СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 25.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаттары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әртүрлі тақырыптағы сынып сағаттарының құрылымы

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаттары»

Тақырыбы: «Рухани келісім – халық бірлігіне бастар жол» 
Мақсаты: Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру; 

Сабақтың барысы: 
Мұғалім сөзі: 
Ән: Дос болайық бәріміз 
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы». 
Би: Көк пар 
Қорытынды 
Мұғалім сөзі: Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз. 
Егемендікті егелеген кезеңде талай елдер қақтығыстар мен қантөгістерге жол беріп алса, біз бірлігіміздің арқасында тірлігімізді түзедік, көркейдік. Бұл Елбасының сындарлы саясатының жемісі болумен қатар ел халқының, соның ішінде мемлекетті құраушы негізгі қазақ халқының кеңпейіл толеранттылығының жемісі екені даусыз. 
Иә, ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше екені белгілі. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта – ниеті асыл, тілек – армандары орындалып, бақытты қоғам әрі бейғам өмір кешетіндігі ежелден белгілі. Сол себепті бабаларымыздың: «Бірлігі барды – жау алмайды» немесе «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ұлағатты сөздің астарында ауыз бірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздегені сол замандарда – ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан ғой. Ұлан байтақ Қазақстан елі көп ұлтты, көп конфессиялы, әлденеше мәдениеттер тоғысқан мемлекет екені баршаға мәлім. Алла тағаланың жақсылығы және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік сүйгіш салиқалы саясаты, парасатты басшылығы арқасында мемлекетімізде жүзден астам алуан тіл мен дінді, түрлі діл мен мәдениетті ұлттар мен ұлыстар өзара ауыз бірлік пен ынтымақта тату – тәтті өмір сүріп келеді. 
Адамдардың түрлі ұлт – ұлысқа бөлінуі, бір – бірімен жер немесе мал – дүниеге таласып, ұрыс – жанжалмен өмір сүруі емес, қайта олар бір – бірімен танысып, қамқорлық жасап, өзі халифа болған уақытта елін өркендетуге шақыруы ләзім. Алла тағала құзырында абыройға мал – дүниемен емес, қайта Алла тағаладан қорқумен және жіберген әміріне мойынсұнумен жететінін айтқан жөн. 
Бейбітшілік келісім сарайдың сәулет жобасына халықаралық байқау жарияланды. Байқауға мейлінше қатаң талап қойылды, соған сәйкес ұсынылған жобалардың талайы талғамнан шықпай қалды. Төрт турдан соң ғана жеңімпаз анықталды. Есімдері әлемге танылған көптеген сәулет шеберлерінің арасынан ағылшын Норман Фостер үздік шықты. 
Британия сәулетшісі ұсынған идея әрі тосын, әрі таныс еді, ол пирамида үлгісін таңдаған. Бұл идеяны қостағандар «мәңгілік» ұғымына мән берді. Египет пирамидаларының мәңгілік нышанына айналғанын әлем мойындайды. Ендеше осы құдіретті тоғыстыру ұтқырлық та, көрегендік те. 
Фрстердің пирамидасы осындай терең астарлы бола отырып, қазіргі заманғы кескін табуға тиісті. Сәулетші мұны жете ескерген. 
Пирамиданың керегесі берік, салмақ түскенде майыспайтын, жуан металл трубаларынан керілген. Олар биіктей келе тот баспайтын бұрандалармен бекітілген де, алдын ала ойластырылған жоба бойынша кескінді өрнектер құраған. 
Зәулімнің ұшар шыңы шынымен көпкерілген, сол жерден төгілетін күн сәулесі пирамиданың барлық кеңістігін нұрландырады. Жарық төменгі техникалық қабатқа да түседі. 
Сарайдың ішкі жоспарлау мәнері де өзгеше. Ғимарат төменнен жоғарыға қарай бес қабатқа бөлінген. Бірінші қабатқа көп қырлы, 1500 орынды зал орныққан. Мұнда алуан түрлі басқосулар: халықаралық деңгейдегі съездер мен конференциялар шақыруға, ойын-сауық, сахналық думандар, опера-балет қойылымдарын ұйымдастыруға болады. Залдың акустикасы айрықша, осында отырып көне грек амфитеатрларында тұрғандай сезінесің. 
Бесінші қабатта, пирамиданың биігінде әлемнің төрт құбыласын білдіретін төрт көтерген ақшаңқан дөңгелек күмбезшенің астында 200 орынды көркем зал көз тартады. Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің кейінгі форумдары осы жерде Республика Президентінің қатысуымен өтеді. 
Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы». 
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан: 
- Сенің ұлтың кім? 
- Қырғыз. 
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың? 
- Менің өз елім – Қазақстан. 
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек! 
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. 
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін. 
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек? 
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің? 
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді) 
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді. 
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз. 
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды! 
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады). 
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз. 






















Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің отбасым»
Мақсаты: Оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата - ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі. 
Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.
Өзін және сыныптарын бағалайды. 
Түйінді түсінік: Отбасы, адамзат, қоғам.
Керекті жабдықтар: Интербелсенді тақта, компьютер, флипчарт, смайликтер, бәйтеректің суреті және көбелек, алма стикерлері, рефлексия парағы, «Перзент парызы» видеоклипі, «Мерейлі отбасы» байқауының үзінділері
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу, түгендеу. 
- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. 
- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. 
Ойсергек: «Сәлемдесу»
Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың? Ні Т.б
Топқа бөлу: Оқушыларды Отбасы, ата-ана туралы мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу.
- Балалар, біз неге осы сөздер арқылы бөліндік?
Мақал-мәтел қиындылары:
«Әке-асқар тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ»
«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі»
«Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя» Оқушылар мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.

