Просмотр содержимого документа
«Сын есім туралы түсінік беру»
Сабақтың тақырыбы: Сын есім туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Сын есім туралы түсінік беру және ол туралы
мәліметтерін одан әрі тереңдету;
дамытушылық мақсаты:
жұмбақтар шешкізіп, ойлау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік мақсаты:
сөз байлықтарын тереңдету,
сауаттылыққа баулу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірме, баяндау,жаттығу,ойландыру.
Көрнекілігі: 1.С. Сейфуллиннің ”Ақсақ құлан” өлеңінен бір
шумақ үзінді.
2.Сөзжұмбақ “Сын есім”
3.Әр түрлі суреттер.
4.Карточкалар, нөмірленген асықтар, қоржын.
Пәнаралық байланыс; әдебиет, бейнелеу өнері
Сабақ барысы
ұйымдастыру кезеңі(сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау).
Жаңа сабақ.
Оқушыларға бүгінгі күнді және бүгінгі өтілетін тақырыпты дәптерлеріне жазғызамын. Бұдан әрі қарай жаңа сабақты бастаймын. Бұл үшін оқушыларға әр түрлі тақырыптағы суреттер көрсетіледі де, ол суреттерде не бейнеленгендігі және олардың түсі сұралады. Осы суреттерді пайдалана отырып, сын есімнің анықтамасы айтылады. Сын есім дегеніміз – заттың сынын, дәмін, сипатын, көлемін білдіретін сөз табы.Қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ түсіндіріліп болған соң оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқулықтағы 127, 128 – жаттығулар жазбаша, 129– жаттығу ауызша орындалады.
Мұнан соң сөзжұмбақ шешкіземін. Мұның мақсаты – жұмбақтың шешімін тапқызып, әрі ондағы сын есімді тапқызу. Бұл үшін қоржынға салынған нөмірі бар асықты пайдаланамын. Егер оқушы 1 – нөмірді алса, онда сол нөмірдегі карточканы алады.
Сөзжұмбақ “Сын есім”
К | О | М | П | А | С | | |
| | | | Ш | Ы | Қ |
| Н | А | Й | З | А | Ғ | А | Й |
Т | Ү | Й | Е | | | |
| | А | С | Қ | А | Б | А | Қ |
Т | Ү | Т | І | Н | | |
| Д | О | М | Б | Ы | Р | А |
№1
Қолында бір айна бар дөп – дөңгелек
Адасқанға жөн сілтеп, берер дерек.
Екі тісті тіліменен төрт бағытты,
Керек десең болғаны тауып береді.
(компас)
№2
Таңертең бар, кешке жоқ,
Кеш түгілі түсте жоқ.
Мен әдемі моншақпын,
Ірі емеспін, ұсақпын.
Мойнына ешкім таға алмас,
Мендей мөлдір таба алмас.
(шық)
№3
Жердей дәулер соғысты,
Жарқ – жұрқ етіп оқ ұшты
(найзағай)
№4
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(түйе)
№5
Ішін жарсаң қап – қатты,
Ал піскенде тәп – тәтті.
(асқабақ)
№6
Үй үстінде ақ аю билеп тұр.
(түтін)
№7
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
(домбыра)
Жаңа сабақты бекіту.
Бұл үшін оқушыларға ішінде сын есімі бар мақал – мәтелдер айтқызамын. Сонан соң төмендегідей сұрақтар қойылады:
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сұрақтарын ата.
3. Мысалдар келтір.
Үйге тапсырма:
1. Сын есім туралы түсінік.
2. 131 – жаттығу.
Оқушыларды бағалау.