СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сурет салу. "Торғай"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сурет салу. "Торғай"»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні / Дата проведения: 29.01.2020

Тәрбиеші / Воспитатель :Садвокасова В.А.

Білім беру саласы / Образовательная область: Шығарашылық

Пән / Предмет: Сурет салу

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Құстар -біздің досымыз»

Тақырыбы / Тема: «Торғай»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная:Құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын дамыту.

3. Оқыту – обучающая : : Құстың құрылысы жайлы түсініктерін үйрету.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, Триз технологисы.

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : тоты құс бейнеленген ақ бет, түрлі-түсті бояулар, гуащтар, қылқалам, су құйылған ыдыс, сүлгі.

Көптілділік : торғай- воробей-Sparrow, құстар- птицы - birds-түлкі—лиса- Fox


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайып сәт)
Қонаққа Түлкі келгенін айтады. Ол өзімен бірге әдемі құстың суретін ала келіпті. Түлкі балалардан бұл қандай құс және осы құсты әдемілеп бояп берулерін сұрайды.


2.Негізгі бөлім

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.

-Қыста қыстап қалған құстарды білесіңдер?

Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.

Құстардың қарны ашпас үшін «жем шашады» (суретін салады).

Суретті салудың ретін түсіндіріп , тақтаға салып, қарапайым сызықтармен салудың жолдарын ауада көрсетіп, бормен сызып, салып көрсетеді.

-Балалар, алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне сопақша пішінді қиғаштап саламыз.

Сопақшаның жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі сол жаққа қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сопақша пініннің жоғарғы бөлігіне құстың басын салу үшін кішкентай домалақ пішінді саламыз. Ал төменгі бөлікке құстың құйрығын саламыз. Қарындашпен салынып, дайын болған құсты қылқаламның көмегімен қағаз бетіне бояуды сүйкей жаға отырып түрлі түске бояп, көрік береміз.

Балалар өздері бозторғайдың суреттерін салып алады.

Сергігу сәті:

Ал балалар тұрайық,

мойнымызды бұрайық.

Қолымызды созайық,

Жел сияқты қалықта,

Оңға, солға иіліп

Денемізді бұрайық

Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады.

Көптілділік : торғай- воробей-Sparrow, құстар- птицы - birds-түлкі—лиса- Fox

Саусақ жаттығуы:

Обал жасап құстарға,

Торға қамап ұстама!

Құс боп неге жаралды,

Еркін самғап ұшпаса.

Құстар туралы мақал-мәтелдер айтады:

  1. Құс жеткен жеріне қонады.

  2. Көкек өз атын шақырады.

  3. Қара құс басып жейді,

Сұңқар шашып жейді.

  1. Қарға қарқылдаса, қысты шақырады,

Қаз қаңқылдаса, жазды шақырады.


Дидактикалық ойын: «Құстар қалай үн қатады?»

Мақсаты: құстардың дауыстарын ажырата білуге үйрету.

Түлкі: Ал, балалар мен енді кетейін. Менім суретімді әдемі қылып бояп бергендерініз үшін рахмет!

Жеке жұмыс:

Абылай бүгін бізге кім келді?

Бейбарыс ненің суретін боядық?

3.Қорытынды
Балалар біз бүгің қандай құспен таныстық? Кім қонаққа келді?

Дұрыс айтасыңдар біз Тәрбиеші балалардың салган суреттеріне ерекше жылы көңілмен қарап, олардын құстарға деген қамқорлығын мақтайды.

Балалар өз әсерлері көңілмен айтады.

Жарайсыңдар балалар!