Тұсаукесер -Отбасы дегеніміз не? Қалай түсінесізіңдер? Отбасы қандай болуы керек?
Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу. 
-Бүгін біз бір ғажайып әлем туралы сыр шертеміз. Қалай ойлайсыздар ол қандай әлем болуы мүмкін. Ол сіздер өскен шағын мемлекет, яғни жанұя бірлігі, ынтымақтастығы, достығы, өзара сыйластықтары. 
Сыйластық, жарастық орнаған орта; шағын мемлекет;ата-әже, әке-шеше; қоғамның басты негізі; бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы; адам ғұмырының тірегі.
Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. Отбасы ата –әженің ұрпағынан тарап, шағын мемлекетке айналады. 
Отбасы- Бірге тұратын, бір -біріне қамқорлық жасайтын және ортақ шаруашылық жүргізетін бір үйдің адамдары.
Ата-анамыз біздің тұрмысымыз жақсы болуы үшін еңбек етеді. 
-«Батыр ана» қалай түсінесіңдер?
Көп баланы дүниеге әкелген ананы- Батыр ана деп атаймыз.
Көп бала өсірген аналарға «Күміс алқа», «Алтын алқа» беріледі.
Ауыл бойынша Алтын алқа, күміс алқа алған аналалар туралы мәліметті мониторинг арқылы көрсету.
Ойланып дәптерге түсіріп, анықтама береді, жауап береді.
Топтардағы әр оқушының пікірін тыңдау.

Интербелсенді тақтаға келіп жазады
- ойланады;
- естеріне түсіреді
-мысалдар келтіреді.


Негізгі бөлім 1-топ: «Отбасы татулық негізі» атты постер жасайды.
2-топ: «Әке- алтын діңгек»
3-топ: «Отбасы бақыты-ел бақыты»
Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі «Отбасы күні» болып белгілендігін және Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы, біздің облыстан қатысқан Сәндібековтар отбасы туралы мәлімет беру. 
Көрсетілім: «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қорытындысы.
Көрсетілім: Орал қаласындағы қарттар үйі мен балалар үйінде тәрбиеленушілер туралы статистикалық мәліметтер келтіру.
«Өзімнің жанұям туралы айтып берейінші...» (алдын ала үйге берілген тапсырма негізінде топ ішіндегі оқушылар өз отбасы туралы слайд не бейне таспа арқылы әңгімелейді) Жантолы Н, Тусип И, Есекеш Н.
Видеоклип: А.Жорабаеваның «Перзент парызы».
Осыдан кейін оқушылар төмендегідей тапсырмаларды орындайды. 
1-топ: «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазады.
2-топ: Венн диаграммасы: Отбасы және мектеп
3-топ: 5 жолды өлең.
Әр топқа тақырып төңірегенде мәтіндер беріледі.
Әр топ тақырыптың мазмұнын, тақырыбын, идеясын, тәрбиелік мәнін ашу мақсатында жоба құрады, қорғайды. Жұмыстану үшін топ басшысын сайлап алады. Әрбір топтан шыққан 3 көшбасшыны қалған топтар формативті: «басбармақ», «бағдаршам», «2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалайды. 
Қорытынды «Жақсы тілек – менен» әр оқушы көбелекке, алмаға тілек жазып, тақтадағы «Тілек ағашына» қондырады. 
Кері байланыс парағын толтыру.
Кері байланыс парағы:
Бүгін мен сабақта білдім (нені)?
Бүгін мен сабақта үйрендім (неге?)
Бүгін мен үшін күтпеген нәрсе болды (не?)
Оқушыларға жаднама таратып беру.
Үйге:
«Біз бақытты жанұямыз!» тақырыбында сурет салу
«Отбасы ағашы» (отбасыңның шежіресін құру) «Тілек ағашына» оқушылар алмаға, көбелекке ата – аналарына тілектері немесе шығарған өлеңдерімен, тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөліседі.









Сабақтың тақырыбы: Менің күн тәртібім 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушылар өздерінің бос уақытын үнемді пайдалануға білімін шыңдау. 
2. Оқушыларды досын сыйлауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сабырлыққа, мәдениеттілікке . 
3. Оқушының ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру т.б. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту 
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау 
Көрнекілігі: оқу құралдары, интербелсенді тақта 
Пәнаралық байлыныс: орыс тілі, дүниетану 
Сабақтың барысы 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, оқу-құралдарын түгендеу, сабаққа назарларын аудару 
2. Мақсат қою 
Тақтаға ай-күн ретін,тақырыпты жазып қойып,сабақтың мақсатын жариялаймын. 
3. Жаңа материалды түсіндіру 
Сөздікпен жұмыс 
Күн тәртібі - режим дня 
Ояну - просыпаться 
Күнтізбе - график 
Кесте - график 
Шешіну - раздеваться 
Таңертеңгі тамақ-завтрак 
Демаламын - отдыхаю 
Ұйықтаймын - сплю 
Ауысым - смена 
Серуендеу - гулять 
Біраз - немного 
Орындау - выполнять 
Ұйықтар алдында - перед сном 

Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару. 
Дұрыс айтуға дағдыландыру: 
Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; 
Оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап, тізбекпен оқиды. 
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау. 
Сөйлемдер құрау. 
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу 
Кез-келген сөзге септік жалғауларын жалғау 

А.с. күн тәртібі ауысым кесте 
I.с. күн тәртібі… ауысым... Кесте... 
Б.с. күн тәртібі... Ауысым... Кесте... 
Т.с. күн тәртібі... Ауысым... Кесте... 
Ж.с. күн тәртібі... Ауысым... Кесте... 
Ш.с. күн тәртібі... Ауысым... Кесте... 
К.с. күн тәртібі... Ауысым... Кесте... 

