің мағынасы болатындығы туралы қорытынды жасайды.

2-жаттығу сөйлемнің мағынасы болу үшін қандай сөзді таңдау керек екенін анықтауға арналған. Көп нүктенің орнынан неге осы сөзді таңдағанын өздері дәлелдейді.

3-жаттығуға берілген жұмбақтың шешуін тапқаннан кейін оқушылардың күнделікті сөздік қорларында кездесе бермейтін жар, кірді ашады сөздерінің мағынасын түсіндіру тапсырылады. Оқушылар түсіндіре алмаған жағдайда мұғалім мысалдар келтіре отырып, осы сөздердің мағынасын ашуға көмектеседі. Жар - түсінік беру. Кірді ашады - кірін кетіреді.

4-жаттығуда берілген сөздерді мағынасына қарай топтап жазу арқылы жаңа тақырып бойынша алған білімдері бекітіледі.

5-жаттығуда берілген сөйлемдерді көшіріп жазғаннан кейін, қарамен жазылған сөздердің мағынасын оқушылар өздері түсіндіреді. Әр сөздің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылар мағынасы жоқ сөздердің болмайтындығын ұғынады.

Сергіту сәті

Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем, сен........ Мен «төмен» десем, сен.......
Мен «үлкен» десем, сен..... Мен «алыс» десе, сен.....

Ой толғаныс

Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар ол сөздердің мағынасын түсіндіреді. Мысалы, қадірлі, орашолақ, қолапайсыз, сүйкімді, ауыл-аймақ, т.б.

Үйге тапсырма

Үйге: 6-жаттығу. Түсіндіру

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Баға қою

Күнделіктеріне қоямын

Кері байланыс

«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасау