СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сынып сағаты 1 мамыр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып сағаты 1 мамыр

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты 1 мамыр»

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі» КММ


Қаралды: __________

МДТЖО Бисембекова С.















«Бірлігіміз жарасқан»

атты мерекелік іс-шара сценарийі













Жауаптылар: Сүлейменова А.Е.










2017-2018 оқу жылы


Мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру;

  • Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

  • Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, ұлт өкілдерінің суреттері, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер.


БАРЫСЫ:

1 – жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 – жүргізуші: «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік іс - шараға қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші: 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

2 – жүргізуші: Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

1 – жүргізуші: Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен тығыз байланыстамыз.

2 – жүргізуші: Ал сіз білесіз бе бұрын бұл мереке бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
1 – жүргізуші:

Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!- дей келе 1 сынып оқушыларының орындауында орыс ұлтының биін тамашалайық.

2 – жүргізуші:. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады. Бүгінгі іс-шарамыз сыныптар арасындағы сайыс ретінде өтеді. Сондықтан қатысушыларымызғы сәттілік тілейік!

1 – жүргізуші: Іс шарамызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын қарсы алайық.

МДТЖО Бисембекова Сұңқар

Ауыл әкімдігінің бас маманы Ибраева Шолпан

1 – жүргізуші: Сайысымыздың бірінші сынағы: Таныстыру. Әр сынып алдын ала қай халықты көрсететінін таңдады.

Бірінші болып 4 сынып оқушылары қазақ ұлтын таныстырады.

5 сынып – татар ұлты.

6 -7 сынып – тәджік ұлты.

8 сынып – корей ұлты.

9 сынып – испан ұлты.

2 – жүргізуші: Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Осы мен саған бір сұрақ қойғым келеді. - Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

1 – жүргізуші: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

2 – жүргізуші:
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.
Биік ұшып, самғасын.
Тілегімді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын. - дей келе мектепке дейінгі даярлық тобының өнерін қарсы алайық. «Чунга чанга» биі

1 – жүргізуші: Келесі сынағымыз – халықтардың музыкалық өнерін көрсету. Бірінші болып 4 сынып оқушылары қазақ ұлтының ұлттық биін көрсетеді.

5 сынып татар ұлтының ұлттық биін тамашалаңыз.

6-7 сынып тәджік ұлттық биі.

2 – жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр – дей келе 2 сынып оқушыларының өнерін тамашалайық. « Хатуба» биі.

1 – жүргізуші: Халықтардың музыкалық өнерін көрсетуде келесі нөміріміз 8 сынып оқушыларының орындауында корей ұлттық биі.

9 сынып оқушыларының орындауында испан ұлттық биін тамашалаңыз.

2 – жүргізуші: Сәбилер зәресін бұлт алмасын,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдансын – дей келе 3 сынып оқушыларының өнерін қарсы алайық.

1 – жүргізуші: Сайысымыздың келесі және де соңғы сынағы халықтардың салт-дәстүрін көрсету.

Бірінші болып 4 сынып оқушылары қазақ ұлтының салт–дәстүрімен шығады.

5 сынып оқушылары татар ұлтының салт–дәстүрімен шығады.

6 - 7 сынып тәджік ұлтының салт–дәстүрімен шығады.

8 сынып корей ұлтының салт–дәстүрімен шығады.

9 сынып испан ұлтының салт–дәстүрімен шығады.


2 – жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасы ортақ шешімдеріне келгенше оқушылардың орындауында үш тілді «Миллиондаған дауыс» деген әнін қарсы алайық!

1 – жүргізуші: Әділ қазылар алқалары өз шешімдерін жасады. Марапаттауға сахнаға шақырамыз.

2 – жүргізуші 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

1 – жүргізуші: «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!





















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!