Мәтінмен жұмыс 
1-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар. 
МЕНІҢ КҮН ТӘРТІБІМ 
Мен сағат 7 00–де тұрамын. Таңертеңгі тамақ ішемін. Сабақ сағат 8 30-да басталады. Үйге сағат 14 00-де келемін. Бір сағат демаламын. Сағат 15 00-ден 
18 00-ге дейін сабақ оқимын. Сағат 22 00 -де ұйықтаймын. 

Оқушылар мәтінді буынға бөліп көшіріп жазып, буын түріне ажыратады. 

2-тапсырма. Сөйлеп үйрен. 
Сағат ... тұрамын. 
Сағат ... тамақ ішемін. 
Сағат ... сабақ басталады. 
Сағат ... үйге келемін. 
Сағат ... сабақ оқимын. 
Сағат ... теледидар көремін. 

3-тапсырма. Өзің туралы айт, жаз.(оқушы өзінің күн тәртібі туралы айтып, дәптерге жазады). 
Күн тәртібін сақта! 
Соблюдай режим дня! 

Сергіту жаттығу 


4. Оқушылардың түсінігін тексеру 
Мен таңертең .... 
Беті-қолымды .... 
Тісімді жақсылап .... 
Сосын таңғы асты .... 
Мектепке көлікпен.... 
Сабақтан бірде .... 
Үйге екіде .... 
Түскі асымды .... 
Демалып біраз .... 
Содан ертеңгі сабақты .... 
Сағат онда ұйқыға .... 

5. Жаңа сабақты бекіту 
1. Сен нешеде оянасың? 
2. Таңертеңгі асты нешеде ішесің? 
3. Мектепке дейін немен барасың? 
4. Мектепте сабақ нешеде бітеді? 
5. Қай уақытта үйге келесің? 
6. Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың? 
6. Үйге тапсырма беру, білімдерін бағалау 
6-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдер жаз

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!

Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта
Түрі: тәрбие сағаты
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.

II. Тақырыбы, мақсаты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .
Слайдтар бойынша түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.

1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.

Оқушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Оқушы
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Интерактивті тақтамен жұмыс
- Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
- Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсет

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында
«Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді көрсету.

Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту
Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.


Мұғалім
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.








































«Менің елім, менің Қазақстаным»

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. 
Міндеттері: 
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру. 
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 
Түрі: сайыс 
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас 
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат 

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Хор: Әнұран. 
- Кәне балалар Отан деген не? 
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен. 
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады? 
- Біздің - Отанымыз Қазақстан. 
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады. 

ІІ. Негізгі бөлім. 
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка) 
1 - топ: Туған жер 
2 - топ: Отан 
3 - топ: Атамекен 
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.) 
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды. 
20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? 
20 – Еліміздің бас қаласы 
20 – ҚР президенті 
50 – ҚР туының авторы 
50 – ҚР елтаңбасының авторлары 
50 – Әнұранымыздың авторлары 
100 – Еліміздің көрікті жерлері 
100 – Отан туралы өлең айт 
100 – Отан туралы ән шырқа 

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. 
1 - оқушы: Арыстандай айбаттым. 
Жолбарыстай қайраттым, 
Аспандаған байрақтың 
Қанша жұлдыз жайнаттың. 
Қанша бұлбұл сайраттың, 
Қазақстан ардақтым. 

2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран, 
Аясында қалқыған. 
Аспан түсті туым бар, 
Көк теңіздей шалқыған. 
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып, 
Елтаңбам әлемге танылды анық. 
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен, 
Арманым ата заңым қабылданып. 
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда, 
От пен ауа, суың да. 
Жаса Қазақстаным, 
Белді бекем буында. 
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам 
Өркен жая бастаған 
Болашақтың есігін 
өз қолыңмен аш маған. 


- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? 
1 - оқушы: Отан от басынан басталады. 
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық. 
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, 
Арың үшін алыссаң өлмейсің. 
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару. 

Тілек. 
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.) 
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз. 
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді) 
Қорытынды. 
Байтақ дала жерім менің 
Арта берсін даңқың сенің 
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің 
– дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты кластан тыс шарамыз аяқталды.










