Просмотр содержимого документа
«Судың пайдасы зор»
№2 «Еркетай» ортаңғы толық күнді шағын орталық тобында
өтілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметі қорытындысының
талдауы.
№2 «Еркетай» толық күнді шағын орталық тобында 15.11.2017 жылы
Таным саласы, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, бақтағы жемістер мен көкөністер тақырыбында өтті.
Мақсаты: 5 көлемінде санды есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Іс-әрекет дағдыларын меңгерту, жемістер мен көкөністерді, түстерді ажыратуға, балалардың логикалық ойлауын зейінің тіл байлығын дамыту. Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Оқу қызметімді «Good morning!», «Күн шуағы» шаттық шеңберінен бастадым. Балалар шеңберге тұрып қимылмен көрсетті. Жаңа тақырыпты жұмбақ жасыру арқылы бастадым. Тосын сәт: Бағбан атаның келуі. Бағбан ата балаларды өз бақшасына шақырады. Бақшаға бару үшін төрт тапсырманы орындау керектігін айтады.
1тапсырма: «Сиқырлы қапшық» дидактикалық ойын. Балаларға жемістер мен көкөністерді ажыратуға, тапсырма берілді.
2 тапсырма: 1-5ке дейін тура және кері санау
3 тапсырма: «Жоғалған сан» сандардың көршісін табу
4тапсырма: геометриялық пішіндер туралы жұмбақ жасыру
Сергіту сәті: «Бір үйде біз нешеуміз?»
Бағбан атаның тапсырмаларын орындап бақшаға барады, бақшаны тамашалайды. Сөздік жұмысы жүргізілді. Дидактикалық ойын: Лото «Жемістер мен көкөністер» ойнатылды. Ашық ұымдастырылған оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мадақтап бақшадан терілген алманы таратып беремін. Ашық ұымдастырылған оқу қызметіне қойған мақсатыма жеттім.
Топ тәрбиешісі: Н.Ж.Ахметова