Сабақтың тақырыбы: Жарақаттанудан сақтануға бола ма?
Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарымен, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және тағы басқалар табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары)
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар: өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс), үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.
Құтқару әліппесі экстремальдық жағдайлар кезіндегі іс - қимылдың қысқаша нұсқауы
1 - оқушы:
Жер сілкінуіне дейін
Алдын ала дайын болыңыз;
- рюкзак немесе сөмкеңізді, құжаттар;
- үш күнге жететін тамақ пен су;
- жылжымалы электр фонары мен сөмке;
- алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
- жылы киім мен аяқ киім;
2 - оқушы:
Алғашқы жер сілкінісі кезінде:
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың үрейленуіне жол бермеңіз;
- Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
- Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда сол жерде тұрыңыз, қорықпаңыз, күтіңіз; егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үй ішінде болсаңыз:
- Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
- Екінші не одан жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
- Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
- Лифтіні пайдаланбаңыз.
3 - оқушы:
Егер көшеде болсаңыз
- Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашыұ алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
- Ғимараттардың алдын кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз;
4 - оқушы:
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
- Ашық алаңда қалыңыз және жер сілкінісі біткенше автокөліктің ішінде болыңыз;
5 - оқушы:
Есте болсын жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
- Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
- Сынған терезелер қирауы;
- Үзілген электр желілері;
- Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
- Өрт;
- Үрей кезіндегі бақылаусыз қалған адамдардың мінез - құлқы,
Егер сіз алдын - ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
6 - оқушы:
Жер сілкінісінен кейін:
- Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
- Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
- Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз;
- Ашық отты пайдаланбаңыз;
7 - оқушы:
Өрт
- Отпен жұмыс істегенде абай болу керек;
- Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге өртеуге;
- Автокөліктен шыққан жалынға;
- Күн күркірегендегі найзағайларға;
- Майланған материалдың үйкелісіне;
- Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі;
8 - оқушы:
Өрт елді мекендердегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс. Мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. ауа райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен, ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0. 1 - ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Мұғалім:
Су тасқыны, сел
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.
9 - оқушы:
Су тасқыны кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не жоғары қабатқа шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен не фанермен қағып тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау;
10 - оқушы:
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Мұғалім:
Дауыл, құйын
Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте көп қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады. Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.
11 - оқушы:
Жазық немесе құрлық далада – жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап қалу қажет.
12 - оқушы:
Құйын – өте қауіпті. Құйын жылдамдығы 100м /с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30 - 40 км сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т. б. нәрселердің ұшуы адамдарға қауіп тудырады. Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар.
Мұғалім: жол жүргенде, жай уақыттың өзінде адамдар теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүргені дұрыс. Гидрометорталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні, сел, су тасқыны, жер сілкіну қауіп қатері туралы тұрақты алдын ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда алдын алу шаралары жүргізіледі.










































Тақырыбы: Кітап оқитын адам-табысты адам
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру;
мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: кітаптар туралы қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, кітаптар
көрмесі

Барысы:
Кітап - заманымыздың өмірі, кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап дүниетанымды кеңейтіп рухани жан дүниені оятады. Ертегі, әңгімелерімен сыр шерткен кітап – ақылшың.

Кітап та алма ағашы –
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар және оқулықтар – білім көзі, рухани қазына.

Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде – ақ бүкіл адамзаттық мәдениетпен таныса бастаймыз. Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды. Алға басқан сайын кітап біздің айнымас
досымыз болып қала береді.
Кітап жанның елшісі, кітап теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді.
Білімімізді молайтады. Кітаптан көп үлгі – өнеге, тәрбиелік әсер аламыз.

Олай болса, бүгінгі екінші сынып оқушыларының дайындығымен
Өткелі отырған «Кітап - асыл қазына» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Тәрбие сағаты « Кітап – білім бұлағы», « Білім көзі кітапта», « Өлең - сөздің патшасы» бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезең бойынша біздің оқушылар осы орталық кітапханамен тығыз байланыста, үнемі кітап алып оқиды. Сондықтан осы кітапханамен байланыста болғандықтан кітапханашы Ақерке тәтелерінің өзінің оқырмандарына қоятын бірнеше тапсырмалары бар.
Тапсырмалар кітапханадан алып оқыған кітаптардан беріледі.
Алдарында тұрған шарлар жарып, ішіндегі тапсырмасын орындаймыз.

Екінші кезең бойынша оқушылар сұраққа жауап береді.
Білім көзі кітапта

1. Қазақтың үш биін ата.
2. Қазақ даласында мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім?
3. Абай атамыздың әжесі кім?
4. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата.
5. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
6. Қазақтың аты аңызға айналған қаһарман батыр кім?
7. Жыл атауынан құр қалған жануар?
8. 22 - қыркүйек қандай мереке?

Өмір мәні – өнер менен білімде
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әрі ақылшың, рухани қазынаң,
Құнды байлық баға жетпес бұл өте – деп,
Келесі кезең «Өлең – сөздің патшасы».
Оқушылар бұл кезеңде кітап туралы тақпақтарын айтып, көрініс көрсетіп,
өлең айтады.

1 - оқушы: Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкін,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.
2 - оқушы: Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
3 - оқушы: Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің,
Ауадай қажет бейне бір,
Татпасаң нәрін шөлдерсің.
4 - оқушы: Кітабың – сенің құралың,
Жағар білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
5 - оқушы: Сөйлесіп өзің менен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін.
Шешіліп кейде достай сырласады.
6 - оқушы: Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірмей бір бетке.

Көрініс: « Науқас кітап».
Ән: « Болайықшы осындай»
Көрініс: « Кітап мұңы»
Ән: « Мен әдепті баламын»

Мұғалім: Сонымен, балалар, бүгінгі « Кітап – асыл қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Енді біз рухани байлық кітапты құрметтеп, ұқыпты ұстаймыз.
















«Біз бәріміз бірдейміз»

Балалардың қарым - қатынас нышандарын дамыту
Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру;
- топты біріктіру;
- сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.

1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет.
Жүргізушіге ұсыныс: танысу кезінде топтағы оқушылар орындарында отырып сөйлей береді, сөйлеу кезегі шеңбер бойымен жүзеге асады. Бұл жаттығу қатысушыларды байсалдық пен салмақтылыққа бағыттап, олардың әрқайсысының ұжымда бейімделуіне септігін тигізу керек. Тіпті қарапайым танысу да басқа адамдар туралы көптеген ақпараттар бере алады.
2. Сабақтағы мінез - құлық ережелерін өндеу.

3. Сабақтың өту барысы: жүргізуші сабақтағы мінез - құлықтың бірнеше ережелерін ұсынады. Сонымен қатар, бұл ережелердің бәріне, мұғалімге де, оқушыларға да бірдей екендігін ерекше атап өтеді:
1. Қарым - қатынастағы сенімділік. Біз өз тобымызда бір бірімізге сенуіміз керек және де «сен» деп тіл қатуымыз керек.
2. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар болмайды. Сенің білдірген әрбір ойың дұрыс болып табылады.
3. Сабақты басқа біредің мінез - құлқын немесе қылықтарын талдайтын, сынып сағатына айналдыруға болмайды. Айтылған мәселелер мен өмір жағдаяттарының құпиялылығын сақтау қажет.
4. Қарым - қатынастығы шынайылық. Топпен бірге жұмыс істеген кезде әрқайсымыз болып жатқан оқиғаға қатысты шын сезімімізді, яғни тек қана шындықты айтамыз. Егер де шындықты айтқымыз келмесе, онда біз үндемей отырамыз. Мұндай жағдайда, өзіңнің не ойлайтынынды айтпасаң, онда үндемей қалған дұрыс.
5. Топтағы басқа адамдардың сөзіне баға беруге болмайды, егер ол сеннен сұрамаса. Топтағы жағдайды талқылаған кезде біз оқушыларды емес, ал олардың іс - әрекеті мен мінез - құлқын ғана бағалаймыз. Біз «Сен маған ұнамайсың» - деген пікірді қолданбаймыз. Біз барлығымыз бірдейміз!
6. Сабақта болған жайттарды, бір - біріміз туралы ойларды сабақтан тыс уақытта талқыламауымыз керек. Сабақтағы болған нәрселердің бәрі біздердің ортақ құпиямыз болып қалсын.
7. Сөз сөйлеп жатқан адамды сыйлау. Топтағы оқушылардың біреуі сөйлеп жатқан кезде оның сөзін бөлуге болмайды, біреуден бір нәрсе сұрағанда сол адамға қарап сөйлеу керек.
8. Сабаққа белсенді қатысу. Біз белсенділік танытамыз, қараймыз, сезінеміз, өз - өзімізді, топтың басқа мүшелерін және тұтастай топты тыңдаймыз. Біз тек өзімізді ғана ойламаймыз. Біз үнемі топпен біргеміз, басқаларға ықыластымыз.
9. Топтың тұрақты құрамы. Ешкім сабаққа кешігіп келмеуі тиіс.
Жүргізушіге ұсыныс: осы ережелерді топтың әрбір мүшесіне түсінікті етіп, нақтылай түсіндіру, қатысушылар тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап беру. Содан кейін оқушылар тарапынан ұсынылған ұсыныстарды талқылау. Барлық қатысушыларға өз ойларын білдіруге мүмкіндік беру.
Ережелерді қабылдау дәстүрі: жүргізуші жоғарыда ұсынылған ережелерді ұстанатынына «салтанатты түрде ант» береді және сабаққа қатысушыларға дәл солай істеуді ұсынады. Кейін, әрбір сабақтың басында бұл ережелерді еске түсіріп тұру қажет.

4. «Жел кімге қарай соғады?» ойыны
Ойынның барысы: оқушылар үлкен шеңбер бойына тізіліп отырулары шарт. Ал, ойынның жүргізушісі «Жел кімге қарай соғады?» деген сөздермен ойынды бастайды. Яғни, келесідей: «Жел жануарларды жақсы көретіндерге қарай соғады»- сол кезде, топтағы барлық жануарларды ұнататын балалар ортаға жиналады. Топтағы оқушылар бір - бірін жақынырақ танып білу үшін, ойын барысында қойылатын сұрақтар әртүрлі болуы мүмкін.
«Жел бойы ұзындарға қарай соғады», «кімнің достары көп», «кім сабақты жақсы оқығысы келеді», «кім мектепке келуді ұнатады» және тағы басқалар.
Ойын ойнау барысында әрбір қатысушыға басқаларға сұрақ қоюға мүмкіндік беру үшін, жүргізушіні ауыстырып отыру қажет.

5. «Шеңбер» ойыны.
Ойынның барысы: балаларға бір - бірінің қолдарын ұстап, шеңбер құрып тұру ұсынылады. Сонымен қатар, шеңбер бойымен тұрған балалардың әрқайсысы өзіне қарсы тұрған баланың көзіне қарап, жылы жүзбен күлімсіреу керек.



































































Сабақтың тақырыбы: «Өз-өзіңе абай бол!»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол

 ережесіне арналған кітаптар.

 

 Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

 

 Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

 

 ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1.                 Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                                         Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен, (Автобус)                                                     Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

 3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

  5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

  6.     Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

 

  Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

 

 

 

 Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Диана  :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

 

 Ән: Бағдаршам

1.     Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

 

 Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

 

 Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

 

 Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

 

 Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

 

 Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

 

 Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

 

 Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

 

Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

 

Инспектор Рақымжан:

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 

Бағдаршам Қалдымұрат:

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 

Бағдаршам Дәурен:

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

 

Диана:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі Манар :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

 

 Тыйым салу  белгісі Қасымхан:

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

 

 Міндеттеу белгісі Томирис :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

 

 Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 

Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

 

 Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

 

 

 

 

 

 

 














Cабақтың тақырыбы: Әдептілік әлемі
Cабақтың мақсаты: Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу.Мақал - мәтел арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру. Отан жайлы әнді орындату барысында өз еліне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту.
Cабақтың әдіс - тәсілі сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру.
Cабақтың көрнекілігі сиқырлы кілемше, киіз үйдің макеті, гүлдер, Ойыншықтар, жүректің суреті.

Cабақтың барысы
Балалар әдемі әуенмен қолдарына гүл алып кіреді.
Әдеп сақтап әрқашан
Әрбір адал адамға,
Жасасаң бір жақсылық
Қайтарады саған да.
Шаттық шеңбері Қане, балалар тұрайық
Шаттық шеңберін құрайық.
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік.
Әдепті біз баламыз
Бірге ойнап күлеміз.

Тәрбиеші: әдептілік жайлы слайд көрсетеді. 
Слайдтағы ата, әже, әкешеше, бала сөздерін үш тілде айтады.
Жарайсыңдар, балалар! Балалар, сендер әдептілік әлеміне барғыларың келе ме? Олай болса, кілемшеге отырайық. Осы кезде жай музыка қойылады. Балалар көздерін жұмып, кілемшемен ұшады. Музыка тоқтап, балалар көздерін ашып, әдептілік әлеміне келеді. Есіктің алдында жануарлар отырады. Олар да әдептілік әлеміне барғылары келеді екен. Ол есікті ашу үшін біз бір – бірімізге әдепті сөздер айтуымыз керек. Балалар кезекпен әдептілік жайлы сөздер айтады. Сиқырлы есік ашылып,
Жануарлар да балалармен ішке кіреді. Сол кезде өзін - өзі тану пәнінің кейіпкері Махаббат күтіп алады.
Балалар, сендер жолдан шаршаған шығарсыңдар? Енді ойын ойнап бір сергіп алайық.

Ойын ‹‹ Дос - досымен ››.
Балалар, мен мынадай жүрекше көрмеп едім, сендер ше?
Ақ түсті ( плакатта жүректің суреті көрсетіледі )
Олай болса осы жүрекке жан бітірейікші. Енді жүрекшеміз қандай түске боялды? (қызыл )
Тәрбиеші әдептілік туралы әңгіме айтып береді. Балалар Махаббатпен,
Жануарлармен қоштасып кілемшеге отырып келіп отырады. Көздерін жұмып, Отан туралы, қаламыз туралы, Отанымыздың байлығы туралы елестетеміз. Отан жайлы мақал – мәтелдер, тақпақтар айтылады.
Сұрақ - жауап арқылы іс - әрекетті қорытындылау.
Ән ‹‹ Қазақстан››.








Сабақтың тақырыбы:Досымның бос уақыты

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік :Достық туралы түсінік беру, лексикалық тақырып бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру ; 
Дамытушылық: сөйлесім әрекетінің түрлерін жүйелі қолдануға дағдыландыру, сөздік қорларын бақылап тілдесім қабілеттерін дамыту, 
Тәрбиелік: бүгінгі сабақты өмірдегі жағдаяттармен салыстыру арқылы әдептіліке, мәдениеттілікке, адамгершілікке , үлкенді сыйлауға тәрбиелеу 
Сабақтың түрі: аралас сабақ, 
Сабақтың формасы: жұптық, жеке оқушымен. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап. 
Көрнекілігі: тест тапсырмалары, карточка, деңгейлік тапсырмалар, тех құралдары 
Пәнаралық байланыс: өмірмен, өзін-өзі тану пәнімен 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгендеу. Сабаққа деген ынталарын байқау, бағыттау. 
Үй тапсырмасын сұрау. Білімді жан-жақты тексеру. 
Өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтарына жауап алу. 
ІІ. Жаңа сабақ өту. 1. Меңгеретін сөздер: жақсы көреді – любит, жүгіремін – побегу, жаттығу – упражнение. 
2. Сөздікпен жұмыс. 
1. Жаңа сөздерді оқушыларға түсіндіру. 
2.Жаңа сөздерді оқу, аудару. 
3. Сөздермен сөз тіркесін құру. 
3.Сөздермен сөйлем құрау. 
3. Мағлұмат беру. 
ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР 
ЖУАН А О Ұ Ы Э У 
ЖІҢІШКЕ Ә Ө И Ү І Е Я Ю Ё 

1- тапсырма . Сурет бойынша сөйле. 
Суретте кім бейнеленген? Ол не істеп отыр? 
2- тапсырма . Суреттердің орнына керекті сөздерді қойып жаз. 
Мен таңертең тұрамын, ашамын. орындаймын. Содан кейін . Күндіз , . Қыста және тебемін. Жазда суға шомыламын. 
3 -тапсырма. Мәтінді оқы, аудар 
Менің інім бар. Аты - Олжас. Ол кішкентай. Інім сурет салады. Мен ініме кітап оқимын. Біз бірге ойнаймыз 
. 4- тапсырма . Сөздерді буынға бөліп оқы. 
са-ры, қо-ңыр, қы-зыл, 
сыз-ғыш, то-ғыз, ал-ты 
5- тапсырма. Сергітуді тыңдап, жаттап ал 
Қолды белге қояйық, 
Басты оңға бұрайық. 
Басты солға бұрайық. 
Бір отырып, бір тұрып, 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз демалып қалайық. 
6- тапсырма. Қазақша амандасып және қоштасып үйрен. Сәлеметсіз бе! Сау болыңыз! 
Сабақты бекіту. 
1.Досың бос уақытында не істейді? 2. Сен бос уақытыңда немен шұғылданасың? 


«Компьютер дос немесе жау?»

Мазмұны. 

1.Кіріспе

2. « Оқушыға компьютер не үшін  қажет?» зерттеу.

2.1.Компьютер  менің сыныптастарым арасында қаншалықты танымал?

2.2.Компьютерлік ойындарға әуестігі туралы ата-ананың ойы ?

2.3.Компьютер оқуға қалай  әсері етеді?

2.4.Адамдарға компьютердің әсері қаңдай?

3.Қорытынды.

4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша

  1. Оқушыларға арналған сауалнама.

  2. Ата-аналарға арналған сауалнама.

  3. Компьютер денсаулықты кері әсерін тигізбеу үшін кеңестер.

  4. Офтольмолог дәрігердің ұсыныстары сіздің көзіңізді сақтауға

көмектеседі!«Біле бер,қанша білсең –тағы тіле  Жетерсің мұратыңа біле ,біле» Жүсіп Баласұғын 

Кіріспе

 Компьютерлер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды.

Ол біздің өміріміздің барлық салаларына кірді және өмірімізді бұл ақылды машинасыз көру мүмкін емес.

Біз,  балалар  үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді.

Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді.Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино  көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер,тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейне жазбаларды  да көру мақсатында пайдалана аласыз. Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді .Мысалы , арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып ,өзіңіз жаңа күйлер  мен    саздар құрастырып , клиптер енгізіп , айта берсек , өз әуендеріңізді  компьютерде орындай да аласыз.

Жұмыс  істеп тұрған  компьютер өз айналасында толқын  ұзындығы 1,5м болатын  электромагниттік  өріс құрайды ,сол өріс аясында түскен адам зиянды ультракүлгін сәуле әсеріне ұшырайды.Осындай сәулелердің  тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар , микротолқынды пештер, теледидар және     радиоқабылдағыштар саналады . Осындай құралдарды компьютер тұрған     жұмыс бөлмесіне  орналастырып , оларды пайдалану дұрыс емес , өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін  зиянды  әсері радиация тәрізді  бірте-бірте қосыла келе көбиіп отырады.Компьютер алдында  ұзақ отырғанда,  көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды  балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы,  құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді.

Компьютердің алдында отырғанда үнемі ересек адамдардан еститініміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Менде мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты  ғой!!!» Бұл сұраққа алған жауабым: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең  қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу.

Сонымен, компьютер дегеніміз не? Денсаулық үшін зиянды нәрсе немесе заманауи дос және көмекші.

Қызықты компьютер балаға қалай әсер етеді? Қандай ойындар ойнауға болады? Қайсысы болмайды? Компьютер алдында қалай отыру керек? Ол жау болмау үшін —  зерттеу жүргізуді шештік:барлық компьютерлік ойындар – жау ма, әлде біздің бақытымызға орай достары да бар ма екен? Ойындар сабаққа көмектесе ме ,әлде кесірін тигізе ме?

Зерттеудің мақсаты: Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу. Компьютердің, компьютерлік ойындардың  бала ағзасына

қауіпін зерттеу.

Біз сұрақтарға жауап алғымыз келді:

  • біздің мектебіміздің балалары компьютерді қандай мақсатпен қолданады?

  • Қандай ойындар ойнайды?

  • Қанша уақытын компьютерге жұмсайды?

  • Компьютерлікдің адам ағзасына әсері туралы көзқарастары қандай?

  • Компьютер сабаққа көмектесе ме?

  • Ғылыми дәлелдемелер бар ма, бұл мәселені дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын, әлде бұл тек ересек адамдардың ойлары ма?

  • Біз келесі мәселелерді қойдық:

  • Компьютерлердің шығу тарихын білу.

  • Бұл машиналардың шығу мақсаты қандай?

  • Сауалнама арқылы сыныптастар арасында қандай ойындар атақты және оған қанша уақыт жұмсайды?

  • Компьютерлік ойындардың адамға әсері жайында ақпарат табу.

  • Сыныптастарыма зерттеудің нәтижелерін көрсету.

Зерттеудің болжамы: Біз ойлағандай, егер де біздің замандастар компьютерді тек ойын үшін қолданып, уақытты зая кетірсе, онда көзі көруі және денсаулығы бұзылады, ата-анасымен қарым-қатынастары нашарлайды, оқу үлгерімдері төмендейді.

«Компьютер»-латын сөзінен аударғанда «санау, шығару» дегенді білдіреді.Ол механикалық есептеуіш машиналармен салыстырғанда мың есе шапшаң жылдамдықпен санайды. Бірақ, бұл есептеуіш электрондық машиналар қандай үлкен болады? Олар орналасқан бөлмелер,үлкен залдар айналасы ақ жәшіктермен қоршалған. Бірнеше оң мыңдаған электронды шамдар өте көп цифрларды өңдеді. Шамдар орнына транзисторлар келді, компьютер бөлмемен бірдей болды.Қазіргі компьютерлердің элементтік базасы  микросхемалармен  ауысып, үстелдің үстіне немесе шалбар қалтасына сыйып кетеді. Алғашқы дербес компьютерлер АҚШ-та 1976 жылы пайда болды.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдықта кішігірім компьютерлер өзінің дамуында үлкен жол істеп келді. Ақпаратты жөндеп және тез жұмыс істей бастады. Үлкен есептеуші жүйелердің дамуы супер компьютерлердің жасалуына әкелді. Олардың өндіргіштігі жоғары, мысалы, ірі жер сілкіністерін моделін  есептеуге қабілетті. ХХ ғасырдың соңында адамзат әр түрлі компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктерін  біріктіре алатын «Интернет» деп аталынатын ауқымды ақпараттық  жүйені қалыптастыру кезеңі басталды.

Оқушыға компьютер не үшін қажет?

Қазіргі заманда компьютерлер көп жанұяларда бар. Оны  қалай қолданады? Заманауи сән секілді қажет пе? Ол жұмысқа қажеттілік етеді ме? Осы сұраққа  жауап беру үшін біз информатика пәнінің мұғалімі көмегімен, 5-7-сынып оқушылары арасында  сауалнама өткіздік. Сауалнамаға 213 оқушы қатысты. Сауалнама сұрақ- жауап түрінде өткізілді. Осындай нәтиже болды.

сыныбы

Сұрақ қойылған оқушылар саны

Жеке компьютер

лері бар

 

Интернет бар

 

Білім алуға қолданады

 

Ойын үшін қолданады

 

 

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

оқушы

%

5 сынып

59

39

66

30

51

17

29

32

54

6 сынып

73

48

65

43

59

18

24

41

56

7 сынып

81

37

45

34

42

15

19

48

59

барлығы

213

124

58

107

50

50

23

121

56
















Құралған кесте бойынша 213 оқушылардан сұралды. 124 оқушыда жеке компьютер бар, 58 оқушы білім үшін қолданады. Ол  23 пайыз құрайды. Қалғандары ойын үшін қажет екен немесе әр түрлі фильмдер және достарымен әңгімелесу үшін қолданады.Компьютер жоқ оқушылар барлық уақыттарын достарына, туысқандарына барып компьютер алдында отырады.

Зерттеу нәтижесі бойынша көбіне оқушылар компьютерді ойын үшін қолданады.






































Сабақтың тақырыбы: «Сыпайылық-адамгершілік айнасы»


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әдептілік, инабаттылық сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: 1. Әдептілік, инабаттылық, сыйластықтың адами қарым - қатынастағы мәнін ашу.
2. Ізетті, сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
3. Әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, Абай, Шәкәрім шығармалары, мақал - мәтелдер жинағы, жетондар.

Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері: Оқушылар өткен сабақтағы өзара сыйластық қарым – қатынастардың адам өміріндегі мәнін түсіндіру мақсатында бір - біріне жақсы сөздер айта бастайды: Қайырлы күн! Алланың нұры жаусын! Күннің шапағатына бөлен! Әр күнің нұрлы болсын! Көктем шуақты болсын! Сәттілік тілеймін!

2/. Ойланайық, пікірлесейік.
1. Әдептілік – адамгершілік бастауы дегенді қалай түсінесің?
2. Өз әрекетіңнен немесе досыңның әрекетінен ұялған кезің болды ма?
3. Сәлем – сөздің анасы дегенді қалай түсінесің?
4. Әдеп пен құқықтың байланысы бар ма?
5. Әдеп отбасынан басталады дегенге қалай қарайсың?

3. Мәтінмен жұмыс.
а/. М. Әуезовтің «Абай жолы»эпопеясындағы отбасы әдебі туралы түсінік беру./Мәтіннен үзінді слайдтан көрсетіледі /.... Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді шешесі анадай жерде тұрып: - Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді.
Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі - үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырдың мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. ( М. Әуезов. “Абай жолы”)

ә/. 2 - мәтіннен үзінді оқулықтан алынады/... Ата - енеңді ренжітпе, жерге қаратпа. Енеңнің қолынан бейнетін ал. Байқаймын, олар да өзіміз сияқты момын адамдар көрінеді. «Отымның алды, суымның тұнығы,- деп енең байғұстың көрген беттен - ақ саған еміренгенін айтсаңшы. Енді қайтсін, бұл шаңыраққа тұңғыш түскен келіні екенсің. Сол ниетінен табыла көр, балам.»

4. Дәйексөз. Оқушыларға әдеп, адамгершілікті сипаттайтын сөздер жазылған жетондар таратылады. Оқушылар жетондағы сөздерге байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер айтады. Жетондағы сөздер тізбегі: Әдеп, сыпайылық, қамқорлық, үлкенді сыйлау, кешірім, сәлем беру, сөйлеу әдебі, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
1. Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.
2. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.
3. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады./Абай/.
4. Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен.
5. Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен - кішіні сыйлау - инабаттылық көрінісі.
6. Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.
8. Жақсы кісі кешірімді болады.
9. Жұтпай тұрып шайнап ал, Сөйлемей тұрып, ойлап ал.
10. Қарапайымдылық - моральдық сұлулықтың басты шарты.
11. Кішіпейілділіктің жетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.

5. Жағдаятты талдау. а/. Арман бір топ баламен сабақтан келе жатқаны сол еді, аулада отырған үлкен кісілер:- Осы бала жақсы бала, түбінде жақсы азамат болады,- деп мақтай жөнелді./Арман туралы бұл пікірдің қалыптасуының сыры неде?/
ә/. Оқушылар екінші жағдаятты өздері құрастырады./Өмірден мысал келтіріңдер/.

6. Жаңа ақпарат. Мұғалім әдептілікке инабаттылық, сыпайылық, ізеттілік, көркем мінездер, қарапайымдылық, тәрбиелілік жататындығы туралы, ал әдепті адам - адамгершілігі бар адам, демек әдеп - адамгершілік бастауы екендігі туралы сөз етеді. Әдеп пен салт - сана сабақтастығына мысал келтіре отырып әңгімелейді. ҚР - ң Конституциясынан, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінен үзінді келтіре отырып, әдептің тәртіп нормалары, құқық нормаларының бастауы екенін түсіндіреді.

7. Тыныштық сәті. Оқушылар өз еркімен көздерін жұмып, ойша «Әдеп» кемесіне отырып, «Адамгершілік» ауылына сапар шегеді.

8. Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік әліппесін»құрастырыңдар.
Әдептілік

Сәлемдесу
Жол беру
Ата - ананы тыңдау
Жай сөйлеу
Үлкендердің әңгімесіне араласпау
Үлкендерді сыйлау
Қамқорлық жасау

9. Жүректен – жүрекке./ Оқушылар жүрекшеге әдептілікке байланысты тілектерін жазып, бір - біріне тапсырады.
Өрескел болма! Тәртіпті бол! Ибалы бол! Кешірімді бол! Үлкенді сыйла! Үлкеннің алдын кесіп өтпе! Қатты күлме! Үйге жүгіріп кірме! Кішіпейіл бол!














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!